Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 23:46, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.

Содержание работы

Кіріспе
1. Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі
1.1 Ядролық қарудың тарихы
1.2 Ұлттық ядролық орталық
1.3 Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

2. Қорытынды
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

СӨЖ Ядролық қарулар Айғаным.docx

— 40.57 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар, антитеррористік науқан мемлекеттердің бейбіт ядролық бағдарламаларына, технологиялар мен жабдықтар, білім мен тәжірибе алмасуға деген құқығын шектеуге тиіс емес. Қазақстан АЭС үшін ядролық отынның толық циклді өндірісін дамытуды және атом стансасын салуды жоспарлауда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің еліміздің ядролық қарусыз жаңа аймақтарды қалыптастыруды қолдайтынын айтты, сондай-ақ бұл Таяу Шығысқа да қатысты. Біз Орталық Азияда мемлекеттердің ядролық қарусыз аймақтар туралы шартқа қатысушы-елдердің қауіпсіздігінің жағымсыз кепілдігін ұсыну туралы «ядролық бестік» хаттамасына тездетіп қол қоятынына үміт артамыз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ядролық материалдар қауіпсіздігінің әлемдік индексінде 15 орын алатынын хабарлады.

Оның түпкі себебі – «қосарлы стандарттар» және халықаралық құқықтың ішінара қолданылу тәжірибесіне нүкте қояға саяси ерік-жігердің жоқтығы. Алған міндеттемелердің барлық кешенін ядролық державалардың мүлтіксіз орындауы өте маңызды деп санаймыз. Бұдан жиырма жыл бұрын Қазақстан Беларусь және Украина тәрізді жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қомақты үлесін қосты. Еліміз ядролық қарудың мол қорынан өз еркімен бас тартты және ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды. Сондықтан біздің бәріміз Украинанаға – 5 АЭС жұмыс істейтін, 15 атом реакторы және зымырандық технология саласында әлеуеті бар елге ядролық мәртебені қайтарып беру туралы кейбір саясаткерлердің жауапсыздықпен айтылған мәлімдемелеріне үлкен алаңдаушылықпен қарауға тиіспіз.

Бейбіт өмір үшін күш көрсетулер емес, саяси шешімдер күтетін халықаралық қоғамдастық алдында барлығы өз жауапкершіліктерін сезінуге тиіс және олар тиімді іске асырылуы қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Уикипедия. Қазақша энциклопедия

2. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001

3. О. Жанайдаров «Менің елім — Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003


Информация о работе Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі