Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 17:16, лекция
Табиғатты пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттестіктің бірі болып табылады. ҚР Экологиялық кодексінің 10 б. 1 п. сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. Ол қоршаған табиғи ортаның адам және қоғамға пайдалы қасиеттерін экологиялық, экономикалық, мәдени-сауықтыру, адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін алу болып табылады.
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Табиғатты пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттестіктің бірі болып табылады. ҚР Экологиялық кодексінің 10 б. 1 п. сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады. Ол қоршаған табиғи ортаның адам және қоғамға пайдалы қасиеттерін экологиялық, экономикалық, мәдени-сауықтыру, адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін алу болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада табиғи қорларды ұсыну және қайтып алу (сатып алу) тәртібін, пайдалану шарттарын, табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Табиғатты пайдалану құқығы субъективті мағынада - бұл нақты табиғатты пайдаланушының табиғи қорды игеру және пайдалану бойынша экологиялық заңнамамен бекітілген құзіреттіліктерінің жиыны.
Табиғатты пайдалану объектілері ретінде табиғи ресурстар - жер, жер қойнауы, су телімдері, жануарлар және өсімдіктер әлемінің объектілері саналады.
Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері табиғатты пайдаланушылар болып табылады.
ҚР Экологиялық кодексінің 1 б. 71 п. сәйкес табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. (Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар - ластаушы заттарды шығару, лақтыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қоршаған ортаға шығару, зиянды физикалық әсерлер, күкіртті қоршаған ортаға ашық түрде шығару және сақтау (ЭК 1 б. 43 п.)).
Табиғатты пайдаланушылар бола алады:
Табиғатты пайдаланушылардың тағы бірнеше жіктемесін көрсетуге болады.
Ұлттық табиғатты пайдаланушыларға ҚР азаматтары және қазақстандық, соның ішінде шетелдік қатысумен, заңды тұлғалар, ал шетелдік табиғатты пайдаланушыларға - шетелдік азаматтар, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық одақтар мен ұйымдар жатады.
Табиғатты пайдалану құқығының мәні - бұл табиғатты пайдаланушыларға заң бекіткен тәртіпте ұсынған және өзара байланысты болатын табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құзіреттіліктерінің жиынтығы.
Табиғатты пайдалану құқығының мазмұнын табиғатты пайдаланушының құқықтары мен міндеттері құрайды.
Барлық табиғатты пайдаланушылар үшін жалпыға бірдей құқықтар болып табылады:
- табиғи ресурсты мақсатқа сәйкес пайдалану құқығы;
-шаруашылық немесе тағы басқа іс-әрекет амалдарын өз бетінше таңдау құқығы;
- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін алуға немесе сатып алуға байланысты келтірілген шығынды өтеу құқығы;
- табиғи қорды пайдалану процесіне заңсыз араласудан қорғану құқығы және т.б.
Табиғатты пайдаланушылар міндетті:
- табиғи ресурстарды мақсатқа және оларды ұсыну шарттарына сәйкес пайдалануға;
- шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетке қойылатын экологиялық талаптарды, қоршаған орта сапасының нормативтерін, қолданыстағы стандарттарын және техникалық шарттарын сақтауға;
- ұсынылған табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және басқа табиғатты пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
- табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғау және қалпына келтіру үшін бекітілген төлемді уақытында төлеуге;
- қоршаған ортаны қорғау облысында бақылауды жүзеге асыратын органдардың талабы бойынша қажетті ақпаратты ұсынуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тағы басқа талаптарды орындауға.
Табиғатты пайдалану құқығы субъектілерге келесі негізде беріледі:
- табиғи ресурстарды пайдалану және алу, қоршаған ортаны қорғау облысында іс-әрекеттің дербес түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиялар мен (немесе) рұқсаттар;
- табиғи қорларды табиғатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңдары бекіткен тәртіпте беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
- Қазақстан Республикасының заң актілері бекіткен тәртіпте жасалатын табиғатты пайдалану келісімдері (келісім-шарттары).
Табиғатты пайдалану құқығы әртүрлі негізде тоқтатылуы мүмкін. Табиғатты пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
- табиғатты пайдаланушының табиғатты пайдаланудан өз еркімен бас тартуы;
- табиғи ресурсты мемлекеттік қажеттілік үшін қайтып алу;
- табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзімнің өтіп кетуі;
- аталған табиғи ресурсты пайдалану аймағында тұратын адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнуі;
- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану ережелерін жүйелі түрде бұзуы;
- табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты заңнамада немесе табиғатты пайдалану рұқсатында көрсетілген мерзім аралығында пайдаланбауы;
- заңды тұлғаның - табиғатты пайдаланушының жойылуы;
- физикалық тұлғаның - табиғатты пайдалануышының өлімі;
- табиғи ресурсты пайдаланғаны үшін бекітілген төлемдерді жүйелі түрде төлемеу;
- табиғатты пайдалану рұқсатында арнайы айтылған, олар бола қалған жағдайда табиғатты пайдалану құқығының тоқтатылуы қарастырылған тағы басқа шарттардың туындауы.
Қорытынды:
Табиғатты пайдалану құқығы
объективті мағынада табиғи ресурстарды
ұсыну және қайтып алу (сатып алу)
тәртібін, пайдалану шарттарын, табиғатты
пайдаланушылардың құқықтары
Табиғатты пайдалану құқығы субъективті мағынада - бұл нақты табиғатты пайдаланушының табиғи ресурсты игеру және пайдалану бойынша экологиялық заңнамамен бекітілген құзіреттіліктерінің жиыны.
Табиғатты пайдалану құқығы келесі ұстанымдарға негізделеді:
1) Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басымдылығы ұстанымы. Бұл ұстаным табиғатты пайдаланушы табиғатты пайдалану құқығын жүзеге асыру барысында, ең алдымен, тұлғаның экологиялық мүдделерін, жеке тұлғалардың өмір сүру және денсаулық үшін жайлы қоршаған ортаға құқығын, содан соң ғана өз мүдделерін ескеруі қажет екендігін білдіреді.
2) Қоршаған ортаның ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени мәні бар биологиялық әртүрлілігі мен объектілерін қорғауды қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, егер шаруашылық және тағы басқа іс-әрекет саласында табиғи ресурстарды пайдалану кезінде аталған объектілер кездесетін болса, онда оларға: сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған жануарлар мен өсімдіктерге, табиғи ескерткіштерге және тағы басқа айрықша қорғалатын объектілерге ерекше назар аударылуы қажет.
3)Табиғатты пайдаланудың мақсаттылық ұстанымы. Мемлекет табиғи ресурстарды жеке табиғатты пайдаланушыларға анықталған мақсаттар үшін ұсынады, олар міндетті түрде табиғатты пайдалану құқығы рұқсаттарында белгіленеді. Мысалы, азаматқа жер телімін пайдалануға беру кезінде мақсат - шаруа қожалығын басқару - әкімшілік беретін жерді пайдалану құқығы актісінде көрсетіледі. Ұсынылған табиғи ресурстарды мақсатсыз пайдалану заңнаманы бұзу ретінде қарастырылады және табиғатты пайдалану құқығын тоқтатуға және қайтарып алуға әкеліп соқтырады.
4) Табиғи ресурстарды орынды пайдалану, қалпына келтіру және олардың тұтастығы ұстанымы. Бұл ұстанымның мәні, табиғатты орынды, ойластырып, үнемді пайдалану, жойылған табиғи ресурстарды, мүмкіндік болса, қалпына келтіру немесе тең бағалы өтем жасау міндеттілігі. Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды қалпына келтіру өзара үздіксіз байланыста болуы қажет: тек сонда ғана табиғи ресурстарды қорғау мүмкін болады.
5) Табиғатты пайдаланудың ғылыми негізделгендік ұстанымының мәні, табиғи ресурстарды пайдалану табиғаттың даму заңдылықтарына сүйенеді, экономикалық және экологиялық мүдделерді біріктіреді.
6) Табиғи ресурстың ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Табиғатты пайдалану табиғи объектілердің және ресурстардың өзіне тән ерекшелігін - қалпына келу мүмкіндігін (өсімдік және жануарлар әлемі), қалпына келмеуін (пайдалы қазбалар) ескере отырып жүзеге асырылуы қажет және т.б. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық тұрғыда рұқсат етілетін шектері, шаруашылық және тағы басқа іс-әрекетті жүзеге асырудың шектеулері, нормативтері және ережелері бекітілуі қажет. Мұндай жағдайларда лимиттеу және квоталау қолданылады. Оларды қолдану себебі, өкінішке орай, табиғи ресурстардың басым бөлігі таусылатын және тіпті қалпына келмейтін болып табылады.
Табиғатты пайдалану лимиттері мен квоталары табиғатты пайдаланушылар үшін табиғи ресурстарды анықталған мерзімде шектік пайдаланудың (алудың), қоршаған табиғи ортаға шығарылатын және лақтырылатын ластаушы заттардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың бекітілген көлемдері болып табылады.
Лимиттердің екі түрі бар:
Квоталар да екі түрге бөлінеді:
Қазақстан
Республикасының Үкіметі
ҚР
Үкіметі табиғи ресурстардың саны жойылуға
жақындаған жағдайларда табиғатты
пайдалану лимиттері мен
9) Арнайы табиғатты пайдалануды лицензиялау ұстанымы.
Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған табиғи ортаға кез келген қауіпті болуы мүмкін әсер рұқсат ету тәртібі бойынша жүзеге асырылуы қажет, яғни табиғатты пайдалануға рұқсат немесе лицензия алу қажет.
Табиғатты пайдалану құқығын лицензиялау - мемлекет табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыра алатын тәсіл, ол табиғатты пайдалануға рұқсат беру арқылы орындалады.
Табиғатты пайдалану рұқсаты табиғатты пайдаланушыға қоршаған ортаны қорғау облысында арнайы өкілетті мемлекеттік орган беретін және табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарды пайдалану (алу), қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару және лақтыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру құқығын куәландыратын, табиғатты пайдаланудың нақты мерзімдері мен көлемдері, нормалары, шарттары және қолданылатын технология көрсетілген құжат болып табылады.
Табиғатты пайдалану рұқсатында әдетте мыналар бар:
- табиғатты пайдалану рұқсатының иесі туралы мәліметтер;
- табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
- табиғи ресурстың сипаттамасы;
- табиғатты пайдалану рұқсатының жарамдылық мерзімі және табиғатты пайдалану операцияларының басталу уақыты;
- табиғатты пайдаланғаны үшін төлем шарттары;
- табиғатты пайдаланудың түрлері, өлшемдері, көлемдері және тәртібі;
- табиғатты пайдалануға рұқсат алған тұлғаның міндеттері;
- тағы басқа қажетті мәліметтер.
Табиғатты пайдалану рұқсаттарын (лицензияларын) үш түрге бөлуге болады: