Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 11:47, реферат
Менің бұл жұмысымды Қазақстандағы табиғат ресурстарына арнап жазып отырмын.
Табиат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.
КІРІСПЕ 2
1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері 2
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 2
2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 4
3. Қазақстанның қазба байлықтары 5
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 10
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындагы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланылады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап ресиубликамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяң, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі ғана — Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденнің өнеркәсііітік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ) және Қаратаудың ваннадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда тарлаған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сурьманың бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Майңайыңның, Шыңғыс тауының пюлиметалл кендерінен, Саяқ, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезңазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Табиғат ресурсы жұмысымды аяқтай келе осы тұжырымға келдім
Қазақстан
республикасының табиғат
Бұл жұмыстың
бірінші кезеніңде орындалатын
– табиғат ресурстарын
1. Ашмова Т.А., Хаскмн ВВ. Экология — М-Юнити, 1998.
2. Әділов Ж. Қала және қоршаған орта. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған көмекші құрал. — Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Баешов А, Дәрібаев ЖЕ, Шакиров Б.С. және т.б. Экология негіздері — Түркістан: Яссауи Түркістан университеті, 2000.
4. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология оқу құралы. — Абай атындагы АлМУ. — Алматы: 1999.
5. Бшалмев А.Б., Мухаметжанов Х.М. Генетика и окружающая среда. Учебное иособие — Алматы: Наука, 1996.
6. Бродскмй А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. — Алматы: Ғылым, 1997.
7. Воронков Н.А. Экология общая, социальная, прикладная. — М.: Агар, 1999.
8. Вронсшй В.А. Экология. Словарь-справочник. — Ростов-на Дону: Феникс, 1999.