Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 14:04, реферат
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ.
Пирамиданы адам салғаны рас па?
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4
мың жыл бойы осы бір сұрақ
кімді де болсын мазалауын қояр емес.
Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып
дүниені адам салуы мүмкін емес»
деп күмәнданатындар да кездеседі.
Біреулері «жындар салған болуы
ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер
бетінде болған басқа өркениеттің
белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай
кереметті бөтен ғаламшардан
келгендер салған» деген
Таңғаларлық деректер
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс
пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды.
Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз
жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі
ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған,
ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс.
Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн.
тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға
2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың
ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр.
Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің
екі шіркеуін орналастыруға болар еді.
Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың
тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын
3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға
жетеді деген қызық есеп шығарған екен.
Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені
IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын
Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс
жағалауына өзінің болашақ моласы етіп
салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей
жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз
шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын,
пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан
аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
Пирамидалар қалай салынды?
Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен
салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың
қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп,
қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық
орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің
төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8
минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске
көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы,
келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі
биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл
өлшеммен шұбырта бағытталып салынған
(2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына
қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар
орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері
мен апа-қарындастарына арналған молалар
болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары
егіз тамшыдай. Хафрдың тұсына таман салынған
адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі
алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған
(1-сурет). Қарапайым құрал-саймандармен
мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны
туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады.
Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен
бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі
жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды
салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген.
Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына
су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып,
жібіген соң торкөз жыралар қазылған.
Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін
арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған
(3-сурет). Су тартылған кезде жыраларда
шамалы су қалдырылған. Осылайша судың
көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды
түгел тегістеген. Әрі жырадағы қалдырылған
судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал
ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен
пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл
қисайып ауытқымастан мызғымай тұр. Хеопс
пирамидасын салуға пайдаланылатын тастар
Гизадан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта
болған. Жұмысшылар жартастарды бөліп
алу үшін оның жарықтарына ағаш қазықтар
қағып, су құйған. Ісінген қазықтар жартастарды
оңай бөліп жіберетін. Бөлінген тасблоктарды
құлату үшін ағаш иінтіректер мен берік
арқандар пайдаланылған (5-сурет). Алып
тасблоктар аунап түскен кезде, жылжытып
әкету үшін астына тізілген жұмыр ағаштар
қойылған. Тасты өндіруге 1200 жұмысшы қатысқан.
Тастар Ніл өзені және арна арқылы құрылыс
алаңына жеткізіліп отырған. Бұл тастар
жағада өңдеуден өткізіліп ағаш шаналарға
тиелетін. Пирамиданың биіктеуіне сәйкестіре
отырып, балшық кірпіштерден көлбеу саты-жолдар
жасалған. Оған жұмыр ағаштар төселіп,
тас тиелген шаналардың әрбірін екі қатар
тұрған 24 жұмысшы арқанмен тартып биікке
шығарған (4-сурет). Қалайтын алаңға жеткізген
соң ағаш иінтірек, арқан, төселген жұмыр
ағаштар арқылы керек жерге тасты орналастыратын.
Мұндай құрылысқа бір кезекте 20 мыңдай
адам жұмылдырылған. Пирамиданы салуға
Хеопстың ұлы Хафр өзі басшылық етті, ал
сәулетшілер, ерекше талантты өнертапқыштар
таңдалып отырған.
Хеопс пирамидасының ішіндегі құпиялар
Хеопста басқа пирамидаларға қарағанда
ішкі ауа жолдары мен камералар өте көп.
Олардың бәрі фотокамера-роботтар арқылы
зерттелсе де, жұмбақ нәрселер әлі де жетерлік.
Пирамиданың дәл ортасына патша камерасы
орналастырылған. Оның ұзындығы - 10,6 м,
ені - 5,3 м, биіктігі - 5,9 м. Оның үстінде
және 5 шағын камера бар. Олар қабір камерасын
басып тұрған салмақты жеңілдетеді және
оны бұзылудан қорғайды. Камералардың
аралығындағы гранит тақталарға Хуфудың
өз аты және шеберлердің аты ойылып жазылған.
Хуфудың мәйітіне арналған тас саркофагін
камерадан шығарып әкету мүмкін емес,
оның көлемі камераға кіретін есіктен
үлкен. Бұл оның алдын ала орналастырылғанын
көрсетеді (6-сурет). Патша камерасына ауа
ағыны солтүстіктен және Орион жұлдызы
бағытынан келіп кіреді. Бұл фараонның
жаны жұлдызға көтерілсін деген тілектен
туған. Фараонның мәйіті 43,3 метрлік кемемен
молаға әкелінген. Пирамиданың іргесіндегі
ғибадатханада жерлеу рәсімі жасалған
соң, мәйіт жерасты жолымен патша камерасына
жеткізілген. Оған кірген жұмысшылар мен
абыздар жерасты жолына қарай түскен соң,
қайтарда шығар жерді гранит тақталармен
білінбейтіндей етіп бекітіп кететін.
Ал, патша камерамен жалғасып жатқан «Үлкен
галерея» деп аталатын ұзындығы 46,7 м, ені
2,1 м ұзын дәлізді қарақшылардан қорғау
үшін үш гранит тақтамен бөгеп қойған.
Оған солтүстік жақтан келіп кіретін есік
әктасты қаптауыштың астында құпия жасырылған.
Патша камерасынан төменіректе ханшайым
камерасы да болған. Оған да 2 ауа жолы
және жер астына түскен соң екіге айырылатын
бөлек дәліз жасалған. Бірақ, оған ханшайымның
мәйіті қойылмаған, Фараонның мүсіні сақталған.
Бұл да - шешуі жоқ жұмбақтардың бірі. Қазір
бұл пирамидалар қалашығы саяхатшылардың
сүйікті мекеніне айналып отыр. Түнге
қарай онда сиқырлы музыкалар ойналып,
төрт жағынан көз тартарлық лазер сәулесі
түсіріліп тұрады. Пирамидада әлі де қазба
мен қалпына келтіру жұмыстары бір толастамайды.
Пирамиданы не үшін салған?
Ғажайып пирамиданы салдырған қандай
күш? Әрине, осындай идеяны ең алдымен
өмірге әкелген адамның өз рухы екені
талассыз. Ал, адамның рухында мәңгілікке
деген құштарлық бар. Ол - адамға Жаратушыдан
берілген. Мәңгі дүниенің бар екендігінің
нышаны осыдан білінеді. Яғни, өтпелі мынау
дүниені емес, ақырсыз ақирет дүниесін
адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда,
адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген.
«Өлместің суы», «Қорқыттың көрі», «Самұрық
құс»...осыдан шыққан. Перғауын секілді
жарты әлемді билегендер де жанталасып,
мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген.
Бірақ, осындай рухтың иесі болған мәртебелі
фараондар өзіне рух дарытқан Ұлы иесін
тани алған ба? Рас, оны тани алғанда, мәңгілікке
қалудың амалын бұл дүниеден шарқ ұрып
іздемес еді. Жаны шығып кеткен мәйітін
мумиялатып әуреге түспес еді. Жүз мыңдаған
жұмысшы құлдардың қан мен терін ағызып,
тас зәулім салғызбас еді. «Мәңгілік»
деп өзін алдаусыратқан асқан берік гранит
тастардың терең қуысына өз атын жазғызып,
зергерлерді азапқа салмас еді. 4 мың жыл
адамзат тарихы үшін ұзақ көрінгенмен
замана үшін қас қағым сәттей ғана. Әрі
асқар шыңдай тас пирамиданың шын мәнінде
Перғауынның жанымен де, рухымен де еш
қатысы жоқ. Асылында, ол тас ескерткіш
мәңгілікті аңсаудың рәмізі болып қана
қалған. Олай болса, мәңгілікті пәни дүниеден
табам деу адасушылық. Әлемнің патшасы,
мейлі көшенің қайыршысы болсын, иманға
келмесе, мәңгілікке деген арманын қанағаттандыра
алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң, мәңгіліктің
де мәні жоқ. Кім болса да пирамиданың
иелеріне ұқсап, «бұ дүниелік мәңгіліктердің»
жетегінде адасумен торыққан күй кешеді.
Ал, баяғыда салынып, бізге жеткен бұл
пирамидалардан біз адам өмірінің де,
дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын
ғибрат алсақ дейміз.