Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 22:30, лекция
Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу үшін Label (таңба) және TextBox (мәтіндік терезе) типті элементтері қолданылады. Label элементі формадағы кейбір мәтіндерді бейнелейді, ал мәтіндік терезе қосымшаның орындалу режимінде кейбір мәтіндерді енгізу ісін атқарады.
Мәтінді бейнелеу үшін Label элементінің қолданылуы
Label элементі қолданушы қосымшаны өзгерте алмаған жағдайда мәтінді бейнелейді. Бұл элементтер басқа өзінің жеке қасиеттері жоқ Caption басқару элементтерін теңестіру үшін өте қолайлы, мысалы мәтіндік терезе және ListBox (тізім терезесі) типті терезе.
Лекция 5
Ақпаратты енгізу және бейнелеу элементтері
Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу үшін Label (таңба) және TextBox (мәтіндік терезе) типті элементтері қолданылады. Label элементі формадағы кейбір мәтіндерді бейнелейді, ал мәтіндік терезе қосымшаның орындалу режимінде кейбір мәтіндерді енгізу ісін атқарады.
Мәтінді бейнелеу үшін Label элементінің қолданылуы
Label элементі қолданушы қосымшаны өзгерте алмаған жағдайда мәтінді бейнелейді. Бұл элементтер басқа өзінің жеке қасиеттері жоқ Caption басқару элементтерін теңестіру үшін өте қолайлы, мысалы мәтіндік терезе және ListBox (тізім терезесі) типті терезе.
Caption қасиеті – Label элементін бейнелейтін жалғыз қасиет емес. Бұл элементтің BorderStyle қасиеті бар, ол таңбалар түрін анықтайды.
Мәтіндік терезелер (text boxes) – қосымшамен жұмыс істеу кезінде ақпараттарды енгзу үшін және бейнелеу үшін қолданылатын көп функционалды басқару элементтері. Бұл элементтерді ақпараттарды шығару үшін қолдануға болмайды.
Мәтін таңбаға қарағанда Text қасиетінде сақталады, ал Сaption қасиетінің мәтіндік терезесі мүлдем жоқ.
Көпжолды мәтіндік терезе және сөздерді тасымалдау.Үнсіз келісім бойынша мәтіндік терезе біржолды мәтінді бейнелейді. Егер мәтін ұзын болса онда оның бәрі терезеге сыймайды. Көпжолды мәтіндік терезені құру үшін (multiple-line text) MultiLine және ScrollBars қасиеттері тағайындалған. MultiLine қасиетін True орнату қосымша жұмыс істеу режимінде бейнелеу және енгізілетін мәтінді қабылдауға мүмкіндік береді.
Курсор қосымшасы мен мәтіндік терезедегі ерекшеленген кейбір мәтінді SelStart, SelLenght және SelText қасиеттерінің көмегімен басқаруға болады. Бұл қасиеттер тек қана қосымша жұмыс істеп тұрғанда ғана орындалады.
SelStart және SelLenght қасиеттері орнына қою курсорының бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Егер SelStart қасиетіне мәтіндік терезенің жолдар ұзындығын көтеру үшін мән беретін болсақ, онда орнына қою курсоры жолдың ең соңғы символынан кейін орналасады. Мұның қалай жұмыс істейтінін көру үшін, формаға мәтіндік терезе қосып, осы терезенің Тext қасиетін жолдарға өзгерту қажет,мысалы, «1234567890», CmdOK_Click процедурасын листинг кодымен бірге жазу қажет.
Оқиғаны өңдеу процедурасы:
1 Private Sub CmdOK_Click ()
2 `оқиғаны өңдеу процедурасы –
3 `ОК батырмасын шерту
4
5 ` SelStart мәтіндік терезесінің қасиетін өзгерту
6 Text 1. SelStart = 2
7
8 End Sub
Мұндағы Private (өзіндік жабық) процедураны тек форма ішінде пайдаланатындай етіп жариялау. Sub (Subroutine) – программаны процедура түрінде жариялау түйінді сөзі. Бұл процедураны жазып болғаннан кейін Run мәзірінен Start командасын орындау керек.Содан кейін ОК батырмасын басу қажет. Сонымен қатар SelStart қасиеті 2 мәнді қабылдайды, бірақ сұхбат терезесінде ештеңе өзгермейді.
SelLenght қасиетінде сандар көрсетіледі, яғни ол ерекшеленген символдар санын мәтіндік терезеде береді. SelLenght қасиетін тестілеу үшін Form_Load процедурасын қолданамыз.
Форманы толтыру процедурасының коды:
1 Private Sub Form_Load ()
2 `форманы толтыру процедурасы
3
4 `мәтіндік терезенің қасиетін өзгерту
5 Text 1. SelStart = 2 ` орнына қою курсорының бастапқы жері
6 Text 1. SelLenght = 4 `ерекшеленген символдар саны
7
8 End Sub
Информация о работе Ақпаратты енгізу және бейнелеу элементтері