«Жасыл» экономиканың негізі ретінде табиғи ресурстардың экотиімді пайдаланылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:56, доклад

Описание работы

Климаттың өзгеруімен, энергетикалық мәселелермен, су және азық-түлік қауіпсіздігімен, сондай-ақ аймақтық шиеленістермен байланысты үдемелі жаһандық қауіп-қатерлер жаңа шешімдерді және барлық әлемдік қауымдастық күшінің жұмылдырылуын талап етеді. Бұл ойлар РИО+20 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясының жаһандық пікірлерінен көрініс тапты: «Болашақ үшін көпірлер салу» пікірі елдердің «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын айқындайды.
РИО+20 негізгі қорытынды құжатында Қазақстанның аймақаралық бастамасы «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасы көрініс тапты. Бұл бағдарлама барлық елдердің қатысуына еркін және ашық жол болып табылады [1].

Файлы: 1 файл

«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ ЭКОТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ.docx

— 338.30 Кб (Скачать файл)

Мал және жайылымдық шаруашылықты жүргізу барысында жерлерді ұтымсыз  пайдалану мәселелері қазіргі кезде  рентабельді пайдалану, техниканы  алу, тыңайтқыштар қолдану, малдарды ветеринарлық тексеру, малдарды айдау, жем қорын  қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеуге қабілетті емес ұсақ агроөнеркәсіптік және мал шаруашылығын жүргізу кезінде  көбейеді. Шаруашылыққа бағытталудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері туындайды. Бұл жағдайда толық табиғи жерлерді жүйесіз пайдалану, қорларды алу  көлемін есепке алмастан жүргізу  күшейді, яғни жерлердің деградациясы, шөлдену дәрежесі артты.

Күшті антропогендік қысым  үстінде Орталық Қазақстан аймағында  орналасқан және 4220,9 мың га алып жатқан Қарағанды облысы тұр.  Аймақ геоморфологиялық сипаттамалары – Қазақстан қалқаны  – Сарыарқа мен түрлі экожүйелердің  бөлінуімен ерекшеленеді. Орталық Қазақстан  өз алдына үш дала және екі шөлейтті біріктіретін зоналдылығы бойынша  ерекше аумақты көрсетеді. Аймақ  климаттық жағдайлары, жер бедерінің  зоналық-провинциялық ерекшеліктерімен белгіленетін топырақтың ірі типтері  бойынша бірден-бір аумақ, сондықтан  флора, фауна және экожүйесінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Орталық Қазақстанда 67 экожүйе бөлінеді. Бұзылған аумақтар ауданы мен экологиялық қауіп  аудандары, өсімдіктер мен экожүйе  түрлерінің мекен ету ортасын  жоғалтуды қоса алғанда 50% астам ауданды құрайды. Орталық Қазақстандағы қауіптіліктің жоғары дәрежесі экологиялық аудандастыру мәліметтері бойынша 32 экожүйе үшін 22 457,2 мың га қамтиды (2 Сур.).

 

 

2 Сур. – Орталық Қазақстан – Қарағанды облысының экологиялық қауіпті аймақтары

 

Мұндай өте қатты бұзылған экожүйелердің көптігі, олардың  шөлденуі табиғи және антропогендік (жер  жырту, мал жаю, ағаш-бұталарды кесу) әсерлермен, тасты-қиыршықтасты топырақтардағы шөлденудің ішкі қауіптіліктің жоғары дәрежесімен, ұзақ жылдар бойы мал жаю  әсерінен, өнеркәсіптік ықпалдармен, радиоактивті ауытқулармен байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы аумағы 283,2 мың.км2, жоғары Ертіс бассейнінде орналасып, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Алматы облысымен, солтүстік шығысында ресеймен, батысында Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі. Экожүйелердің және ландшафттардың алуантүрлілігімен, табиғи-климаттық зоналдылығымен сипатталады. Солтүстік шығысында Қазақстандық Алтай жоталары орналасқан, оңтүстік-шығысында Тарбағатай және Сауыр тауларымен қоршалып жатыр. Жайсан көлімен шектесіп жатқан облыстың орталық бөлігі Жайсан ойпатының аккумулятивті жазықтарымен көмкеріліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы аймағында 75 негізгі экожүйелер ажыратылады, оның ішінде құмды ақ селеу және бетегелі далалармен үйлесімін тапқан майқарайлы самырсынды ормандар, қарағай ормандары, көктеректі қайың ормандары; таулы-шалғынды альпі және субальпілік топырақтардағы шабындықтар; тау тундрасы; дала және шөл өсімдіктерінің бөліктері кездеседі (3 Сур.).

 

 

3 Сур. – Шығыс Қазақстан облысының экологиялық қауіпті аймақтары

 

Экожүйелерге үлкен әсерін тигізетін – техногендік әсерлер  болып табылады. Бұл әсер биологиялық  қызметтің тоқтап, жойылуына алып келеді. Мысал ретінде, Риддер қаласындағы  реликті Риддер-бора орманының кеуіп  кетуін айтуға болады. Жойылу қаупіндегі экожүйелер категориясына бозды-бетегелі, шөлденген далалар, жапырақты ормандар жатады. Ертіс маңындағы жолақты  ормандардың ауданы өрт, жыртқыштық браконьерлік орман кесу және орман  жыныстарының зиянкестермен зақымдануы салдарынан азайған.

Кенді Алтайдың қалың қылқанды ормандарын бақылаусыз өнеркәсіптік ағаш кесу де өзіндік ағаш кесу секілді  табиғат жүйелеріне зиянын келтіреді.

Жалпы, Шығыс Қазақстан  экожүйелерінің бірегей алуантүрлілігінің  шамамен 10% олардың фондық жағдайына  сәйкес келеді, ал 25 % орташа трансформациямен және территорияның 4 % дағдарыс жағдайына  жақындығымен сипатталады. Облыстағы  өте күшті техногендік әсер кен  өндіру орындарына сай келеді. Жолдардың  көптігі де экологиялық жай-күйді  әлсіретеді. Атмосфералық ауаға шығатын  улы заттар адамдарға, сонымен бірге  қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Республиканың экологиялық қауіпті  аймақтарына (Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық және Шығыс) талдау жасай  отырып, түрлі дәрежедегі шөлденудің жалпы ауданы республика ауданының  91,6 %  құрайды, тек 8,4 % ауданда ғана шөлдену үрдісі тіркелмеген. Күшті  және өте қарқынды шөлдену үрдісіне (қауіп дәрежесі) 510,91 мың км2 немесе республика территориясының 19,1 % ұшыраған. Бұзылудың өте ауыр дәрежедегі қауіпті аймақтары дағдарыс (кризис) аймағы ретінде қарастырылады. Деградацияның күшті және критикалық дәрежелі ауданы бойынша аймақтардың ішінде  Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарында сәйкесінше - 53,9 және 19,9 % ең үлкен көрсеткіші байқалған (28 Сур.).

Қазақстан Республикасының  экологиялық қауіпті аймақтарының картасы қарқынды антропогенді әсер ету ықпалынан қауіп дәрежесі және түрлердің, экожүйелердің, ағаш-бұталы тоғайлардың жоғалу қатерінің көрсеткіштері  бойынша, экожүйелердің және олардың  топырақ жамылғысының ішкі шөлдену  қаупі ойынша күрделі де алуантүрлі жағдайды бейнелейді. Жалпы Қазақстан  үшін Экологиялық аудандастыру картасына  талдау жасау бойынша шөлдену  дәрежесіне – жерлердің, экожүйелердің  және әсіресе топырақ-өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырауына сай келетін  бес Қауіптілік дәрежесі айқындалды.

Қазақстанның экологиялық  аудандастыруы нәтижесінде экожүйелердің  шөлдену жағдайы және қауіптілік дәрежесі қоршаған ортаның алдағы дестабилизациясы кезінде қауіптіліктің орташа дәрежесінің – республика ауданының 42,3% басым болуын белгілейді. Дегенмен, бұл да антропогендік әсердің шекті шекарасы және ресурстарды (әсіресе, топырақ-өсімдіктер қорын)  ары қарай игеру экожүйелер қатарында шектеулі болуы керек. Пайдалану нормаларын 10-20%-ға дейін төмендету экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және қорларды қайта өндіруді сақтау  үшін қажет. Қауіптіліктің орташа дәрежесінің шарттары экожүйелердің антропогендік әсерлерге орнықты болу шегін көрсетеді. Мысалы, өсімдіктер биомассасынан айырылу. Құрғақ ауа райы жылдары құрғақшылық факторлары көбірек болғанда топырақ құрғап, экожүйелердің түрлік алуандығы азайып, өнімділігі нашарлап, экожүйелер ауысады.

Экологиялық аудандастыру нәтижелері. Қазақстанның ауқымды аймағын қолайсыз табиғи орта (19,05 %) алып жатыр. Салыстырмалы қолайсыз категориясына орташа шөлді экожүйелер – қауіптіліктің орташа деңгейі (57,82 %) жатады, себебі оларды пайдалану қоршаған орта жағдайын мезгілді мониторинг жүргізуді және нормалауды талап етеді.

Қоршаған ортаны сауықтыру  үміттері, шөлдену үрдісімен күрес  және орнықты даму шарттарын жетілдіру  экожүйелерге: яғни олардың биоәртүрлілігімен, динамикасымен, пайдалануымен, сыртқы әсерлерге тұрақтылығы және өздігінен  реттелу уақытымен тікелей байланысты. Қазақстан аумағының экологиялық  аудандастыруын және олардың трансформация (фондық, әлсіз, орташа, жоғары, аса қатерлі) қауіптілік дәрежесін, оның ішінде негізгі  экожүйелер тізімін, олардың ортақ  жағдайын, салыстырмалы-бағалау сипаттарын және пайдалану бойынша мәліметтерді талдау нәтижелері жерді пайдалануды  басқару үрдісін дамыту қажеттілігін растайды. Басқаруда метеоқызмет бекеттерінің көбеюіне сай облыстардың нақты экожүйелері бойынша бірегей экологиялық мониторинг жүйесін құруды, экожүйелердің бұзылу дәрежесін бағалау үшін ГИС форматында ғарыштық суреттерді қолдану арқылы бірнеше экологиялық карталар құрастыруды міндеттейді. Зоналық экожүйелерді ескеріп, жерге орналастырудың облыстық карталарын әзірлеу; нақты экожүйелердің биоәртүрлілігінің, жағдайы мен өнімділігінің өзгеруі бойынша мәліметтер базасын дайындау; түрлі дәрежеде бұзылған экожүйелерді, сирек экожүйелер мен түрлер ошақтарын, нақты экожүйелерді пайдаланудың жыл және мезгіл сайынғы реттеу нормативтерін әзірлеу.

Флора мен фаунаның, экожүйелердің  сирек, ғаламдық маңызды, құнды ресурстық  нысандарын пайдалануына шек қою; орта деградациясының қаупі бойынша  ескертетін ақпаратты халыққа және табиғатты пайдаланушы кәсіпорындарға хабарлау. Сонымен қатар, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және табиғи ортаның  орнықтылық жағдайын қамтамасыз ету  бойынша және аймақтардағы экологиялық  қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша  іс-шаралар жүргізу [8].

Нақты табиғи экожүйелерді пайдалану  шектері мен нормативтерін әзірлеудің биоәртүрлілікті сақтау бойынша  шөлденумен күресудің ақпараттық базасы болуы керек. Ландшафт түрлері көп  болғанда (мекен, территориялық бөлік, кешенді мезоэкожүйе) шектеулер  негізінен пайдалану нормалары, шегі, қолдану маусымдылығы мен басқа  көрсеткіштері бойынша ажыратылуы тиіс. Ол үшін казіргі кездегі биоәртүрлілікті  сақтау шаралары мен ауытқушылықты  болдырмау үшін Экологиялық кодекске ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық  апат аймақтары мәселелері бойынша  өзгертулер енгізу керек [9].

Тенденцияларды талдау «Жасыл көпір» Әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа Ұлттық Стратегиялар мен Іс-әрекеттер жоспарына құрама бөлігі ретінде енуі тиіс, ал ол өз кезегінде келесі нәтижелерді айқындайды:

  • өндіру мен тұтынудың дәстүрлі орнықсыз үлгілерін Жасыл экономика үлгісіне ауыстыру арқылы табиғи қорларын бей-берекет пайдалануын тоқтату және қоршаған ортаның тозу үрдісін баяулату;
  • ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде орындалатын қоршаған ортаны қорғау және орнықты пайдалану бойынша іс-әрекеттердің жағдайы мен мәртебесін түбегейлі өзгерту;
  • тек елдер мен аймақтар үшін ғана емес, бүкіл әлемдік бірлестіктер үшін маңызды ортақ мақсаттарға жетуге жаңа деңгейде мемлекеттердің, халықаралық, қоғамдық ұйымдардың және жеке секторлардың күштерінің жұмылуы.

Мұндай тәсіл су мен қуатты тиімдірек пайдалану үшін, коррупциялық кеңдікке мейлінше қысқарта отырып таза технологиялар мен инвестициялармен алмасу үшін аймақтық кооперация мен сауда-саттықтың өзара тиімді тетіктерін қолдануға мүмкіндік береді [10].

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясының қорытынды құжаты. «Болашақ үшін көпірлер салу». Рио-де-Жанейро, Бразилия Республикасы, 2012, 25 бет.

2 Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдері министрлерінің VI-шы Конференциясының мәліметтері. Астана, Қазақстан Республикасы, қыркүйек 2010.

3 «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің VІІ-ші Жалпыеуропалық конференциясының мәліметтері. Астана, Қазақстан Республикасы, қыркүйек 2011.

4 Қазақстан Республикасының 2009 жылға арналған биологиялық әртүрлілік туралы төртінші ұлттық баяндамасы//ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2010.

5 «Биологиялық әртүрлілікті сақтау және  балансты пайдалану бойынша Ұлттық Стратегия және Іс-әрекеттер жоспары». Көкшетау, Қазақстан Республикасы, 1999.

6 Биоәртүрлілік туралы XI-ші Тараптар Конференциясының декларациясы. Хайдарабад, Үндістан, 2012.

7 Келесі жобалар бойынша семинар мәліметтері: 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Биологиялық әртүрлілік туралы Конвенциясының Стратегиялық жоспарын орындауға қолдау көрсету үшін ұлттық деңгейе биологиялық әртүрлілікті сақтауды жоспарлау. Биологиялық әртүрлілік Ұлттық стратегиясы мен мәліметтер қоры бойынша БҰҰДБ жобасы. Алматы, Қазақстан Республикасы, желтоқсан 2012.

8 Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған биологиялық әртүрлілік туралы бесінші ұлттық баяндамасы // ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2012, 62-72 беттер.

9 2007 және 2010 жылдарға арналған шөлденумен күресу жөніндегі БҰҰ Конвенциясын іске асыру бойынша ұлттық баяндама. ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК. Астана, Қазақстан Республикасы, 2011.

10 «Жасыл көпір» Әріптестік Бағдарламасы. «Еуропа үшін қоршаған орта» министрлердің VІІ-ші Жалпыеуропалық конференциясының мәліметтері. Астана, Қазақстан Республикасы, қыркүйек 2010 және  Орнықты даму бойынша БҰҰ Конференциясындағы Қазақстанның сайд-ивенттер мәліметтері. Рио-де-Жанейро, Бразилия Республикасы, 2012. 

 

 

 

 Қосымша

 

«Жасыл» экономиканың негізі ретінде табиғи ресурстардың экотиімді пайдаланылуы

 

Автор, ғылыми жетекші - Шабанова Людмила Владимировна

 

биология ғылымдарының кандидаты, «Экология» Академиясының мүше-корреспонденті, ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бас директорының орынбасары, Астана қ., Қазақстан Республикасы. 

 

 

Орындасушы - Жүсіпов Абзал Есләмбекұлы

 

ҚР ҚОҚМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық – талдау орталығы" РМК экологиялық білім және халықаралық конвенциялар бөлімінің бастығы, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

 

 


Информация о работе «Жасыл» экономиканың негізі ретінде табиғи ресурстардың экотиімді пайдаланылуы