Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 09:34, реферат
Жануарлар кез келген жерлерден табылады. Суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз салсаң та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда да паразит жәндіктердің өмір суретші мәлім. Қазір ғаламшарымызда 1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар деп есептеледі. Қаншама жануарлар түрі жер бетінен жойылып бітті. Біз қарастырғалы отырған омыртқасыздардың жәндіктердің саны бір миллионнан асады. Ғаламшарымызда жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Жануарлар кез келген жерлерден
табылады. Суға үңілсек те, топырақты
қазсақ та, аспанға назар аударсақ
та, айналаға көз салсаң та жануарлар
кездеседі. Тіпті кез келген тірі
ағзаларда да паразит жәндіктер
Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғыгеологиялық кезеңдерде жойылып кеткен және жер ғаламшарында қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа - жануарлар дүниесіне біріктіріледі.
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы орталан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздел табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.
Жануарлар дене
құрылысының ортақ белгісі
Бұларда желі (хорда) тек ұрықтық сатыла ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (қандауырша, қабықтылар, т. б.) желі өмір бойы сақталады.
Өсімдіктер дүниесі шамадан
тыс, тіптен көзге елестетуге келмейтіндей
алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол эволюцияның
барысыңда тоқтаусыз өсіп отырады. Бұл
жағдайды статистикалық мәліметтер- өсімдіктер
дүниесінің жартылай тармағына жататын
түрлердің санымен оңай дәледдейді.
Өсімдіктер дүниесінің клеткалық құрылысы
қалыптаспаған және талломды ядросы қалыптаспаған
тармақтары (вирустар, дробянкалар, көкжасыл
балдырлар бөлімдері) 3600 түр Өсімдіктер
дүниесінің талломды, ядролы, пластидті
тармағы (балдырлар бөлімдері, қыналар
бөлімі) 52000 түр Өсімдіктер дүниесінің
талломды, ядролы, пластиді жоқ тармағы
(саңырауқұлақтар, кілегейлілер бөлімдері)
100000 түр Өсімдіктер дүниесінің өркенге
дейінгі архегониялы тармағы (риниофиттер,
псилоттар, мүк тәрізділер бөлімдері)
35000 түр Өсімдіктер дүниесінің өркенді
архегониялы тармағы (плаун тәрізділер,
қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер,
ашық тұқымдылар бөлімдері) 50000 түр Өсімдіктер
дүниесінің өркенді, аналықты тармағы
(жабық тұқымдылар бөлімі) 250000-300000 түр.
Ең эволюцияланған систематикалық топқа
жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Олардың
түрлерінің саны 300 мыңдай болады. Осындай
алуан түрлі түрлер, түр ішілік алуан түрліліктің
есебінен (полиморфизм), бірнеше есе көбейеді.
Дәлірек айтқанда жартылай түрлердің,
расалардың, популяциялардың есебінен
артады. Бұлардан басқа бір түрдің өзіңде,
ареалдың әртүрлі участкелеріңде орналасқан,
бір-бірінен айқын ажыратылатьш бірнеше
тірпіілік формаларын кездестіруге болады.
Түр ішілік өзгергіштік (полиморфизм)
әртүрлі систематикалық топтардың деңгейіңде,
әртүрлі себептермен жүреді: бір жағдайда
— будандасу арқылы, екінші жағдайда —
өсімдіктің әртүрлі жағдайларға, өсіресе
қоршаған ортаның экстремальды1 жағдайьша
бейімделушілігіне байланысты жүреді.
Бұған жусан туысы айқьш мысал болады.
Оның түрлері солтүстік еңдіктің барлық
жерлеріңде тараған: ыстық шөдді аймақтан
бастап, арктикалық еңцікке және таудың
жоғарғы белдеулеріне дейін кездеседі.
Олар басқа гүлді өсімдіктер өсе алмайтьш
жерлерге де өседі. Шамадан тыс құрғақшылыққа,
топырақтың қүрамыңда тұздардың көп болуьша,
жоғарғы және төменгі температураларға
қарсы жауап ретіңде өсімдіктің вегетативтік
денесінің макроструктурасы, репродуктивтік
органдары, сонымен бірге анатомиялық
құрылысы және физиологиялық қасиеттері
өзгеріске ұшырайды. Мысалы, туыстармағының
түрлерінің біреулерінің орамасының (жамылғысының)
ерекше структурасы қалыптасады. Ол гүлшоғырындағы
гүлдерді, шөлдің құрға-туынан толыгымен
сақталып қалады. Гүлдің күлте жапырақ-шалары
тозандану, ұрықтану кездерінде және жемістердің
пайда болуының өртүрлі кезеңдеріңце
барлық уақытта жабық болады. Өйткені
күлте жапьірақшалардьгң тістері жоғарғы
ұштарымен түйіседі және осы гүден бөлініп
шығатын эфир майларымен кілейленіп тұрады.
Шөлді жерлерде гүлдің негізгі оргаңдарьшың
кеуіп кетуден, ал биік тауларда суықтан
қоргану мүмкіндігінің артуьша байланысты
клейстогамия жетіледі. Ол өзін-өзі тозаңдандыру
деген сөз. Жаздың құрғақшылық кездерінде
физиологиялық процесстер нашарлап, өсімдік
анабиоз жағдайьша көшеді. Тек күзгі жаңбырдан
кейін барып қайтадан тіршіліктің нышаны
пайда болады. Сонымен өсімдіктің ксерофипік
структурасы қалыптасады. Ол өсімдіктің
сыртқы түрінен байқалады. Өсімдіктің
сырты қалың түктер немесе бездер жабады.
Жалпы ксерофилизацияға байланысты өсімдіктің
оргаңдарыңда көп мөлшерде өртүрлі эфир
майлары жиналады. Жусан туысында жаңа
түрдің пайда болуының барлық сатысын
кездестіруге болады.
Түрлердің өзгергіштігінің себептері,
яғни айтқанда жаңа 1 Ең қиын жағдайда
тіршілік етуформалардың түзілу процесі
«апогамия» болып табылады. Ал апогамия
дегеніміздің өзі жаңа особьтың жұмыртқа
клеткасынан емес, гаметофиттің вегетативтік
клеткаларынан пайда болуын айтады. Осы
жағдайға байланысты болатын өзгергіштікке
600-дей түрі бар саршатыр туысы (ястребинка)
бірден-бір мысал болады.
Жоғарыда келгірілген жағдайда, формалардың
түзілуі басқа жағдайлардағы секідді
жүретіндігін атап өткен жөн. Жаңа морфологиялық
белгілер мен физиологиялық қасиеттердің
пайда болуы, жаңа формалардың түзілуіне
өкеліп соқтырар болса, онда ол міндетті
түрде тұқым қуалаушылықтың генетикалық
кодының бақылауымен жүзеге асады.
Эволюциялық тұрғыдан қарағанда жас түрлердің
будандасудың негізінде пайда болып, табиғатта
көптеген жерлерді басьш кеткендігін
және онша консервативті болмайтындығын,
ал эволюциялық тұрғыдан ерте пайда болған
географиялық, экологиялық жағьшан тұрақталған
түрлердің морфологиялық белгілерінің
негізінен тұрақталған болатындығын атап
көрсетуге болады. Яғни әр түрдің түр ішілік
дифференциациясының қарқьшдылығы әртүрлі
болып келеді. Сонымен түр ішілік дифференциацияның
қарқындылығыньщ жоғары болуы, басқаша
айтқанда формалардың түзілуі мен жер
бетіне таралу мүмкіндігінің аса жоғары
болуы, жақсы өркендеп өскен түрдің белгісі
болып түрады.
Формалар түзілу процесінің қарқындылығы,
кейбір екпелі өсімдіктердің топтарында,
белгілі бір мақсатта жүргізілген селекциялық-генетикалық
жұмыстарға байланысты жоғары болатындығы
байқалады. Сонымен бірге өсімдікке химиялық
жолмен, сәулемен және температурамен
әсер еткенде формалардың түзілу процесінің
жылдамдығы айқын артады. Кейбір екпелі
өсімдіктердің түрлерінің негізінде,
көптеген сорттар шығарылған. Ұқсас сорттар
әртүрлі рангадағы сорттардың топтарына,
тіптен жартылай түрлерге және жаңа екпелі
түрлерге біріктіріледі. Мысалы, бақша
капустасы (капуста огородная деп аталынатын
табиғи түрдің негізінде селекционерлер
мен генетиктер түр ішілік таксондардың
тұтастай сериясын шығарған: брюссель
капустасы (капуста брюссельская), качанды
капуста, савой капустасы, кольраби және
т.б. (230-су-рет). Бір систематиктер оларды
түрлердің тармағы (түршелер) ретіңде,
екіншілері — жартылай түр ретінде, ал
үшіншілері — түр ретінде қарастырады.
Иісті сельдрей (сельдрей пахучий деп
аталынатын табиғи түрдің базасында қазірдің
өзінде сорттардың мынадай үш тобы түзілген:
жапырақты, сағақты және тамырсабақты.
Бұл топтар вегетативті денесінің структурасына
қарай бір-бірінен айқын ажыратылады.
Қазіргі кезде оларды ерекше түр тармақтары
ретінде қарастырып жүр. Олар капустаның
түр тармақтары секілді дербес түрлер
ретінде қалыптасу сатысында түр.
Сонымен, табиғи жағдайда да, мәдени жағдайда
да формалардың түзілу процесінің әртүрлі
кезеңдерін оңай байқауға болады. Оны
бұл жерде сапалығы жағынан қайта жаңарған
өсімдіктердің тобы (популяциясы) деп
түсінген дұрыс. Бұл өсімдіктің вегетативтік
денесінің структурасы мен репродуктивтік
органдарының, сонымен бірге физиологиялық
қасиеттерінің өзгеруінен оңай аңғарылады.