Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2015 в 08:57, реферат
Описание работы
Қазақстанның көптеген аймақтарындағы экологиялық жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың топыраққа, суға, ауаға түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр.
1.Қоршаған ортаның экологиялық факторлары 1.2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы 1.3 Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу 1.4. Биотикалық факторларға адаптация 1.5. 1.5. Факторлар және олардың айырмашылықтары
2) Топикалық байланыс-(грекше
топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға
негізделген байланыстар.
3) Форикалық (латынша форас-
сыртта)- бұл байланыс бір ағзаныцң басқа
ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда
болады.
Экологиялық
факторлар әсеріне организмдердің жалпы
заңдылықтары
Экологиялық факторлардың организмге
әсер етуі мен оған организмнің реакциясы
бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу
факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір
факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар
күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы,
жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын
төмендетеді.
Ю.Либихтың «Минимум»
заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде:
шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор
(қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің
күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа
факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл
заңның өмірде практикалық маңызы зор.
Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын
біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат
ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар
организмнің факторлар жиынтығына деген
ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады.
Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік)
заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі
ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін
аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар
тобына жатады (грекше эури- кең, биос-
тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін
ағзалар стенобионттар
деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты
түрлер қолайсыз экологиялық орталарда
қалыпты тіршілігін жалғастыра береді.
Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға
жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні,
колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық
көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты
түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.
Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер
ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға
әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын
элементтерді экологиялық факторлар деп
атайды.
Экологиялық факторлар абиотикалық,
биотикалық және антропогенді болып бөлінеді.
1.5. Факторлар және
олардың айырмашылықтары
Абиотикалық
факторлар
Жарық, температура, ылғалдылық,
топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым,
атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың
құрамды бөліктері.
Жарық.
Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін,
инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер
болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер
аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені
онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін
және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін,
D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде
мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін
сәулелердің басым бөлігі озон қабатында
шағылысып, жерге жетпейді.
Көзге көрінетін сәулелер –
фотосинтезге энергия беретін, жердегі
тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл
сәулелер – жылу энергиясының көзі. Өсімдіктерге күн сәулесі
фотосинтез үшін энергия көзі болғаны
үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне
байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш),
сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті
гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып
бөлінеді. Жануралар күндіз немесе түнде
белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді.
Олар үшін жарық – тіршілік белсенділігінің
уақытын анықтайтын фактор.
Жарықты талап етуіне байланысты
өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде
тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай,
биік белдеулерде тіршілік ететіндер)
деп екіге бөлінеді.
Фотопериодизм – өсімдіктер
мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына
байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер
көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты
реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі
температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты
кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм
құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың
түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің
негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік
ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы
көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады.
Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың
көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың
ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек
жұмыртқа салуына да әсер етеді.
Температура. Ортаның температурасы
ағзаның температурасына әсер етеді, яғни
ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық
химиялық реакциялардың жылдамдығына
әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С аралығында
тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың
қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура
шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі
қалуы мүмкін) ең төменгі температура
шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар,
сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.
Температураға байланысты ағзаларды
криофилдер (температурасы төмен жерлерді
мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары
орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.
Ағзалар екі жылу энергиясының
көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу
энергиясын немесе жердің ішкі жылуын
және ішкі – ағзада зат алмасу барысында
бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу балансын реттеуде
басым қолданатын энергия көзіне байланысты
оларды пойкилотермді және гомойтермді деп
бөледі.
Биотикалық факторлар
Тірі ағзалардың бір-біріне
(популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар
арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі.
Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз
және протокооперация), мутуализм, комменсализм,
түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік,
жыртқышты, аменсализм, нейтрализм.
Биотикалық факторлар ағзалар
арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да
тікелей немесе жанама әсер ете алады.
Өсімдіктердің бір-бірімен
және тіршілік орта жағдайымен әрекеті.
Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен
азаюына әкелетін, бір түрге жататынөсімдіетердің
арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері
мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық,
ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады.
өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын
сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі.
Жануарлар мен өсімдіктердің
бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар
өсімдікпен қоректене отырып, олардың
өсуін тежейді. Бал арасы жабайы аралар
өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен
қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің
жемісін және тұқымын жануарлар арқылы
таратады (жаңғақты тиіндер т.с.с.), жәндік
қоректі өсімдіктерді жәндікпен қоректенеді
(шыбынжұт, шылқылдақ).
Жануарлардың бір-бірімен және
тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе
бірнеше түрге жататын ағзалар тіршілік
ресурстары үшін өзара бәсекелестікке
түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда қоректік
факторларға ғана емес, басқа да (мінез-құлық,
мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың
жетуспеуіне байланысты бәсекелестік
тууы мүмкін.
Саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустардың өсімдіктермен,жануарлармен
және тіршілік ортасымен әрекеті. Симбиотикалық
бактериялар өсімдіктермен және қоректік
элементтермен қамтамасыз етеді.Аурутұғызатын микроорганизмдер,өсімдіктермен жануарлар организімінде
паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге
әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы
мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып,
экожүйедегі заттар айналымын қамтамысыз
етеді.
Антропогендік
факторлар
Адамның ағзаларға тікелей әсер
ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп
соғатын әрекеттері. Оң әсері. Қоршаған
ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер
өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың
тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды
(қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар)
сақтау. Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз
кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру,
өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға
өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды
тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу
(мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай
қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік
өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай
жинау т.с.с.
Қорытынды
Қазақстанның
көптеген аймақтарындағы экологиялық
жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық
прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде
зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан
табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар
жүруде. Республиканың көптеген аймақтары
газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс
қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр
металдармен ластануда. Қоршаған ортаның
зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары
болуына байланысты олардың топыраққа,
суға, ауаға түсуіне, тигізетін зияны мен
биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл
бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан
аудандардың топыраққа көп мөлшерде
әр түрлі химиялық таба
жолмен жинақталған ауыр металл иондары
адам ағзасында әр түрлі аурулардың қозуы
мен пайда болуының ауруларда асқазан
ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері
аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері
аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан
да Қазақстан топырақтарында ауыр металдардың
жинақталуын және олардың қоректік тізбек
арқылы ауысуын зерттеу қазіргі таңдағы
ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр
және кез келген
тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи
ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре
алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар,
жер бедері және атмосфералық әр түрлі
құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері
тірі организмдерге оң немесе теріс әсер
етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің
өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені
болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты
өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол
көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті
жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын
орта болып табылады. Бірақ та организм
үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі
мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер
етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері
орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес
зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз
— организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне,
дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер
ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің
жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар
деп — тек сол органим үшін алмастыруға
келмейтін табиғи ортаның элементтерін
айтамыз.Осы мәліметтерді қолданып кез-келген
адамға түсінікті етіп жеткізу арқылы
қоршаған ортаны,өсімдіктер мен жануарларды
табиғатты қорғауға шақырғым келді.
Әдебиеттер
тізімі: Орысша-қазақша түсіндірме
сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған
э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО»
ҒӨФ. 2007.
Қазақ тілі терминдерінің
салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География
және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы,
2007 жыл
Русско-казахский толковый
географический словарь. Под общей редакцией
академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева
и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова.
Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966. (Академия
наук Казахской ССР. Институт языкознания.
Сектор физической географии). Составители:
Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев