Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 12:59, реферат

Описание работы

1.Табиғат ұғымына анықтама
2.Ресурстардың жіктелуі
3.Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Файлы: 1 файл

СӨЖ-10 экология.docx

— 20.89 Кб (Скачать файл)

Нүкебай Гүлназ

ШТ-19

Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде

1.Табиғат ұғымына  анықтама

2.Ресурстардың жіктелуі

3.Табиғи қорларды  пайдаланудың жалпы инженерлік  шаралары.

1. Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын  бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.            

 Адам шарушылық  қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық  әсерін тигізеді.           

 Адам мен табиғат  арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті  және сонымен қатар тұтас  күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.           

 Адам күрделі  «табиғат-қоғам» жүйесінің бір  бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы  да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру  үшін қазіргі кезеңде немесе  болашақта қолданылатын табиғи  ортаның құрауыштары мен табиғи  құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.            

 Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.           

 Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді. 

 

2.Ресурстардың  жіктелуі.

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазба байлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.             

Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.           

  Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 см қалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда-  0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.           

 Салыстырмалы  түрде қалпына келетін ресурсқа  табиғи ресурстардың маңызды  түрлерінің бірі орман ресурстарын  да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.             

Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.       

 Сарқылмайтын  ресурстардың жердегі қоры пайдаланған  сайын азаймайды,ал табиғи ортадан  алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи  процестердің нәтижесінде орны  толмайтын ресурстар сарқылатындарға  жатады.           

 Ресурстардың  ішінен судың орны ерекше. Су  ластану нәтижесінде уақытша (сапалық  жағынан) сарқылады,бірақ сандық  сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері  өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе  түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында  таралуы әртүрлі.           

 Табиғат ресурстарының  сарқылу мәселесі жылдан-жылға  өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл  олардың мөлшерінің шектеулілігіне  және оларды пайдаланудың артуына  байланысты.           

 Б.Скиннердің  мәліметтері бойынша халық санының  қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды  пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі  еселену керек.

Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.           

 Көміртегінің  қосылыстарынан тұратын ресурстарды  пайдалану жылдамдығы ерекше  назар аударады.Себебі,олар энергия  мен көптеген азық-түлік алудың  негізгі көзі болып табылады.Сонымен  қатар,оларды пайдалану ғаламдық  мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық  жаңбырлар және т.б. туғызатын  атмосфераның ластануымен тығыз  байланысты.           

 Қазіргі кезде  табиғатта миллиондаған жылдар  барысында жиналған жанғыш қазба  байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының  біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды  пайдаланудың қазіргі жылдамдығы  сақталса, онда барланған мұнай  қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50 жылға,көмір - 70-80 жылға жетеді.           

 Ең көп пайдаланылатын  металдарға қатысты (темір мен  алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша  қазір бірінші орында (алюминейден  кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері  аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді  қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің  қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл  газымен ластану негізінен технологиялық  процесте кокстың пайдаланылуымен  байланысты. 

3 Табиғи  қорларды пайдаланудың жалпы  инженерлік шаралары.                

 Адамзат табиғи  қорларды, олардағы шикізат көздерін  зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында  тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың  айналымы немесе антропогенді  айналым деп аталады.                

 Табиғаттағы  зат айналымы тұйықталған тізбек  бойымен іске асады. Ал қор  айналымын немесе антропогенді  тұйықталған тізбек бойымен іске  асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден  буланған су қайтадан жауын-шашын  түрінде қайта оралса, шахтада  өндірілген көмір, қайтадан көмір  түрінде шахтадағы кенге келіп  қосылмайды.                

 Табиғи қорларды  тиімді пайдалануда ғылым-техника  саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді  пайдаланады.                

 

 

 Жалпы инженерлік  шараларға төмендегілер жатады:

1.Қоршаған ортаны  жүйелі түрде пайдалану және  сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.                

 Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге  асады.

2.Биосфераны оптимизациялау.

3.Табиғатты пайдалануды  оптимизациялау.                

 Өнеркәсіп салалары  мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін  жоспарлы түрде, белгілі мақсат  үшінмемлекеттік дәрежеде шешу  жолдары.

4.Шикізат өндіру  қарқынынан алынатын өнім қарқынының  өсуі.

5.Жаратылыс дүниелері  мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық  жүйелер немесе геотехникалық  жүйелер құруы.

6.Өндірісті шоғырландыру.

7.Өндірісті экологиялық  қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны  пайдалану жатады.

 

 


Информация о работе Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде