Туған өлкенің
табиғатын аялау, қорғау – озық қоғамның
алғышарты.
Қоғам мен табиғат бір-бірімен
тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған
орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі
мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен
қарай білу қоғамның да алға қарай дамуына
негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы
болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек
етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз
етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір
адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін
қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған
бұлақ сол табиғаттың бір бөлегі екенін
ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын
сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты
қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік
саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен,
экологиялық жағдайымен танысудың маңызы
зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану
және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік
ғажайыптары» деген кітап
3. «Орталық Қазақстан»
газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті
тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
4. Тарихи – географиялық
энциклопедия.
Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер
ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және
өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын
қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]
Табиғатты қорғау - бұл табиғи
жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып,
сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз
етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,
әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік,
экономикалық және заңды шаралар жүйесі.
Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау
және ұтымды пайдалану. Қазақстан
Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты
қорғауды күшейтуге, республикамыздың
табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған
бірқатар заңнамалық
актілер қабылданып, пайдаланылуда.
Әрбір облыстардың жанында осы актілердің
орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер
бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы
құрылды. Ол Қазақстан Республикасының
табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын
қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік
ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі
бірегей құрамды флоралар мен фауналары
бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға
арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар,
ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын
аумақтар. Қазақстан Республикасында
2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар
деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи
ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау
мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға
орналасқан.
Табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану шаралары
Жер бетіндегі тіршілік иелері
атаулылар қорегі және энергияның негізгі
көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын
ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін
негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң
жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда
табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан
бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз
үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі.
Сондықтан республика ғалымдарының алдына
өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары
температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға
төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын
шығаруды тездету міндеті жүктелуде. Солтүстік
Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл
шектеу факторларының бірі топырақты
шаңға айналдырып, жеңіл ұшыратын жел
эрозиясы болып табылады. Мұндай жерді
жыртқан кезде топырақтың жыртылатын
құнарлы қабатын жел ұшырып әкетеді. Атап
айтқанда академик А. И. Бараев Қазақстанда
топырақ өңдеудің эрозияға қарсы топырақ
қорғайтын қайырмасыз жырту жүйесін жасап,
кеңінен пайдалануда. Бұл жүйеге сәйкес
жырту кезінде топырақ қабатын аудармай,
арнаулы сыдыра қопсытқыш (плоскорез)
арқылы өңдеп, тек арамшөптердің 4 - 5 см тереңдіктегі тамырын
қияды, мұндайда өсімдік (паясы) аңызында
кесілген сабақтар тік қалпында қалады.
Сөйтіп топырақ құрылымы сақталады да,
шаңға айналмайды. Топырақты осылай өңдеген
кезде ауаға шаң көтерілмейді. Осы технологияның
арқасында Қазақстан жыртылатын жерді
сақтап, Қазақстанның солтүстігінде астықтан
жоғары түсім алуға қол жеткізді.[2]