Жасыл көпір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 09:39, реферат

Описание работы

Жасыл көпір» бағдарламасын қуаттады
Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның Саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық
«Жасыл көпір » бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода

Файлы: 1 файл

Документ.rtf

— 25.09 Кб (Скачать файл)

«Жасыл көпір» бағдарламасын қуаттады

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның Саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық

«Жасыл көпір » бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында университет 24 қазан күні «Экологиялық күн» атты акция жариялады.

Акция «Біз таза ауа үшін» атты тақырып аясында басталды. Мұнда университетке 170-ке жуық оқытушылар мен студенттер жеке көліктерін үйге қалдырып, қоғамдық көлікпен келді. Сондай-ақ, осы кезде велотұрақтың да ашылу салтанаты өтті. Және арнайы құрылған бақылаушылар тобы факультет жанындағы темекі шегетін орында оқытушылар мен студенттердің бос уақытта темекі тартуларын да санап шықты. Бұл акцияның «Шылым шекпейтін факультет» атты бөлімі негізінде іске асырылған болатын. Ал, осы шара барысында университеттің мұражайы да белсенді қызмет көрсетті. Университет мұражайының директоры Тәжібаева Тамара жоба аясы бойынша «Мұражайдың жасыл бағы» атты экскурсиялық шара өткізді. Оған униврситеттің әр факультетінен студенттер қатысты.

Ортаның экологиясын жақсартуға шақыратын бұл акцияның қорытынды бөлімі университеттің география және табиғатты пайдалану факультетінің үлкен залында жалғасын тапты. Қорытынды бөлімді география және табиғатты пайдалану факультеті, энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Жанна Рәсілқызы Төреғожина ашты. Содан кейін осы акцияны ұйымдастыруға атсалысқан «Алматықағаз» жарамсыз қағаздарды қайта өңдеп шығару орнының директоры Садыр Шағұжаев, PR-менеджер Екатерина Кармышева және макулатура жинау департаментінің директоры Ин Александр Борисович арнайы келіп университетімізде макулатура жинау бойынша байқауға қатысқан факультеттерді марапаттады. Байқаудың қорытындысы бойынша 3-орын журналистика факультеті (240кг) , 2-орын биология және биотехнология факультеті (250 кг), 1 орынды география және табиғатты пайдалану факультеті (417 кг) және заң факультеті (420 кг) ие болды. Ал, «Шылым шекпейтін факультет» байқауы негізінде биология және биотехнология факультеті мен география және табиғатты пайдалану факультеті атанды.

Акция аясында өткен барлық іс-шаралардың, байқаулардың қорытындысы шығарылғаннан кейін университет ұстаздары мен студенттері жоғары оқу орындары арасында бірінші болып Әлия Назарбаеваның «Пробуждение» («Жандану») фильмінің тұсаукесерін тамашалады. Бұл фильмді «MacAliaNS» ЖШС дайындаған болатын. Деректі фильмнің басты мақсаты республикадағы халықты экологиялық мәселелер мен олардың шешілу жолдарымен ақпараттандыру және сондай мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Әр адамның өмірі мен экоқоныстандыру жайлы қалалық және ауылдағы тұрмыс-тіршіліктің өсуін қарапайым түрде қарастыру фильмнен көрініс табады. Осы фильм жайлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ЖҰК жетекшісі С.Ишанғалиева: «Бұл экологиялық деректі фильм бізге бір тақырыпты жоба ретінде көрсетеді. Фильмнің басты идеясы догман немесе аксиома болып табылмайды. Мұнда ең бастысы адамды рухани өсіре отырып, аргументтерді қабылдап, өз ұсыныстарын жеткізу»,-деді.

Ал, энергоэкология кафедрасының меңгерушісі Ж.Төреғожина: «Фильмнің еліміздегі жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып біздің университетте тұсауы кесіліп отырғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Негізінен бұл фильм көбінесе студенттерге арналған. 18, 20, 23 жастағы жастар үшін бұл үлкен экологиялық дәріс, әрі таным көкжиектерін кеңейте түседі. Демек жаңа ғасыр жастарының көруі тиіс фильмдердің бірі. Ертеңгі күннің іргесін бүгіннен бастап қалау керек. Бұл тұрғыда терең тәрбие беретін «Жандану» фильмінен студенттердің алары көп», деді. Фильмнің жасанды тұрғыда емес, жанды, сипатты, дәлелді, тұщымды жасалғаны тұсаукесерге келген ұстаздар мен студенттердің көңілінен шығып, өздерінің оң бағаларын білдіріп жатты.


Информация о работе Жасыл көпір