Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 15:03, доклад
Жаңа технологиясыз адамзаттың ілгері дамуы мүмкін емес. Техниканы пайдалану кезінде, сонымен қатар, оның технологиялық есеп ауытқуы, кемшіліктермен ақаулықтары болуы мүмкін. Апаттардың арасындағы адам құрбандарының саны жағынан жетекші орынды техногенді апаттар алады. Егер техногенді және табиғи апаттарды салыстырсақ, табиғи апаттар жайлы қазіргі кезде адамзат жорамалдауды үйренді, ал техногенді апат тап басыңа жай түскендей болады.
УДК 574.581.5
ТЕХНОГЕНДІ АПАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАРДАПТАРЫ
Нурманова Ақжарқын Дарханқызы, akjarkin_00@mail.ru
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-техникалық институты
Ғылыми жетекшесі – А.Булашева
Жаңа технологиясыз адамзаттың ілгері дамуы мүмкін емес. Техниканы пайдалану кезінде, сонымен қатар, оның технологиялық есеп ауытқуы, кемшіліктермен ақаулықтары болуы мүмкін. Апаттардың арасындағы адам құрбандарының саны жағынан жетекші орынды техногенді апаттар алады. Егер техногенді және табиғи апаттарды салыстырсақ, табиғи апаттар жайлы қазіргі кезде адамзат жорамалдауды үйренді, ал техногенді апат тап басыңа жай түскендей болады. Саны жағынан техногенді апаттар табиғи апаттарды басып озды. Чернобыльдік АЭС - әлемдегі ең ірі техногенді апаттардың символы.
ООН мәліметтер бойынша, техногенді апаттар - апатқа ұшырағандардың саны жағынан дүлей апаттардың ішінен үшінші орында. Бірінші орында гидрометеорологиялық апаттар, мысалы, су тасқыны және цунами, екінші орында –геологиялық (жер сілкінісі, сел ағындары, вулкандардың атқылауы және т.б.)
Техногенді апаттар адамдардың жаңа технологияны ойлап тапқаннан кейін ізінше пайда болды. Ұқсас оқиғалар - технологиялық ілгерілік үшін төленбей қалмайтын өтем. «Технологиялық (техногенді) апат» мағынасы толық шешілмеген сөз тіркесі. Белгілі, технологиялар - бұл аяқ киім, көлік және электроэнергия өндірістеріндегі әдісі ғана емес. Егер осы түсініктің барлық жалпы анықтамаларын қоссақ, арнайы әдебиеттерде шашыраңқы мол мәліметтерден технологиялар деп – көпшлікпен мақұлданған, әлеуметтік нәтижелілігіне және білім жағдайына шартталған, қоғаммен қойылып бекітілген мақсатқа жету әдісі. Осы мағынада, технологиялар адамзаттың пайда болған кезеннен басталды, сондықтан антропологтардың тас немесе қола дәуіріндегі технологиялар деп бекер айтылуы емес. Шынында, технология мекендеу ортасына үстемдік ететін барлық жандылардың табиғи ілгерілеуіне және минималды болса да, тіршілік үшін күресте қысым көрсетуін жалғастырып жатыр. Демек, технологиялық апаттар тек қана біздің дәуірде ғана емес сонымен қатар бұрынғы өткен ғасырда да болған.
Технологиялық жүйелердің ауытқулардан туған технологиялық апаттарды - катаклизм деп атайды. Бұл ретте тек қана кездейсоқ және кездейсоқ емес ауытқулар, онымен қоса ақаулықтар және сынықтар ескеріліп, ойда болмаған және жағымсыз зардаптардың штаттық қызмет көрсетуі де кіреді. Мұндай анықтама бірден әскери әрекеттердің бұзушы зардаптары секілді, диверсиялармен террорлық әрекеттерді, осы жүйелердің жұмысына әдейі жаман оймен тудыратын басқа да бақытсыздықтарды еңгізбейді. Негізгі себебі кемені металмен қаптағанда шегелеу жұмысының сапасыздығынан болған «Титаниктің» апаты - бұл техногенді апат. Камикадзе-ланкестік әрекетінен болған, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі апат - технологиялық апат санына жатқызбайды.
Технологиялық апаттарды әдетте табиғи апаттарға қайшыластырады, бірақ бұл да дәлелділік талап етеді. Сонында, барлық апаттар, адамзаттың және басқа да әрекеттерінің салдарынан туындайды. Технологиялық (техногенді) апаттар, сонымен қатар, өз негізінде әлеуметтік себептерге ие, яғни техникалық жүйелер адамдармен құрастырылатындықтан, дайындалатындықтан және басқарылатындықтан, олар әлеуметтік негізгі мақсаттарды қамтамасыздандырады. Нәтижесінде, энергетикалық, ядерлі, инфрақұрылымдық, көліктік, экологиялық және әуе апаттары мен қирауларды адамдардың өздері құрастырған және жасаған элементтерін жасауда және функционерлеуде күрделі жүйеде элементтердің қатынастарының келісілмеушілікті тудырады. Бұл апат түрінде техниканың дамуы бойынша барлық күрделі қызметтерді адам факторы атқарады, ол инженерлік есеп ауытқуында, қызметкерлердің қателесінде, құтқару қызметінің нәтижелі көмек көрсетпеуінде анық байқалады. Техникалық жүйенің күш-қуаты, көлемі ұлғаюымен - адамдардың, материалдарды және экологияны жоғалту тәуекелділігін арттырады – бұл технологиялық ілгерілікке төленетін өтем.
«Табиғи» және «технологиялық» апаттарды шектеудің өзі, минимум түрде бірден мүмкін емес. Кей мамандар табиғи және технологиялық катакализмнің апаттық зардаптарын ған айтуды жөн көріп, олардың болуына мүлдем қарсылық білдіреді. Осы ойға сәйкес кез-келген апат ең алдымен осындай бақытсыздықтан адамдарды қорғау міндеттелген әлеуметтік құрылымдардың толықтай жоқтығынан немесе әлсіздіктің, осалдылықтың әсерінен дамиды. Сонда да технологиялық және табиғи апаттарды терминологиялық бөлу жеткілікті түрде жалпы көпшілік мақұлдаған. Ол көптеген халықаралық құжаттарда айқындалған.
Халықаралық Апат Індетін Зерттеу Орталығы Center for Research on the Epidemiology of Disasters (CRED) бірнеше онжылдықтар бойы түрлі апаттардың дерекқорын жинауда. Егер ол ең болмағанда осы төрт белгілердің біреуінде сәйкес келсе онда ол апат деп есептеледі: 10 және одан да көп адам қаза тапқанда, 100 және одан да көп адам зардап шеккенде, жергілікті өкіметтер төтенше жағдайды енгізі туралы жариялағанда және және зардап шеккенде мемлекетке халықаралық көмек сұрағанда. Статистика көрсеткендей 1970 жылдар соңында әлемде техногенді апаттар саны тез ұлғайып кетті. Әсіресе, транспорттық апаттар көбейіп, соның ішінде, теңіз және өзендегі транспорттар. Сонымен қатар, басқа континенттерге қарағанда, Еуропа және Солтүстік Америка елдері мықты транспорттық және өндірістік инфрақұрылымға ие болса да, осы апаттарда зардап шеккендердің көбісі Африка және Азия елдерінде тұрып жатыр.
ООН мен Халықаралық Апат Індетін Зерттеу Орталығының құжаттарында көбінесе техногенді апаттарды негізгі үш түрге бөледі: «индустриальды» (химиялық зақымдар, жарылыстар, радиациялы зақымданулар, басқа да себептермен шақырылған апаттар), «транспорттық» ( әуедегі, теңіздегі, теміржолдағы апаттар және т.б.) және «аралас» (басқа да объектілерде болатын).
Swiss Re сақтандыру компаниясыныңы санағы бойынша 2006 жылы 213 техногенді апат болған. Оқиға апаттық өлшемді қабылдау үшін және осы компанияның дерекқорына енгізу үшін келесі белгілерге сәйкес болуы керек: залал аз дегенде 80$ млн-ды құрауы ( әуе апатында – 32,2 $ млн, транспорттық -16 $ млн. жағдайында), ең аз дегенде 20 адам із түссіз жоғалып немесе қаза табуы, 50-і жаралы болуы; 2 мыңы- баспанасынан айырылуы керек.
2006 жылы ең көп апаттар теңіз транспортында (53 жағдай), жолаушылар кемесінде (43 жағдай), ірі өрттер және жарылыстар (42 жағдай), өнеркәсіп өндірісіндегі апаттар (21 жағдай), әуе апаттары (18). Жалпы есептегенде 2006 жылғы техногенді апаттар 8,7 мың өмірді алып кетті, көбінесе барлық запа шеккендердің өмірін теңіздегі апаттар (3,9 мың), әуе апаттары (940 тан астам), сонымен қатар өрт пен жарылыс әсері (900 ден аса) . Бүтіндей техногендік апаттан 4$ млрд залал келтірді.
Risk Management Solutions консалтингілік фирманың деректеріне сәйкес соңғы онжылдықтарда ірі техногендік апаттардың саны табиғи апаттардың санынан артады, бірақ табиғи катакализмдер әлдеқайда үлкен залал келтіреді. Әдетте табиғи апаттан келетін шығын мөлшерінен техногенді апаттан келетін залал 20% дан артпайды. Қызық, 2003-2006 жылдардағы техногенді апат саны табиғи апаттан асып түсті. Осының өзінде, егер адам азды-көпті болса да табиғи апаттарға бейімделсе,онда құрбандардың саны периодты түрде азаяды, олай болса техногенді апаттардан болатын өлім-жітім саны да тұрақты өсуде.
Қазақстанның техногенді қауіпсіздік мәселесі мен жағдайы.Қазіргі уақытта совет одағының елдері сапалы жаңа өз қауіпсізідігіне шақырулармен кездесіп жатыр.Соның ішінде көкейкестілердің болып инфрақұрылымдық шақыру бірі отыр. Бұл жерде Совет Үкіметінің инфрақұрылымының ескіруі салдарынан, ең төтенше апат, бұрынғы ғарысдың аяғына қарағанда аз уақыттың ішінде он шақты есе көсеткіш көрсеткен ірі көлемде техногенді апаттар пайда болып жатыр.
Бұл байланыста совет одағының елдерімен бірге біртипті құрылымдарға ие Қазақстан алдында ұлттық қауіпсіздік жағдайына әсер ете алатын техногенді апаттардың саяси зардаптары өткір сұрақ ретінде қойылады. Басқаша сөздермен, біздің ел, басқа да ТМД елдері сияқты барлық қлда бар мемлекеттік-саяси, нормативті-басқарушы және ғылыми-техникалық арсеналды нәтижелі қолдана отырып, осы шақыруға дайын болуымыз қажет.
Берілген контекстте Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етідің бағыттарының бірі қауіпті экономикалық және әлеуметтік зардаптарды жоюға, техногенді апаттардың мүмкіншілігін төмендетуге, тұрақты экономикалық өсуге бағытталған қабылданған қажетті шаралар болып табылады. Қазақстан шекарасындағы аймақтық, салалық , нормативті-басқарылатын, әлеуметтік-саяси және ғылыми-техникалық мәселелерді техногенді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуін анықтау ерекше үлкен мәнге ие.
Сондықтан қазіргі мақала шеңберінде біздің еліміздегі техногенді қауіпсіздікті мақсатты түрде зерттеу, сонымен қатар осы сферадағы негізгі мәселелерді айқындау көрсетілген.
Ең көп техногенді сипаттағы ТЖ саны Қазақстанның өндірістік обылыстарында болды, соның ішінде Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысы. Жоғарғы техногендік қолайсыздықтың негізгі себебі ең алдымен, осылардың осы аймақтағы өндіретін апаттылыққа бейімделген Қазақстандағы кәсіпорынның негізгі массасының концентрациясы. Осы себептен елдің ірі өндірістік орталығында Палодар облысында көптеген техногенді ТЖ жағдайлары болды.
Техногенді қолайсыздықтың жоғары көрсеткіші тұрғындары тығыздығымен түсіндірілетін Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысы сияқты ауыл шаруашылық обылыстарында байқалады. Техногенді ТЖ саны жалпы төмендеуі еліміз бойынша 2001 жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан обылыстарында өсе бастады.
Техногенді ТЖ бойынша қолайлы обылыстар қатарына Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау секілді аз тұрғынды обылыстары кіргізуге болады. Бірақ Каспийлік шельфте мұнайды қазу және белсенді өңдеумен байланысты Атырау және Маңғыстау обылыстарындағы соңғы жылдағы техногенді жағдайлар тез нашарлап кету мүмкіндігі де бар.
Техногенді қолайсыздықтың көрсеткіштерінің топ бастаушыларына Алматы қалаcы да кіреді, ол тұрғындардың тығыздығымен және тармақты және күрделі қалалық инфрақұрылымның бар болуымен түсіндіріледі.
Техногенді ТЖ өзіне өзі Қазақстан аймақтарындағы техногенді қауіпсіздігі жағынан қолайсыздық деңгейі және қолайсыздықтың болуы куәландырады.
Қазақстандағы техногенді қауіпсіздік жағдайы толықтай күрделі тынышсыздыққа шақыруын жалғастыруда. Бірінші кезекте бұл Қазақстандағы адамдар қорынна техногенді ТЖ тигізеді. Айтарлықтай маңызы бар бұл жерде техногенді ТЖ кезінде елдің экономикасына алып келетін тікелей материалды зардабы да бар. Осылай, тек 1999-2000 жж, 2001 ж он айы кезінде техногенді ТЖ әсерінен Қазақстанның экономикасына 7,3 млрд, тенгеден астам шығынға алып келді. Бірақ, эксперттердің ойы бойынша шынында шығын мөлшері кейбір объективті себептерге байланысты кей кездері күнделікті тәжірбиеде көрсетілетіннен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Қиын техногенді жағдайлардан құралатын маңызды негативті Қазақстанның экожүйесіне келтіретін орны толмайтын шығындар ретінде айтуға болады. Елімізідің шекарасында тұрғындардың денсаулығына жағымсыз әсер ететін және тірішілік әрекет қауіпсізідігіне қауып төндіретін техногенді ТЖ әсерімен атмосфераның және су қорларының ластануы, үлкен көлемде шөлейттену және құнарлы жерлердің нашарлауы, флора мен фаунаның байлықтарының азаюы және т.б. жағдайлар болып жатыр.
Толықтай, бақыланып отырған позитивті қарқынға қарамастан техногенді қауіпссіздік тәуекел потенциалы еліміздің аймағына қатысты түрленетін баға жоғары деңгейде қалып отыр.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай |
Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар |
Радиациялық қауіпті объектілердегі апаттар |
Өрт және жарылыс қауіпі бар объектілердегі апаттар апаттар |
Көліктегі апаттар (темір жол, автокөлік, әуе, су және метро) |
Гидродинамикалық қауіпті объектілердегі апаттар |
Коммунаолды және электр жүйесіндегі апаттар |
Сурет-1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
Қорыта келгенде, техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару, өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.
Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т.б. апаттар жатады.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері. Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталып отыр. Сонымен қатар қауіпті өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Информация о работе Техногенді апаттар және олардың экологиялық зардаптары