Жоспар
І.Кіріспе
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Қоршаған ортаны қорғау
2.2. Экологиялық құқық бұзушылық белгілері
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Табиғатты пайдалану мен қорғау
негіздері
Біздің
еліміздің табиғат байлықтары орасан
зор, олар халық қажетін қанағаттандыру
әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің
бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты
мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс
пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да
сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын
қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның
табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің
табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану
мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың
өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы
комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде
табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға
және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар
белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16
маусымда Қазақ КСР Жоғарғы КеңесіПрезидиумының «Қазақстан
табиғатын қорғау» туралы
жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды,
суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар
мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ,
сирек ландшафтылар және тағы басқаларды
қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша
арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат
байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың
құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын
қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы
ережелер бар.Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы
туралы» Жарлығы
- 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды.
Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан
Республикасының экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық
дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың
кешені айқындалды.Табиғатты қорғау мәселесіне
қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық
табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша
әр елде табиғат қорлары мен табиғатты
қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету
қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің
түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған.
Мұнда аңның 21
түрі және осы
тектес түрдегі кездесетін аңдар мен
торғайлардың 8 түрі көрсетілген,
оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын
көбейтудің барлық шаралары қолданылады.
Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің
түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.Табиғатты
қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың
екі бағыты бар: мемлекеттік
және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт
тиісті
заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен
анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт
өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық
ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты
қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажет¬\тілігі.
Республика табиғатын қорғау ісіне барлық
азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты
қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың
ішінде Қазақстанның Табиғат ко¬митеті
көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты
қорғау саласындағы ғылыми мекемелер
мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір
мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық
дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады.
Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс
істейді.Табиғат қорғау саласында әсіресе
қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі
ерекше. Олардың көмегімен республикада
жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар
ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің
түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер
жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын»,
«Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған.
Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының» штабтары
құрылды, республикада «мектептік орман
шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика
табиғатын корғауға тікелей қатынасып,
әр азамат материалдық жөне эстетикалық
маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге
өз үлесін қосады
Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған
ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау
және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның
өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз
етуге бағытталған мемлеккеттік және
қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған
ортаны қорғау туралы” Заң1997 жылы
5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай
қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге
зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық
әр алуандылықты сақтауға және табиғатты
оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі
туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997)
қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін
ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау
және табиғатты пайдалануды экологияландыруға
көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан
Республикасының осы стратегияны басшылыққа
алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді
және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”,
“Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”,
басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар
актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны
қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы
түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны
қорғауға қарағанда табиғатты қорғау
ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.Қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі халықаралық
және республикалық ұйымдарҚоршаған ортаны
қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен
Ұлттар Ұйымы) үлкен
үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне
БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған
мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық
және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық
экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық
экономикалық комиссия),Халықаралық
еңбек ұйымы (MOT), Білім беру,
ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі
Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық
реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы
жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық
теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік
метеорологиялық ұйым (ВМО) және
т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған
ортаны қорғау
мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық
орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы,
(ЮНЕП) жүзеге
асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші
органы болып табылады. 1975 жылы өзінің
қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған
ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі
алты міндетті айқындады: елді мекендер
және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық
жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы;
мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.ЮНЕП үш
деңгейде жұмыс істейді:Бірінші деңгейде
коршаған ортаның бәсекелес мәселелері
жөнінде және осы салада атқарылып жатқан
шаралар жөнінде ақпарат береді.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған
ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады,
осы баяндамалардан аталған ақпараттар
алынады.Екінші деңгейде жекелеген елдерге,
халықаралық үкіметтік және үкіметтік
емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік
көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге
асырудың міндеттері мен стратегиясын
белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар
мен олардың орындаушылары туралы мәселелер
шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін
әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.Одан
әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар
мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау
қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке,
яғни қаржылық көмектін бағдарламанын
түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты
ықпал ете алатындығына байланысты болады.
Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда
ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба
бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен
тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.ЮНЕП
өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат
қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған
ортаның аса ауқымды
мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас
бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша
ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама
жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты
химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі
құрылды.Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты
дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді.
Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік
кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып
табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын
200-ден астам халықаралық үкіметтік емес
ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған
табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың
Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды
қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды
қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын
қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз
мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде
1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік
туралы" келісімге қол қойылды. Бұл
келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды.
Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық
экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ
қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау
ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық
ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның
құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі
бөлім құрылған.Қазақстанда қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік
және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық
үкіметтік емес экологиялық "Гринпис"
ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік
орган Табиғат ресурстары мен қоршаган
ортаны қорғау министрлігі болып табылады.
Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат"
экологиялық одағы, "Невада-Семей",
"Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті
сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар
экология мен мәдениет үшін" азаматтық
қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы)
және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес
экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін
атап өтуге болады.Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң
алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық
заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған
ортаны қорғауға байланысты мемлекет
белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша
жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке
орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын
жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық
құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және
заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым),
мемлекеттің экологиялық құқықтары мен
заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен
бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің
нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа
қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік
түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық құқық
бұзушылық белгілерін қарастырайық:
Құқық бұзушылық кінәсінің
болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған
құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы,
ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін.
Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды
заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал
судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда
болуы мүмкін.Құқық бұзушының құқыққа
қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың
және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.Экологиялық
құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі
қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды
тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық
құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін
нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің
болуын қарастырады.Құқыққа қарсы әрекет
пен келтірілген зиян арасындағы себепті
байланыстың болуы.Құқық бұзушыға заңды
жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану
белгілері қолданылады.
Экологиялық
құқық бұзушылық жасалған уақытта,
әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі
мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне
көп аспектілі зиян келтіріледі.
Экологиялық зиянның болуы экологиялық
құқық бұзушылықтың болуына парапар
келеді. Бұл зиян бірден байқалмай,
ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген
зиянның орнын толтыру мүмкін
емес. Экологиялық зиян табиғаттың
жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық
құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық
16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы,
мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер
немесе объектілерді қасақана жойғаны
немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады.
Экологиялық құқық бұзушылық
әр түрлі болады. Олар келтірілген
зиянның сипатына қарай мынадай
түрлерге бөлінеді:қоршаған табиғи ортаны
және жекелеген табиғи объектілерді
(орман, су, жер қойнауы және т.б.)
ластау;табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу,
жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа
енгізілген жануарларды жою, орманды
ағын сулармен құрту және т.б.);табиғи
қорлардың азып-тозуы;табиғи ресурстарды
тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы,
суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).
Қорытынды
Сөз соңында айтарымыз,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды
ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге
негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің
сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен
жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді
пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын
мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық
бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім
келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің
айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы
болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына
бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер
– Анамыздың алдындағы үлкен парыздың
орындалғаны болар еді.