Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2015 в 13:51, реферат
Жер ресурстары
Жер ресурстарын тиімді пайдалану
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану
Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа Экономикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жер ресурстарын ұтымды пайдалану
Орындаған: Жолданова Динара
Тобы: Экология 342
Алматы 2015
Жер ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерiн қанағаттандыру үшiн шаруашылық және өзге де қызмет процесiнде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер.
Белгілі бір жағдайды сақтап үздіксіз пайдаланған жағдайда жер ресурстары қалпына келетін ресурс деп есептейді. Егістік мақсатпен пайдаланғанда жер ресурстары өңдеу құралы болып табылады.
ҚР Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі агенттіктің (әрі қарай – ЖҚБА) стратегиялық жоспарына сәйкес республикалық қаражат есебінен 2012 жылдан бастап үш жыл бойы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген жерлерге түгендеу жүргізіледі. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің нақты аумағын анықтау және оны жұмыс жүргізіліп жатқан кездегі есептік мәліметтермен салыстыру, сол сияқты ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің түрі бойынша (егістік жер, соның ішінде суармалы жер, көпжылдық өсімдік егілген жер, тыңайған жер, шабындық және жайылымдық жер) жердің жағдайын және пайдаланылуын зерттеу.
Жер ресурстарын тиімді басқару мақсатында ең алдымен дұрыс мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру қажет. Жер ресурстарын ұтымды пайдалануға ықпал ететін факторлардың бірі — жер мониторингі. 2011 жылғы мәлімет бойынша, республика аумағында барлығы 975 бақылау пункті (стационарлық және жартылай тұрақты стационарлық) бар. Дегенмен, жердің жағдайын көрсететін стационарлық бақылау алаңдары аумақтық-аймақтық жүйесі әлі толық құрылып болған жоқ. Табиғи жайылымдық аймақтарда жер мониторингі (Алматы облысынан басқа) жүргізіліп жатқан жоқ. Осыған байланысты табиғи жайылымдық аумақтарда, оның ішінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында мониторинг жүргізу үшін қосымша қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылшаруашылық жерлерін
тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық
жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын
технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі
жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен
анықталады. Қазақстан жерінің тағы бір
басты қасиеті минералды шикізат көзі
ретіндегі қазба байлық түрінде ашылып
отыр. Қазба байлық – ел тәуелсіздігінің
20 жылдығында қол жеткізген экономикалық
жетістіктеріміздің негізгі көзі (мұнай,
газ, металл, көмір, т.б). Сондай-ақ, еліміз
тәуелсіздік алғаннан бері республиканың
табиғи көрікті өңірлеріне де назар аударылып,
туристік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы
да табысқа жету жайы ойластырылуда. Қазіргідей
әлем халықтарының аралас-құраластығы
артып отырған тұста жердің транзиттік
мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен
байлық көзі деп есептеледі. Қазақстан
Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында
қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап
өсіп келе жатқан Қытайды, Оңтүстік-Шығыс
Азияны құрлық арқылы байланыстыратын
көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады.
Сонда бұл істен де үлкен экономикалық
пайдаға кенелуге болады.
Осы айтылған жайттар кең-байтақ
жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын
әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді.
Міне, осы тұста біз жердің өзіне
тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін
есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы.
Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді.
Оның үстіне, ол – өндіргіш күш. Себебі,
жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше
есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында
жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік
оның аясында дамиды. Одан қуат алады.
Осындай үлкен ерекшеліктеріне
байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы
бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі.
Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе,
Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына
бағындырылса, адамдардың үй салу үшін
жер телімін алуы, оны пайдалануы Жер және
Азаматтық кодекстермен, басқа да заң
аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп
отырады. Ал жерді өндірістік тұрғыдан,
қазына байлығы ретінде игеру, оның күтіміне
мән беру, басқа да ерекшеліктерін көбіне
Жер кодексі мен экономикалық саланың
заңдары реттейді.
Топырақтың құнарлылығының азаюы табиғи фактордан басқа, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды пайдаланбау, агротехникалық талаптарды сақтамаудан да болып отыр. Жерге тыңайтқыштар енгізу жер иелері мен пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүргізілуі керек. Әрине, бұл ретте тыңайтқыштарды қолдану жұмыстарына субсидия беру мемлекеттік бағдарламасы әрі қарай жалғасуы қажет. Жалпы еліміз бойынша 15-16 миллион гектар жер тыңайтылуы тиіс.
Жер ресурстарын басқарудағы және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тағы бір өзекті мәселесі — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану. Бұл мәселелерді шешу «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану» Ережесімен реттелген.
— Жерлерді ұтымды пайдалану бойынша өңірлік бағдарламаларын жасаудың алдында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланудың өңірлік тиімділігін анықтау қажет. Ол үшін жергілікті атқарушы органның жер қатынастары басқармалары техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуі тиіс.
Агенттік шалғайдағы мал шаруашылығы мәселелерін реттеуді мақсат еткен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын дайындады. Агенттіктің стратегиялық жоспарына сәйкес, 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер түгенделеді. 3 жыл ішінде барлық ауыл шаруашылығы алқаптары зерттелетін болады. Осы жылы бұл мақсаттағы жұмыстар 30 миллион гектардан аса аумақта жүргізіліпті.
— Жер қатынастары туралы барлық мәселелер Жер кодексімен реттеледі. Жер заңнамасының нормаларын сақтау, орындау жер ресурстарын тиімді пайдалану.
Жерді тиімді пайдалану барлық кезде де маңызды мәселе болған және болып қала береді. Меншіктің түріне қарамастан, барлық жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін жер құнарлылығын сақтау мен оны арттыру бұлжымайтын заң болуға тиіс.
Жер ресурстарын,
оның ішінде, ауылшаруашылық жерлерін
тиімді пайдаланудың тағы бір жолы
– оны қорғау, осы туралы заңдылықты бұзуға
жол бермеу, мемлекеттік бақылауды қатаң
жолға қою және жүзеге асыру.
Біз бұл мақсатқа жер
мониторингін жүргізуді жоғары деңгейге
жеткізу, жердегі өзгерістерді дер кезінде
анықтау, болжам жасау және кері әсері
бар үдерістердің алдын алу арқылы қол
жеткізе аламыз.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын
арттырудағы маңызды шара шаруашылықішілік
жерге орналастыру (ШЖО) болып табылады.
ШЖО жүргізгенге дейін шаруашылық субъектісі
жобалаушыға өндіретін өнімдерінің түрі
және көлемі бойынша жобалық шешім қабылдау
үшін негіз болып табылатын бизнес-жоспар
әзірлеп, тапсырады. ШЖО жобасын жасағанға
дейін шаруашылық жеріне, сонымен бірге
суарылуы мүмкін жер көздеріне, 2-3 жыл
көлеміндегі дәнді және басқа дақылдардың
егіс алқабы туралы ақпарат жинау, алқаптарда
дақылдарды алмастыру ауқымы туралы зерттеу
жүргізіледі, сол сияқты малдардың түрі
бойынша олардың бас саны және оларды
көбейту болашағы, көпжылдық өсімдіктерді,
шабындықтарды және жайылымдықтарды пайдалануы
және басқалары нақтыланады. Бұдан басқа
пайдаланылатын жерлерді өзгерту және
жақсарту алдын ала белгіленеді.
Жобалау кезінде, бәрінен бұрын далалық
зерттеу материалы негізінде ауыл шаруашылығы
жеріне жоба жасалып жатқан шақтағы алқаптың
құрамы жер мониторингін және топырақтың
құнарлылығын, геоботаникалық және топырақтық
іздеулерді ескеріп, нақтыланады. Сосын
жерге орналастыруды жобалау барысында
шаруашылықтың қызметіне, оның көлеміне
қарай мынадай мәселелер шешіледі: қоршаған
ортаны қорғау бойынша топырақ қорғау
және басқа шараларды есепке алып, тораптық
және далалық жолдар желісін, мал фермаларын,
далалық қостарды, алқаптарды суару көздерін
және жайылымдықтарды суландыруды, егістік
алқаптары, көпжылдық өсімдіктерді, шабындықтарды
және жайылымдықтарды орналастыру.
Барлық мәселелер жер бетінің өзіндік
ерекшелігін есепке алып шешіледі.
ШЖО жобасы мәтіндік және графикалық бөлімнен
тұрады және іс жүзінде шаруашылық жүргізудің
барынша мол өнім алуға, шаруашылықты
тиімді жүргізуге және жерді ұтымды пайдалануға
жағдай жасайтын болашақ жоспары болып
табылады.
Жоғарыда айтқанымызға орай ШЖО барлық
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
үшін қажетті шара болып саналады.
Шаруашылықішілік жерге орналастыру туралы
мәселе барлық деңгейде көтерілуде, алайда
шаруашылық басшылары әзірше шаруашылық
жүргізудің тиімділігін көтеруге мүмкіндік
беретін егжей-тегжейлі жоспар жасау қажеттігін
сезіне қойған жоқ. Оған жұмсалған шығын
еселеп қайтатындығын ұмытпаған жөн.
Жер ресурстарын
жаңа жағдайда басқару ісі өңірлік бағдарлама
қабылдау, жерге орналастырудың ішкі шаруашылық
жобаларын ландшафтық-экологиялық негізде
жасау, ауылшаруашылық жерлерін инвестиция
тартудың негізгі көзіне айналдыру арқылы
іске асырылады.
Ғылыми бағдарламаның
негізін құрайтын жоғарыдағы әрбір үлкен
мәселе зерттеулер жүргізе отырып, олардың
нәтижесін жер пайдалану ісінде қолданып
көруді қажет ететін дербес тақырып болып
табылады. Олардың әрбірінің, атап айтатын
болсақ, мемлекеттік жер кадастрының,
жер мониторингінің, жерге орналастыру
және жерді төлемді пайдалану жөніндегі
әдістемелер мен нормативтердің еліміздің
экономикалық жағдайының жақсаруына тигізетін
ықпалы елеулі. Бұл шаралардың қай-қайсысы
болмасын өздерінің инновациялық сипатына
сәйкес еліміздің 2012-2014 жылдарға арналған
үдемелі индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасын, сондай-ақ өңірлік даму
бағдарламаларын жүзеге асыруға тікелей
әсер етуге тиісті.
Сөйтіп, біз Елбасының
басшылығымен жер жөніндегі қатынастарды
кезең-кезеңімен дамыту қағидатын сақтай
отырып, жерге жеке меншік институтының
қалыптасуына дейін жеттік. Мұның өзі
қазір еліміздегі халықты жұмыспен қамтамасыз
етуші негізгі салалардың бірі ауыл шаруашылығына
кәсіпкерлік қызығушылықты оятуға түрткі
болып, жеке инвестициялардың келуіне
жол ашып берді.
«…Жер кодексінің
қабылдануы жер қатынастары реформасының
аяқталғандығын білдірмейді. Өйткені,
эволюциялық үдеріс дегеніміз шексіз.
Демек, біз болашақты бірігіп ойлауымыз
керек», деп атап көрсетті Елбасы.
Бұдан туатын қорытынды
Қазақстанда жер қатынастарын жетілдіріп,
дамытудың негізгі жолдары белгіленді.
Елімізде жер қатынастары саласындағы
мемлекеттік бағыт сараланды. Ендігі мәселе,
Елбасының жоғарыда айтылған қағидалық
сөздеріне және қазіргі қалыптасқан мемлекеттік
идеологияға сүйене отырып ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жеріміздің игерілуіне бизнес
қауымдастығы, халық болып үлес қосу.
Жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:
1.Есептеу. Жер ұлттық байлық
ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың,
жеке жер иеленушілермен жер
пайдаланушылардың өндірістік –
2.Жер қорын тиімді
3.Жер бөлімшелерінің сапалық
қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі
әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер
жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі,
тиімділігі төмен жерлер де
пайдаланылады және жұмсалған
еңбектеріне қарамай жақсы
Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір – бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.
Қорытынды
Жерді игеру, күтіп
ұстау, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне
бизнес неғұрлым сергек қараса, жер қадірі
де арта түскен болар еді. Міне, осыны мемлекеттік
қызметкерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар,
шаруалар болып бірлесіп ойластырып, жер
мәселесіндегі заңдылықтарды талапқа
сай жетілдіріп, жаңа технологиялардың,
білікті, іскер кадрлардың келуіне жол
ашуымыз керек.
Екіншіден, мемлекет
адамдардың жермен жұмыс істеуіне еркіндік
бере отырып, осы бағыттағы заңдылықтардың
дұрыс орындалуын қатаң қадағалап отыруы
қажет. Сонда ғана халықтың жерге қатысты
мемлекеттік саясат туралы түсінігі дұрыс
қалыптасатын болады.
Өкінішке қарай, қазіргі
күні қоғамымызда жер қатынастары
мәселесінде әр алуан пікірлердің айтылып
қалатындығы жасырын емес. Бір есептен
мұндай мәселелердің көтерілуі орынды
да. Енді осындай жайттарға көз жіберіп
байқасақ, көп мәселе заңдардың дұрыс
және дер кезінде орындала бермейтіндігіне
келіп тірелетіндігін немесе адамдардың
жеке өз кемшіліктеріне байланысты болып
келетіндігін байқаймыз. Мәселен, көптеген
адамдар жердің қадірі мен маңызын кезінде
дұрыс бағалай білмеді. Өз бетінше шаруашылық
құрып, жермен жұмыс істеуді қалыптастырып
ұйымдастыра алмады. Айталық, кезінде
мемлекет ауыл шаруашылығы саласында
еңбек ететіндерге кеңшар, ұжымшарлардың
таратылуына байланысты босап қалған
алыс қыстаулардағы жайылымдық жерлерден
тиісті үлес бергенімен мұның маңызына
ешкім мән беріп жатпады. Ол жерлерге сол
өңірлерде бұрыннан мекендеп келе жатқан
шопан отбасылары болмаса, көп адамдар
қызыға қойған жоқ. Ал енді қазір мал санының
көбеюіне байланысты бұрынғы қыстаулар
мен жайлаулардың да қадірі арта бастады.
Мұндай жерлер мал өсірем деушілер үшін
бірте-бірте құт-береке көзіне айналып
келеді. Сөйтіп, кезінде жер қадірін дұрыс
бағалай алмағандардың біразы сан соғып
қалды.
Ал енді осыған мемлекетті
кінәлауға бола ма? Осы жағдайға жергілікті
шенеуніктердің жер заңдылықтарын бұра
тартатындығы немесе оны өздері де дұрыс
түсінбей әрекет ететіндігі келіп қосылады.
Міне, осыдан барып қоғамда жер қатынастары
мәселесінде түсінбестік жағдайлардың
бар екендігі байқалып қалады. Шындығында,
мұны жер жөніндегі саясаттың, идеологияның
кемшілігі деп айту дұрыс емес. Ол белгіленген
саясатты орындау, жүзеге асыру барысындағы
немесе қоғамда қалыптасып қалған бұрынғы
теріс көзқарасқа байланысты кемшіліктер.
Осы ақиқатты түсініп, ұққанша да әлі біраз
жылдар қажет болар.
Сонымен, бүгінгі күні
мемлекеттің жерге қатысты жүргізетін
саясаты толық айқындалып, олар заң негізінде
бекіді. Ендігі мәселе, осы заңдылықтардың
қалай сақталып, орындалатындығына байланысты.
Мұның өзі Жер ресурстарын басқару агенттігімен
қатар ендігі салмақ жүгі ауып отырған
жергілікті әкімдіктерге орасан зор міндеттер
жүктейді және олардың аталған мәселеде
білікті болуын талап етеді. Ол үшін, әрине,
жер иеленушілер мен пайдаланушыларға
нарық еркіндіктерін бере отырып, мемлекет
тарапынан болатын тиісті бақылау шараларын
бір сәт те босаңсытпау қажет.
Қазіргі күні жер қатынастарын
қалыптастыру мен еліміздің жер ресурстарын
басқару саласында мемлекеттік саясатты
дұрыс жүргізу – қоғамның бірігуі мен
елдің ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз
етудің бір кілті екеніне көзіміз жетіп
отыр.
Тұңғыш Президентіміз
Нұрсұлтан Назарбаев та аз жылдың ішінде
Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай,
оны халықаралық маңызы зор еуропалық
ұйымның төріне шығарды. Президентіміздің
қызметі мен халықаралық беделі халқымызды
жедел дамуға бастап отыр.
Сөйтіп, осыдан 20 жыл
бұрынғымен салыстырғанда, Қазақстан
қазір көп өзгерді. Себебі, біз еліміз
бен жеріміздің ішкі мүмкіндіктерін ашып
бере алатындай көптеген жаңа заңдар қабылдадық.
Қазір соның негізінде Елбасының сара
саясатымен алға басып келеміз. «Біз өз
жеріміз бен табиғатымызды ата-бабадан
мұраға қабылдағанымыз жоқ, біз оны болашақ
ұрпақтан қарызға алып отырмыз», деді
Елбасы халықтың маңызы ескірмес даналық
сөздеріне сүйене отырып. Демек, елімізде
қазіргі күні жүріп жатқан жер қатынастары
саласындағы реформа – бұл тек бүгінгі
күннің ғана мәселесі емес, сонымен қатар
болашақ ұрпақ қамы. Бұл жер саласындағы
мемлекеттік саясаттың басты қағидасы.
Міне, осыны ескере отырып жұмыс істеу
еліміздің кез келген азаматының абзал
борышы.
Пайдаланылған әдебиеттер: