Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 11:31, реферат
Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен игеру саласында тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында бұзылған жерлерді дер мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды мәселе болып саналады. Минералды шикізат кенорындарын ашық әдіспен игеру пайдалы қазбаларды қазып алу үшін едәуір жер көлемдерін алумен байланысты. Ашық игеру нәтижесінде карьер шұңқырлары және сыртқы үйінділер түріндегі антропогендік ландшафттар пайда болады. Бұзылған жерлер қайта қалпына келтірілгенге дейін қоршаған табиғат ортасының атмосферасын, гидросферасын және литосферасын ластауыш көзі болып табылады.