Қышқылды жаңбыр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 05:52, доклад

Описание работы

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды.

Файлы: 1 файл

Қышқылды жаңбыр.docx

— 18.89 Кб (Скачать файл)

Қышқылды жаңбыр

 

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады..Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН 5,6 кем болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады.Күкірт және азот оксидтері металургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанаған кезде түзіледі.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бір тонна отын жанғанда , жылу электр станциясында орта есеппен 150кг, ал автомобиль моторында 1кг бензин жанғанда , 270 г ластағыш заттар бөлінеді. Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада күкірт триоксидіне дейін тотығады.Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп , күкірт қышқылын түзеді.

                                       2SO2 +О2 → 2SO3    

                                       SO3 +Н2О→ Н2 SO4

 

Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады.

Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.

                                        2 NO + O2 →2 NO2 

                                                     4 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 Н NO3

 

Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек

 

болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л балықтар

 

үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.

Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.

 Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.

 Жауын-шашынның жылдық таралуы жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.


Информация о работе Қышқылды жаңбыр