Топырақ құрылымы, түрлері, маңызы және оңтайландыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 22:14, реферат

Описание работы

Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі климатта, аймақ рельефі мен адамның шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының ерекше полифункциональды жүйесі.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Топырақ құрылымы, түрлері.
2.2 Топырақ құрылымының маңызы.
2.3 Топырақ құрылымын оңтайландыру жолдары.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

егинш2атт.docx

— 124.99 Кб (Скачать файл)

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

                          ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Кафедра:


 

 

 

 

   РЕФЕРАТ

Тақ

Тақырыбы: Топырақ құрылымы, түрлері, маңызы және оңтайландыру жолдары.

 

 

                                                                                  Орындаған:

                                                                                  Қабылдаған:

 

 

 

 

                                                  АЛМАТЫ 2012

 
Жоспар 

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

2.1  Топырақ құрылымы, түрлері.

2.2 Топырақ құрылымының маңызы.

2.3   Топырақ  құрылымын оңтайландыру жолдары.

    3.Қорытынды

    4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі  климатта, аймақ рельефі мен адамның  шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының  ерекше полифункциональды жүйесі.

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы  топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық  құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Ал топырақ құрылымы, ол әртүрлі мөлшердегі, пішіндегі, қуыстылықтағы, механикалық және суға төзімді агрегаттардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топырақ құрылымы әртүрлі  мөлшердегі, пішіндегі, қуыстылықтағы, механикалық және суға төзімді агрегаттардың жиынтығын топырақ құрылымы деп атаймыз. Топырақтың мұндай агрегаттарға бөліну қабілетін оның құрылымдылығы дейміз. Морфологиялық сыртқы көрінісіне сәйкес әр топырақтың  типінің өзіне сай құрылымы болады. Топырақтың  құрылымының әрбір топыраққа тән морфологиялық көрсеткіштерінен  басқа оның агрономиялық тұрғыдан сипаты ерекше болады. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтқыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар,құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан  даласының едәуір көп бөлігін  жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел  игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде  Қазақстан жерлерінің көп жерлері  эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ  қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді  өте көп жыртқанның зиян еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді.

Егіншілікте түйіршіктердің мөлшеріне қарай құрылымды ірі  кесекті немесе мегақұрылым- түйіршіктердің  диаметрі 10мм көп болса, макроқұрылым- түйіршіктері 0,25-тен 10мм дейін, микроқұрылым -0,25 мм кіші 3 топқа бөлінеді.Агрономиялық тұрғыдан  топырақтың  бағалы құрылымына ұсақ кесекті түйіршікті, түйіршіктің  диаметрі 0,25-10 мм, суға төзімділігі  жоғары құрылымды жатқызамыз.

Маңызы: Топырақтың құрылымы жоғары болса оны көптеген өңдеу, суару, табиғи ылғылдандыру барысында  сақтауға мүмкіндік береді. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші.        Топырақтың құрылымы оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі. Табиғатта құрылымы жөнді түзілмеген құмдақ және құмды борпылдақ, жеңіл топырақтар және құрылымы қатты тығыздалған бағаналы топырақтар, сонымен қатар құрылымдары жақсы түзілген майда түйіртпекті, жаңғақты, майда кесекті топырақтар кездеседі. Құрылымдары борпылдақ топырақтар құмды аймақтарға тән. Тығыздалған бағаналы құрылымдар керісінше механикалық құрамы ауыр, балшықты, тақырлы топырақтар мен сортаң топырақтарға тән. Кеңестік кезеңде жалпы топырақтану ғылымында, әсіресе топырақ құрылымын жақсарту мәселелеріне көп көңіл бөлген КСРО ҒА-ның акад. В.Р.Вильямс болды. Ол егіншіліктегі негізгі топырақ құрылымын жақсарту үшін егіншілікте ауыспалы шөп танапты жүйені енгізуді міндеттеді. Астық тұқымдас шөптердің тамырлары майда шашақты болып, топырақтың беткі қабатында оның жақсы құрылымын құрайтынын дәлелдеді.

Сортаң топырақ, қоңыржай орманды дала, дала, құрғақ дала және шөлді дала белдемдерінде кездеседі. Сортаң топырақтың құрамында хлоридтер, сульфаттар, натрий, кальций, магний карбонаттары көп болады. Сор топырақтар мен сортаң топырақты шатастыруға болмайды, олардың айырмашылығы сортаң топырақтың беткі қабатында суға тез еритін тұздар жоқ, ондай тұздар кезінде бұл топырақтарда болған. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен топырақ бетіндегі суға тез ерігіш тұздар топырақ бетінен жуылып-шайылып, топырақтың төменгі қабаттарына кеткен. Осы шайылу кезінде тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне қаныққанша сіңіп қалған. Құрғақ кезде бұл топырақтар қатты қатып, өңдеуге мүмкіндік бермесе, ылғал тиген кезде нағыз балшықты қабатқа айналып, су өткізбейді. Осы жайсыз физикалық қасиеттерінің нәтижесінде мұнда өсімдіктер өсіп, өнім бермейді. Сортаң топырақ сорлардың (күшті тұзданған), сортаңдардың (неғұрлым аз тұзданған) негізін құрайды. Сортаң топырқты қолдан жақсартпайынша оларды ауыл шаруашылығына пайдалану тиімсіз.

Қазақстанда сортаң топырақ өте  кең тараған, негізінен терістік және орталық белдемдерде белдемдік  топырақтармен араласып, кешенді  түрде орналасқан.

Құмды топырақ - өзара байланысы жөқ, су өткізгіш, мұзданғанда ылғалдылыкты жинауға бейімделмеген, ылғалды жерге себуге үшін ең жаксы материал, бірақ су бұзып кететіндіктен бекітуді талап етеді.

Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 – 1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 – 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды.

Топырақ бөлшектерінің  құрылымы. 
1.Құрылымсыз,шаң-тозаңды,борпылдақ.  
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.  
3.Дәнді,түйіртпекті,диаметрі-1-5мм.  
4.Жаңғақоты   құрылым,5-10мм. 
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі 1-2 мм-ге жетеді.

С. И. Долгов және П.У.Бахтиннің  мәліметтері бойынша топырақтың құрылымдық сапалық көрсеткіштері  мынадай сандық өлшеммен бағаланады:

  • Өте жақсы құрылыс-70 % жоғары
  • Жақсы- 70-55 %
  • Қанағаттандырарлық-55-40%
  • Қанағаттанғысыз- 40-20%
  • Өте нашар құрылым-20%
  • Суға төзімді- 10 % - 0,25мм аз.

Топырақтың пайда болу процесінде топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады.Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады.  
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В.В Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады.

Топырақ құрылымы – топырақтың жетілген кезде көлемі мен пішіні, құрамы әр түрлі болатын жеке бөліктерге (құрылымдық бөліктер, агрегаттар) бөліну қабілеті. Топырақ құрылымы түзілген кезде өсімдік тамырлары мен топырақтың коллоидтарының жабысқақтық қасиеті үлкен рөл атқарады. Әрбір бөліктің топырақ ұнтақтары қарашірінді мен өсімдік тамырлары және кейбір топырақта жәндіктер (жауын құрты) әрекеттері арқылы бір-біріне жабысып, әр түрлі топырақ агрегаттарын түзеді. Мысалы, жауын құрты топырақты өсімдік қалдықтарымен бірге өз денесінен өткізу арқылы суға оңай берілмейтін капролитті құрылым құрайды. Топырақ құрылымы. топырақтың ауа мен су алмасу режимінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды, сондықтан топырақ құнарлылығын арттырудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оның құрылымы бірнеше рет өңдеу жүргізгенде, сонымен қатар хим. және микробиологиялық процестердің нәтижесінде бұзылады. Жыртылған топырақтың құрылымын сақтап, одан әрі жақсарту үшін көп жылдық шөп себіледі және басқа да агротехникалық шаралар жасалынады. Топырақ құрылымы мен топырақтың су сыйымдылығы, су өткізгіштігі, өңдеуге пісіп-жетілуі, топырақ эрозиясына шыдамдылығы, тағы басқа тығыз байланысты. Табиғатта құрылымы жөнді түзілмеген құмдақ және құмды борпылдақ, жеңіл топырақтар және құрылымы қатты тығыздалған бағаналы топырақтар, сонымен қатар құрылымдары жақсы түзілген майда түйіртпекті, жаңғақты, майда кесекті топырақтар кездеседі. Құрылымдары борпылдақ топырақтар құмды аймақтарға тән. Тығыздалған бағаналы құрылымдар керісінше механикалық құрамы ауыр, балшықты, тақырлы топырақтар мен сортаң топырақтарға тән.

               Егін шаруашылығында топырақ құрылымын арттыру жолдары:

      Топырақ құрылымы топырақтың ауа мен су алмасу режимінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды, сондықтан топырақ құнарлылығын арттырудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оның құрылымы бірнеше рет өңдеу жүргізгенде, сонымен қатар химиялық және микробиологиялық процестердің нәтижесінде бұзылады. Жыртылған топырақтың құрылымын сақтап, одан әрі жақсарту үшін көп жылдық шөп себіледі және басқа да агротехникалық шаралар жасалынады. Топырақ құрылымы мен топырақтың су сыйымдылығы, су өткізгіштігі, өңдеуге пісіп-жетілуі, топырақ эрозиясына шыдамдылығы, тағы басқа қасиеттері тығыз байланысты. 

  1. Қарашіріндінің микроорганизмдерге энергия көзі болатын  органикалық заттармен топырақты байыту. Органикалық тыңайтқыштарды, мысалы көң, құс саңғырығы.

  1. Ауыспалы егістіктерде көп жылдық екпе шөптерді қолдану қажет.

  1.  Топырақтағы кальций мен магний  мөлшерін көбейту оны әк, гипс ендіру арқылы жүзеге асыру. 

  1. Қуат үнемдеу техникасын қолдану.
  2. Топырақты өңдеуді минимализациялау, яғни азайту.
  3. Топырақтың шайылуын азайту үшін оның су өткізгіштігімен  су сыйымдылығын аттыру.
  4. Дақылдарды суғарудың  тиімді әдістерін қолдану.
  5. Топырақтың жоғары қабілетінің құрылымын арттыру үшін жасанды, экологиялық қауіпсіз синтетикалық полимерлерді қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Топырақ – жер беті организмдері мен тау қыртыстарының әр түрлі  климатта, аймақ рельефі мен адамның  шаруашылық әрекетінің қарым-қатынасының  ерекше полифункциональды жүйесі.

     Соңғы жылдары  ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен  жоғарғы өнім алу мақсатында  жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді  интенсивті пайдалану топыраққа  қосымша кері әсерін тигізді.  Әсіресе адамдар жер бетіне  көп өзгерістер жасады. 

Сайып келгенде, құрылымы жоғары топырақ шаңданған, құрылымсыз немесе құрылымы төмен топырақтан ауыл шаруашылығы  үшін әрқашан оңтайлы көрсеткіштермен  ерешеленеді. Құрылымды топырақта  түйіршіктер аралығында жеткілікті түрде ірі қуыстар болады. Топырақ  құрылымының  жел және су эрозиясымен  күресудегі маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н. Құспанов. Топырақ. Өсімдік. Тыңайтқыш. Алматы – Қайнар –1976 ж
  2. 1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005
  3. 2. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2006

 

 


Информация о работе Топырақ құрылымы, түрлері, маңызы және оңтайландыру жолдары