Тургын уй гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 15:02, творческая работа

Описание работы

Тұрғын үй гигиенасының негізі
Тұрғын үй гигиенасының негізгі міндеттері
Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау
Қорғаныс аймағы.
Демалыс аймағы.
Тұрғын үй құрылысы туралы ҚР баптары

Файлы: 1 файл

Астана Медицина Университеті »АҚ.pptx

— 122.48 Кб (Скачать файл)

«Астана Медицина Университеті »АҚ  
 
презентация 
 
Тақырыбы: 

 

   Орындаған: 
   Қабылдаған:

      

                         

                      Астана 2013 ж

Жоспар 

 

    • Тұрғын үй  гигиенасының негізі
    • Тұрғын үй гигиенасының негізгі міндеттері
    • Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау
    • Қорғаныс аймағы.
    • Демалыс аймағы.
    • Тұрғын үй құрылысы туралы  ҚР  баптары

 

 

     Тұрғын үй гигиенасы  

 

             Тұрғын үй гигиенасы негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғышпен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн

 

Тұрғын  үй гигиенасының негізгі міндеттері

 

    • Адамның  тұрғын үй ғимаратында болу кезінде  салауатты  және  қолайлы жағдайларды жасауға  бағытталған тиісті гигиеналық нормативтер мен  ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан  негіздеу мақсатында  тұрғын үй жағдайының  тұрғындарының денсаулығы  мен тұрмысына негізделген   әсерін зерттеу.
    •  Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктермен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады
    • Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады. Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып,балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн.

 

    • Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып,балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн.

Тұрғын  үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау

 

 

    • Тұрғын үйлердiң ауданы жанұяның әрбiр мүшесiнде кемiнде 8, 25 квадрат метрi дәл келетiндей етiп болуы керек. Көпқабатты тұрғын үйлерді салуға орналасқан жерді таңдауда тұрғындар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Тұрғын үйдің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, тұрғын үйге арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Тұрғын үйдің территориясы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Тұрғын үй жерінің 30 % үй ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Тұрғын үйдің ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, спорт және шаруашылық зоналары

Тұрғын  үйлердің ішкі жоспарлануы

 

    • Тұрғын үйдің қолайлы  кеңістіктік параметрін жасау;
    • Қолайлы микроклиматты жасау;
    • Жеткілікті табиғи және жасанды жарықты  ұйымдастыру;
    • Сандық және сапалық парамертрлер бойынша   бөлмеге ауа ортасының  қолайлы ортасын жасау;
    • Әр қалай жағдайларда  адамның   ой еңбегімен айналасуы үшін , дем алуы мен  ұйықтауы үшін  қолайлы жағдайларды жасау;
    • отбасының  шаруашылық тұрмыстық  жұмыстарын орындау мен   балаларды тәрбиелеу үшін  қолайлы жағдайларды жасау;

           
Қорғаныс аймағы.  

 

    • Қорғаныс аймағs (0,1-1,0 га) тұрғын үй кешенінің көше жағында орналасады. Ол тұрғын үйді транспорт шуынан, газынан, көще шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Тұрғын үйдің терезелері мен Бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, үй бөлмелерінің жарығын азайтады.

 

      Демалыс аймағы.  

 

    • Д е м а л ы с аймағы (0,2-0,3 га) үй ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз тұрғындардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында тұрғындардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек. Тұрғын үйді салғанда оның бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Ғимараттардың қабаттылық және созылымдығы құрылыс ошағының жобаларымен анықталады. СНиП II-7-81, СНиП 2.07.01-89 және СН 429-71 талабы бойынша қабаттылықтар және сейсмикалық аудандардағы адамдар тұратын ғимараттарды созылымдығының анықтауында қатаң бақылауды орындау керек.
    • Пәтер үйлердің қабаттары тоғыздан жоғары емес қылып жобалау керек, жарымжан-мүгедектері бар жанұялар үшiн - бестен жоғары қабат болмауы тиіс емес. Жарымжандары бар жанұялар үшiн адамдар тұратын ғимараттардың басқа түрлерiндегi пәтерлерi бiрiншi қабаттарда орналастыру керек. Ғимараттардың өртке қарсы қорғауын СНиП 21-01-97-iң талабы, осы нормаларда әдейi аталып өткен кейбiр жайларды ескерілмегенде, қосымша сәйкес отқа қарсы заттармен қамтамасыз ету керек. Функционалдық өрт қауiбi бойынша адамдар тұратын ғимараттарды классификацияны СНиП 21-01-97 бойынша қабылдау керек: 1. Ф1.2 - жатақхана; 2. Ф1.3-көп пәтерлi үйлер, соның iшiнде жарымжандары бар жанұялар үшiн. Тұрғын бөлмелерден басқа асханасы, iлгергi бөлмесі, дәлiздi жасау керек. Егер асхана кең болса, ол асханалық қызмет көрсете алады.

 

тұрғын  үй құрылысы туралы

 

    • 1-бап. Негiзгi ұғымдар
    • Тұрғын үй - қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен    және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.
    • Жеке тұрғын үй құрылысы - белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде
    • азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке   тұрғын үйлер салуы.
    • Жеке тұрғын үйлер құрылысының аумағы - елдi мекен (аудан, махалла, көше) аумағының
    • азаматтарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылы     объектiлерi бар кешенiмен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланатын бөлiгi.
    • Қоныс учаске - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке тұрғын үй  орналастыру және шаруашылық жүргiзу үшiн азаматқа берiлген жер учаскесi.
    • Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк - инженерлiк инфрақұрылымды (соның iшiнде құрылысы    аяқталмағандарды) қоса алғанда, азаматқа меншiк құқығында тиесiлi салынып жатқан тұрғын жайлар    мен басқа да құрылыстар, жасыл желектi екпелер және жер учаскесiнен бөлiнбейтiн өзге мүлiк.
    • 2-бап. Азаматтардың жер учаскелерiн алу және жеке   тұрғын үйлер салу құқығы
    • Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы, өзiнiң тұрақты тұрғын жерiне қарамастан, жер учаскесiн алуға құқылы.
    • Азаматтың меншiк құқығында үй немесе пәтерi, не ол жалдау немесе жалгерлiк шарты бойынша пайдаланатын мемлекеттiк және қоғамдық тұрғын жайлар қорындағы үйлерде пәтерi, саяжайлық немесе   негiз бола алмайды.
    • Меншiк құқығында саяжай мен бау-бақ учаскелерiнде салынған үйлердi иеленушi азаматтарға, олар тұрғын үйлер мен құрылыстарға арналған қалыптарға сәйкес келген жағдайда, осы жылжымайтын  мүлiктi жеке тұрғын үй ретiнде қайта ресiмдеуге, сондай-ақ жер учаскесiнiң нысаналы мақсатпен   өзгертуге құқық берiледi.
    • 4-бап.  тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн   беру тәртiбi
    • Жеке тұрғын үйлер құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер және басқа заңдарымен реттеледi.
    • Жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшiн босалқы сақталатын жер учаскелерiнiң мөлшерi, сондай-ақ елдi мекенде оларды игеру кезектiлiгi тиiстi қала құрылысы құжаттамаларының негiзiнде  белгiленедi және оларды қолда бар жер ресурстары мен аумақты әлеуметтiк-экономикалық  жағынан   кешендi дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы реттейдi.
    • Жеке құрылыс салушы жер учаскесiн алу үшiн жер учаскелерiн беруге құқығы бар тиiстi
    • республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi   атқарушы органына өтiнiш бередi.
    • Өтiнiштi қабылдау кезiнде азаматтан бекiтiлген тiзбеде көзделген құжаттар мен мәлiметтердi    талап етуге тыйым салынады.

 

Пайдаланылған әдебиет  

 

 

    • Қазақ Энциклопедиясы
    •  Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
    • ҚР   құрылыс , тұрғын  үй   және аумақтарда  құрылыс салу  министирлігі туралы     жалпы ережелер
    • Популярная медицинская энциклопедия
    • “Советская Энциклопедия”  
    • Александров А.А. Санитарно-эпидемический контроль.
    • Новожилов Г.Н., Ломов О.П. Гигиеническая оценка микроклимата.

Информация о работе Тургын уй гигиенасы