Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 16:34, реферат
Тұтыну – өндірістік, қоғамдық тұтынудың қорытынды сатысы: өнімді, игіліктерді, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қоғамдық қажеттердің қанағаттандырылуы үшін пайдалану. Тұтыну ұдайы өндіріс циклінің ақырғы кезеңі болып табылады. Тұтынылатын игіліктердің арналу мақсатына қарай өндірістік тұтыну – өндіріс үдерісінде ресурстарды, яғни өнімді (тауарларды, бұйымдарды) дайындау барысында өндіріс құрал-жабдығын пайдалану. Мұнда өнім: шикізат, отын, энергия, машина, жабдық, т.б. өндіріс үдерісіне қайтадан пайдаланылады. Алайда өндіріс құрал-жабдығын өндіру жалаң мақсат болып табылмайды, ақырғы тұтыну заттарын ұдайы өндіру үшін құрал қызметін атқарады.
Кіріспе.Тұтыну және өндіріс
Негізгі бөлім.Ресурстар
Қорытынды.Ұлғаймалы өндірістің түрлері
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.
Пайдаланған әдебиет
Қазақ Энциклопедиясы, 8 том
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Реферат Тақырыбы:_____________________