Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 16:25, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі : Тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарға бай мемлекет болып табылады.Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
I.Табиғи реурстарды тиімді пайдалану бағыттары
II.Табиғи ресурстарды тиімдң пайдалаудағы халықаралық ынтымақтастық
III.Шетелдердегі ресурстарды пайдалану бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ.
Пайдаланылған әдебиеттер
III.Шетелдердегі ресурстарды пайдалану бағыттары.
Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты.
Шетелдердегі ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттары:
-толық алу;
-кешенді өндіру;
-үнемді пайдалану
Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан.
ХХ ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады (2-қосарбеттегі картаны қараңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі.
Деректерге сүйенсек,дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мұнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен.
Мұнай өндірудің анықталған қоры казіргі кезде дүниежүзі деңгейінде жалпы 40 жылға жетеді деп болжам жасалуда. Бұл көрсеткіш ОПЕК елдері бойынша орташа есеппен 77 жылды құрайды. Сонымен қатар аса ірі ендіргіш елдерде керсеткіш қорлардың қамтамасыз етілуіндегі орташа деңгейінен жоғары. Мысалы, бұл көрсеткіш Сауд Арабиясында шамамен 80 жыл Кувейт пен Біріккен Араб Әмірлігінде 100 жылдан астам және т.б. Көмірдің сапалық кұрамы айтарлықтай маңызға ие, оның ішінде кокстелетін көмір ерекше бағаланады. Мұндай көмірдің үлесі Аустралияда, Германпяда. Қытайда және АҚШ-та аса мол. Көптеген елдердегі экологиялык проблемалардың шиеленісуіне және табиғат қорғау шараларының қатаңдануына байланысты кемірдің күкірттілігіне басты назар аударылуда. Дүниежүзіндегі тас көмір өндіру, шамамен, 3,5 млрд т деңгейінде. Соңғы жылдары бірқатар өндіріс жағдайы нашар және ендірілетін кемірдің айтарлықтай белігінің күкірттілігі жоғары елдерде таскөмір өндірісі күшті дағдарыска ұшырады, соның нөтижесінде бұл елдер көмірді сырттан сатьш алуға кешті. Көмір экспорттаушы аса ірі елдер катарына Аустралия, Канада, ОАР, Колумбия сияқты мемлекеттер кіреді.
Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшілігі дамыған елдерде шоғырланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ , Германия және Аустралия алдынғы орында. Қоңыр көмір өндірудің арзандығы (тек қана ашық әдіспен), онын төмендігіне қарамастан, салыстырмалы түрде арзан электр энергиясы алуға мүмкіндік береді. Тас- көмір өндірісімен салыстырғанда қоңыр көмір өндіруде дағдарыс байқалған жоқ.
Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Энергетикалык ресурстардың шектеулі монополиялы сипат алуы ХХ ғасырдың 70-жылдары энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігіне, әсіресе мұнайдың, ш рілуіне, соның салдарынан әлемдік экономика дамуышы қаркықны өзін-өзі жоғалтты. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі де айтарлықтай деңгейге жетті. Дәл осы кезде алғашкы әлемдік ресурстардың саркылуы жөнінде қоркынышты болжамдар өмірге келді."Ресурстық жомарттық" дәуірінен әнергияны тиімді пайдалану дәуіріне өту басталды.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Бабақұлы Н, Тәуелсiздiк,
нарық, экономика.- Алматы,2004
2. Жатсанбаев К. Аралас
экономика негiздерi.-Алматы,2002
3. Мұқаұлы С. Табиғат
пайдалану экономикасы.-Алматы,2005
4.Мейiрбеков А.К. Табиғи
ресурстар ,Саясат,2005.-5
5. Сатыбалдин С. Табиғат
байлығына егеменділік және оның экономикадағы
орны.-Алматы,2003
6. Экономикалық теория
негiздерi .- Алматы,1999
7.Суханбердин Х. Жер
қойнауы-табиғи ресурстардың сарқылмас
көзі
8. Шүкіров К. Жалпы
экономикалық теория негіздері.-Алматы,2007
9. Мауленова С. Экономикалық
теория.-Алматы, 2004
10. 4.Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология оқу құралы.
11. Бейсенова.Ә; Самақанова.А. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» ,Алматы 2004 жыл.
12. Асқарова.О.Б. ,"Экология және қоршаған ортаны қорғау"
13. Жаттамбаев.Ж.Ж. ,"Экология негіздері" Алматы ,2004
14. . Әлімбеков. «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері»
Информация о работе Табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы халықаралық ынтымақтасытық