Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 23:05, реферат
Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық» (Сен-Мара Ф. Социализация природы. — М., 1977. — С. 54).
Біріккен қаланың
жүк және жолаушылар тасымалындағы
қажеттіктерін қанағатандыру
Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады.
Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңартылатан энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. евро.
Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында 2,7 млрд. евро бөлінген.
Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.
Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты.
Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.
Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді.
Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба іске асырылды. Жоба целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.
Ұлыбританияда
балалар орталығын құру бойынша
пилотты жобалар сәтті
Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген. Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс.
Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды.
Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту, жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті.
Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).