Аз қабатты тұрғын үйді жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 09:29, курсовая работа

Описание работы

Сәулет өнері барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл - ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Жалпы бөлім
2.1. Табиғи клматтық жағдай
2.2. Техникалық шарты
3. Көлем жобалау шешімдер
4. Конструктивтік шешімдер
5. Бас жоба шешімдері
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Түсіндірме жазба.docx

— 110.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті

«Сәулет өнері» кафедрасы

 

 

 

 

«Сәулет-1» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Аз қабатты тұрғын үйді жобалау»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған :  201-топ студенті Молдағалиева Ә.Ғ.

Жетекші: Сұранқұлов Ш.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ аагротехникалық  университеті

«Сәулет өнері» кафедрасы

 

«Сәулет-1» пәні бойынша  «Аз қабатты тұрғын үйді жобалау» тақырыбындағы курстық жұмысты  орындауға

ТАПСЫРМА

 

201 топ студенті - Молдағалиева Әсемгүл

 

Жобалау мәліметтері:

- құрылыс орны  - Орынбор қаласы

- ғимарат атауы «2 қабатты жеке тұрғын үй»                                                   

Курстық жұмыс түсіндірме жазбадан және сызба бөлігінен тұрады.

 

Түсіндірме  жазба құрамы:

 

Негізгі бөлімдер

Көлемі,%

Орындалуы.

  1. Кіріспе
  2. Жалпы бөлім
  3. Сәулет жобалау шешімдірі
  4. Бас жоба шешімдері
  5. Конструктивтік шешімдері
  6. Қолданылған әдебиеттер

5

5

30

40

20

 

 

Сызба бөлігінің  құрамы:

  1. Өндірістік ғимарат план. М 1: 100, 1: 200
  2. Ғимараттың көлденең және бойлық қималары. М 1: 50, 1: 100
  3. Түйіндер, М1: 10, 1: 20
  4. Іргетас, жабын, шатыр пландары, М1: 100, 1: 200
  5. Ғимарат фасадтары, М1: 100, 1: 200
  6. Бас жоба планы. , М1: 400, 1: 500

 

 

«Сәулет өнері» кафедрасының мәжілісінде бекітілген. Хаттама  № ___, ______2013ж.

 

Тапсырма берген                                                                                 Сұранқұлов Ш.Ж.

Орындаушы                                                                                        Молдағалиева Ә.Ғ.

 

Мазмұны

 

  1. Кіріспе                                                                                                            
  2. Жалпы бөлім                                                                                                         
    1. Табиғи клматтық жағдай                                                                                     
    2. Техникалық шарты                                                                                               
  3. Көлем жобалау шешімдер                                                                                                                                                                 
  4. Конструктивтік шешімдер
  5. Бас жоба шешімдері
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кіріспе

Сәулет өнері барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл - ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.

 Сәулетші ғимараттарды  жобалау барысында ежелгі рим  сәулетшісі Витрувийдің триадасын  әр уақытта есте ұстауы тиіс. Ол: «беріктілік, пайдалылық, әсемділік». Осы триадаға сәйкес ғимараттар функцианальды (ыңғайлы, пайдалы), конструктивті (берік, үнемді), эстетикалық (әдемі, мағнасына сәулеті сай болуы) талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Сәулет өнерінің мақсаты  – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым - құрылыс  конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Функцианальдық ерекшелігіне байланысты ғимараттардағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталынады. Ол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне үлкен көңіл  бөлінеді.

 Барлық ғимараттардың  сол және басқадай функционалды  процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар мен инженерлік құрылғыларды (санитарлық, жылытқыш, вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтармен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік заңдары бойынша салынады.

Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді-жоспарлау  шешімдері, құрылыс және әрлендіру  материалдардың дұрыс таңдалынуы, конструкцияны  жеңілдету, құрылыс әдістерін жетілдіру  арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерінің саны артты. Осы арада, құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы, сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.

Ұсынылатын жоба конструктивті  ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған, қатал функцияналды талаптарға жауап  беретін, архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жалпы бөлім

1.1 Орынбор қаласының табиғи-климаттық жағдайы

 

Климаттық аудан – III A

Көпжылдық орташа температурасы  – 3,9°С

Ылғалдық аймақ – Құрғақ

Абсолютті максималды – 42°С

Абсолютті минималды – - 42°С

Жылдағы ең суық ай – қаңтар

Ең ыстық ай – шілде

Жауын-шашынның орташа есебі 350-450мм

 

Орынбор (1938–57 ж. Чкалов) - Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзенінің атына байланысты қойылған. Орынбор Жайық өзенінің жағалауында орналасқан Солтүстік батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.

Орынбор аймағының климаты шұғыл континентальды, құрғақ. Қысы суық, жаз мезгілі ыстық және құрғақ. Көктемі қысқа, қысы ұзақ және құрғақ. Континентальдылық пен ауаның шұғыл құрғақ болуы ең алдымен теңіз бен мұхиттардан алшақ орналасуымен түсіндіріледі.

 

Бағыттар бойынша  желдің қайталануы

Ай

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

Қаңтар 

10

11

29

13

7

17

10

3

Шілде

20

15

16

5

3

8

16

17


 

Жел раушаны

 

 

1.2 Ғимараттың техникалық шарты

 

Курстық жоба «Аз қабатты  тұрғын үйді жобалау» тақырыбына сай  орындалған.

 

Ғимарат классы - II

Төзімділік деңгейі - II

Өртке төзу деңгейі – III

 

Су құбырының ішкі және сыртқы жүйесі полипропилен құбырларынан орындалған, орталықтанған. Су шығынын өлшеу түйініне: фильтр, кері клапан, вентиль және мұздай су есептегіші кіреді. Апат жағдайында ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында оны қайнату үшін мұздай су жіберілетін қазандықты орнату ескерілген.

Канализациялық жүйе полипропилен канализация құбырынан жобаланған, орталықтанған.

Жуынатын бөлмеде хромдалған болат сүлгі кептіргіштер орнатылады.

Ғимаратты электрмен қамтамасыз ету жалпы орталықтанған электр желісі арқылы жүзеге асады. Электрсымдарын жоспары жасалынған ғимараттың ішкі қабырғаларын сылау алдында, ғимарат конструкцияларына арнайы бекіту элементтерін орнатып жүргізеді. Қажет жағдайда қабырға мен жабындарды электжелілерін өткізу үшін бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Электр энергиясының шығынын есептеу үшін кіреберісте электресептеуіш орнатылды. Суды өткізу сыртқы ұйымдасқан. Вентиляция, ауа ағымы форточкалар, ал сору вентканалдар арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көлемді –жоспарлау шешімі

 

Азқабатты жеке тұрғын үй - бұл көп жағдайда, биіктігі 2-3 қабаттан аспайтын үйлер, таунхауздар, дуплекстер мен коттедждер. Мұндай ғимараттардың ерекше сипатына лифттер мен орталық қоқыс жүйесінің болмауын жатқызуға болады. Бұл үйлердің инженерлік инфрақұрылымы жеңілдетілген.

Ғимарат –екі қабатты, чердагы және подвалы бар. Қабат биіктігі 3 м, подвал биіктігі 2,1м , ғимараттың жалпы биіктігі 8,91м; 0,000 белгісі ретінде бірінші қабаттың таза беттік едені алынған.

Тұрғын жай  – адамдардың ұдайы өмір сүруіне есептелген оқшауланған жай.

Жалпы түрде жоспарлау кезінде ескеретін едәуір маңызды екі қағиданы ерекшелеуге болады:

  1. Жайларды дұрыс функционалды аймақтандыру (зонирование). Бұл қағида бойынша зоналар (аумақтар) тағайындалуы бойынша бір-бірінен максималды алшақтатылуы қажет. Демалысқа арналған бөлмелер мен шулы жайлар бір- бірінен мүмкіндігінше алыс болуы қажет.
  2. Жайларды дұрыс коммуникациялық аймақтандыру. Бұл қағида дәліздердің, жеке тұтыну орындарын (дәретхана, ванна), өз жерінде тұруы қажет орындардың (мәселен, тоңазытқыш асханадан алыстатылмауы керек)   ыңғайлы орналасуын қамтамасыз етеді.

Аймақтандырудың барлық нұсқалары  әр зонада максималды ыңғайлы жүріп-тұру үшін қажет.

Санитарлық түйіндер. Санитарлы-гигиеналық түйіндер екі қабатта орналасқан: 1 қабатта тек әжетхана, ал 2 қабатта кең, ыңғайлы шомылу бөлмесі орналасқан. Әжетханасы бөлек.

Асхана кухня  біріктірілген тұрғын жайларды функционалды шешімінің нұсқасы болып табылады. Адамның тамақтануы мен өзара тілдесу мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «ұлы депрессиядан» кейін АҚШта ойланып табылған.

Қонақ бөлмесі. Қонақтарды қабылдайтын бөлме. Дәстүр бойынша бұл - пәтердегі ең үлкен және ең жарық жай. Орталық бөліктің орнын әдетте ас ішетін стол алады. Адам демалуы үшін міндетті атрибуттар аудио-видео аппаратура мен жұмсақ жиһаз болып табылады.

Жатын бөлмесі  – ұйықтауға арналған жай.

 

2.1 Жайлардың экспликациясы

 

Позиция

Жайдың атауы

Ауданы

001

Шеберхана

33.00

002

Дене шынықтыру бөлмесі

31.9

003

Дәліз

17.6

004

Қойма

7.8

101

Қонақ бөлмесі

33.6

102

Асхана

24

103

Қазандық бөлме

9.9

104

Санитарлық түйін

2.2

105

Кіре беріс дәліз

13.3

106

Ауыз бөлме

8.5

201

Жатын бөлме

33.6

202

Жатын бөлме

24

203

Санитарлық түйін

9.9

204

Санитарлық түйін

2.2

205

Қазандық бөлме

13.3

206

Қойма

8.5


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.  Конструктивті шешімдері

 

Ғимарат конструктивтік схемасы – каркассыз аралас схема. Негізгі көтеруші элементтер – кірпіш қабырғалар және ж/б жабындар.

Информация о работе Аз қабатты тұрғын үйді жобалау