Аналық тақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 18:40, доклад

Описание работы

Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.

Файлы: 1 файл

инфор.docx

— 34.80 Кб (Скачать файл)

Аналық тақша

Аналық тақша (Плата материнская; motherboard) — орталық процессор, жедел жад микросхемалары, кеңейту қуыс- орындары және есептеу Машинасының басқа да кейбір жүйелік сыңарлары орналастырылған негізгі мөрлі тақша. Кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. Ӏшкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен үзілімдер арқылы әрекеттеседі. Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.

Аналық тақта ағылшынша motherboard) сонымен бiрге mainboard атау ағылшынша қолданылады - бас тақта; с енг. ана, ана, негiз ) - бұл (ОЗУ орталық процессор, контроллер және ОЗУ, жүктеушi ТСҚ, енгiзу-шығарудың негiздi интерфейстерiнiң контроллерлерi шындығында) дербес компьютердiң негiзгi компоненттерiн бекiтiлген күрделi көп қабатты баспа тақта. Әдеттегiдей, аналық тақта қосуы үшiн USB, PCI және PCI-Expressтiң шиналарын әдетте қолданылатын қосымша контроллерлердiң қосуы үшiн (слоттар ) тiркеуiштер болады.

Аналық тақтаға қойылған негiзгi компоненттер:

Орталық процессор chipset ағылшынша) жүйелiк логиканың жиыны - ОЗУға және шеттегi құрылымдардың контроллерлерiне Цпу қосу қамтамасыз ететiн микросхемалардың жиыны Бейнекарта Видеокарта; video card) — бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композит сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді өңдеп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.Саундбластер (дыбыстық карта) (саундбластер (звуковая карта); sound blaster) - дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы (тақша); creative labs фирмасы 1989 жылы шығарған, кейіннен компьютерлердің дыбыстық тақшаларының стандартына айналған. Көптеген мультимедиалық программалар компьютерде осындай дыбыс тақшаларының болуын талап етеді.Желілік карта ағылш. Network Interface Card, NIC) — компьютерді желіге қосатын құрылғы. Бұл құрылғы сондай-ақ желілік тақта немесе желілік тілдесу тақтасы NIC) деп те аталады.Компьютерге орнатылған желілік тақта желіге қосылым орнатуға мүмкіндік береді. Басқа желілік тақталардың көмегімен басқа компьютерлермен арада бөлек, тұрақты жұмыс істейтін қосылым қамтамасыз етіледі. Желілік тақталардың көпшілігі желінің белгілі бір тұрпатына арналған, бірақ олардың кейбіреулері бірнеше желіге қызмет көрсете алады. Желінің ең кең тараған тұрпаты –Ethernet; бұл компьютерлердің өзара әрекеттесуінің желілік стандарты, онда коаксиалды сым немесе өрілген қос сым пайдаланылады.

Аналық тақша  және онда орналасқан жүйелер.

Жүйелік блогқа аналық тақша, қоректену блогы, диск жетектер, қосымша құрылғылар және кеңейту тақшалары мен басқылаушылары, ішкі құрылыс адаптерлері орнатылған.

Аналық тақшада:

  • Микропроцессор;
  • Математикалық бірлескен процессор;
  • Блогтар (кішігірім сұлбалар), тұрақты және кэш жады;
  • Таймер;
  • Енгізу шығару порттарының бақылаушысы орналасқан.

Микропроцессор  – Дербес компьютердің орталық блогы, ол барлық машина блогының жұмыс жасауын  және ақпараттың арифметикалық операцияларының  орындалуын басқарады.

Микропроцессордың ішіне кіреді:

  1. Басқару құрылғысы – сандық және нышандық ақпараттардың барлық арифметикалық және логикалық операцияларын орындап отырады.
  2. Арифметика-логикалық құрылғысы – сандық және нышандық ақпараттардың барлық арифметикалық  және логикалық операцияларын орындап отырады.
  3. Микропроцессорлық жад – қысқа уақытты ақпараттарға арналған.
  4. Микропроцессордың интерфейстік жүйесі – басқа ДК құрылғыларын байланыстырады.
  5. Жүйелік сым – компьютердің интерфейс жүйесінің негізі, ол деректер жадының сымынан, ережелер кодының сымынан және қоректену сымынан тұрады. Қазіргі компьютерлерде 2 түрлі сым болады:
  • ISA – сымы жылдамдығы баяу құрылғыларды қосу үшін қолданылады (пернетақта, жүгірткі, модем).
  • PCI – сымы жоғары жылдамдықтағы құрылғыларды қосу үшін қолданылады ( винчестер, бейне-бақылау).
  1. Таймер – ішкі машиналық электронды сағат. Ол жылды, айды, сағатты, минутты сәйкестендіріп отырады.
  1. Енгізу-шығару порттарының бақылаушысы – көбінесе аналық тақшада орналасады. Бақылаушы порттарына кабель арқылы принтер, модем т.б. қосылады.

Қазіргі уақытта  аналық тақшаның келесі 3 түрлі көлемін  шығарады: Baby T, AT және ATXI көлемінің ұлғаюына қарай.Барлық Pentium класының аналық тақшасы – кэш жады деп аталады. Негізінде, кэш жады бұл процессор өңдейтін мәліметтерді күту бөлмесі, кэш үлкен болған сайын ол жақсы жұмыс істейді. Socket 7 типінің процессоры қолданатын көптеген аналық тақша 256 Мбайт кэш жады көлемімен шығарылады.Pentium класының стандартты аналық тақшасында тізілген EIDE бақылаушы,  Ultra DMA бақылаушы немесе SCSI бақылаушысы қолданылады. Олар компьютердің жылдам әрі ыңғайлы жұмыс істеуіне көмектеседі. Тізілген бақылаушысы бар аналық тақшаға дискіні жинақтаушыда  немесе иілгіш дискідегі басқа басқарушы керек емес.Тізілген  порттары. Тізілген бақылаушыларға тізілген бірізді параллель порттар адаптер  шоттарын тиімді қолдануға көмектеседі. Кейбір аналық тақшаларда бар. Егер аналық тақша тізілген бақылаушымен тізілген порттардан тұрса, біріншіден, бақылаушы  порт IDB-құралымен байланысты болуы керек; екіншіден, тізілген бірізді порттар соңын жылдам моделімен қосу үшін – 16550 U ART чиптерін қолдану керек, ал параллельді порттар BCP/BDD типінде болуы керек.Әрбір аналық тақшада чиптер жиынтығы болуы керек, оны BIOS (Basic Input-Output System – енгізу-шығару жүйесі) деп атайды. BIOS әр түрлі типтегі енгізулерді басқарады. Мысалы: BIOS қатты және иілгіш дискідегі қандай жинақтауыштарды қолдануға болады. Мәліметтер жадыға қалай жазылады және оқылады, пернетақтаны басқанда қандай жағдайлар орындалады. Көптеген компьютерлерде Intel Award, Phoenix немесе AMI типіндегі BIOS қолданылады. Барлық аналық тақшаларда өздері басқара алатын максималды шектеуіш жады көлемі бар.256 немесе 512 Мбайт жады бар аналық тақшаны қолдануға болады. Дербес компьютердің микропроцессоры, жүйелік тақша,

Микропроцессор. 

Микропроцессор  – бір кристалда дайындалған үлкен интегралдық схема, олар әр түрлі типтегі ЭВМ жасауға қажетті элемент болып табылады, оны әр түрлі логикалық функцияны орындайтын етіп бағдарламалауға болады. Сондыктан бағдарламаларды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ретінде қолдануға болады. Қазіргі уақытта, көбінесе, Intel фирмаларының процессорлары кеңінен таралған. Соңғы кезде мынандай процессорлар қолданылады: Intel, Pentium, Celeron, Coe 2, Dino.Процессордың  негізгі мінездемелері:

  1. Тактілік жиілігі (Гц ағыны);
  2. Өтімділігі;
  3. Энергияны пайдалануы;
  4. Архитектурасы.

Жүйелік тақша (аналық тақша).  

ДК-ның  негізгі компоненттері орналасып, қосымша құрылғыларды біріктіретін күрделі электронды тақта.Жүйелік тақтада орналасқан негізгі компоненттер:

  1. Процессор;
  2. Жедел жад;
  3. Жүктемелі тұрақты жад микросхемасы;
  4. Жүйелік логика жиыны; чипсет:солт. және оңт. мосттан тұрады.

Солт. мост – орталық процессорды дербес компьютердің жедел жад, бейнекарта сияқты өте жылдам істейтін құрылғылармен байланыстырады.Оңт. мост – процессорды дербес компьютердің қалған барлық перипериялық (қосымша) құрылғыларымен байланыстыруға мүмкіндік береді.CPU - (Орталық есептеуіш құрылғы) – машиналық командаларды орындайтын компьютердің негізгі құрылғысы болып келетін электронды блог немесе микросхема.Шина (магистраль) - жүйелік тақша құрылғылары мен компоненттері арасында мәлімет алмастыруға мүмкіндік беретін өткізгіштер жиыны мен оны бақылайтын ережелер (протокол) тобын шинадеп атайды.Әрбір шинаның құрамына келесі компоненттер кіреді:

  1. Мәлімет алмасатын өткізгіштер (ақпараттық шина);
  2. Мәліметтерді адрестейтін өткізгіштертер (адрестік шина);
  3. Мәліметтерді басқаратын өткізгіштер (басқару немесе командалық шина);
  4. Шина контролері – мәліметтердің (басқару сигналдарымен) алмасу процесін басқаруға арналған құрылғы.

 

            

 

 

 

 

 

MS DOS операциялық жүйесі

Өзіміздің РС қолданылатын DOS – супервизорлар, басқарушы программалар немесе ЖО ретінді бізге танымал  компьютелік программалар классының  ішіндегі тек бір мысалы бола алады. DOS сияқты ОЖ-лер машиналарға құрылған барлық программалар ішіндегі ең күрделі  және қиын компьютерлік программалар болып табылады. Компьютерлер тек  есепті шығаруға емес сонымен бірге  өзінің жұмысын қамтамасыз ететін операцияларды  өзі бақылап отырады. Компьютер  – бұл адамзаттың осы уақытта  құрған ең күрделі құралы болып табылады. Бұл машиналардың күрделілігі оларды тікелей қолдану қиындығы. Компьютерді  басқару үшін біз ОЖ-ді қолданамыз. Біз өзіміздің компьютерімізге  өте күрделі тапсырманы өзі орындап  шықсын деп тапсырма береміз. Кез-келген компьютердің физикалық бөлімі белгілі  бір басқаруды, ал кейбіреулері өте  күрделі басқаруды талап етеді. Мысалы: уақытты қадағалау үшін қолданылатын компьютер сағаты 18 с/рет үзілістің  өңделуін талап етеді. Пернетақтаның  әрбір пернесін басып, жіберу кезінде  де үзілістер өңделеді. Мысалы: «клавиатура» сөзін жазу үшін компьютер 20 рет  үзіліс жасайды. Компьютердің ішінде болып  жатқан барлық операциялар ОЖ орындалады. DOS ОЖ-сі үш негізгі операцияны орындайды: құрылғыларды басқарады, программаларды басқарады және командаларды орындайды. DOS-тың құрылғыларды басқару қызметі  – принтерді, дисктерді, дисплейді, пернетақтаны және т.б – компьютердің осы компоненттерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін барлығын іске қосады. Тар мағынада бұл қызметі құрылғыларға команда береді және олардың берген кез-келген қате хабарламасын жөндейді. Ал, кең мағынады кез-келген ОЖ ROM-BIOS-ты негізгі кілттік компоненттердің  бірі ретінде қолданады. Жоғарғы  деңгейде ОЖ компьютер құрылғысын басқару  қызметін атқарады. DOS екінші кең көлемде  атқартын қызметі – бұл программаларды басқару. Ол дискіден программаны жүктейді және оның орындалуын қосады, сонымен  бірге бұл программаларға арнайы функциялар бөліп береді. DOS үшінші негізгі қызметі – бұл командаларды орындау, яғни DOS-тың бізбен, компьютер  қолданушыларымен тікелей қарым-қатынасқа  түсуі. Әр кез біз мәтін терген кезде енгізуді шақыру үшін DOS процессорының  командаларымен жұмыс істейміз. Біздің ОЖ-ге беретін командамыз негізінен  программалардың орындалуына нұсқау беру болып табылады. Кейбір күрделі  ОЖ-де біздің командамыз сонымен бірге  ОЖ-нің жұмысын басқарады. ОЖ орындалатын  команданың қандай түрі болмасын оның негізгі қызметі – қолданушы  командасын қабылдау және орындау. 2. Операциялық  жүйелерінің негізгі компоненттері MS-DOS дистрибутивті дискінде io.sys, msdos.sys файлдары, command.com командалық процессоры, ОЖ сыртқы командалар файлы (олар format.com, fdisk.exe және т.б), драйверлер және басқада  файлдар орналасқан. io.sys, msdos.sys және command.com файлдары MS-DOS-тың негізгі  компоненті болып табылады. IO.SYS io.sys файлы BIOS-ты (Basic Input/Output System) кіргізу/шығару базалық жүйесінен тұрады және ОЖ мен BIOS арасында интерфейс болып  табылады. Бұл файл ОЖ-де компьютер  аппараттарымен және BIOS қарым-қатынас  жасау үшін қолданылады. MSDOS.SYS msdos.sys файлы үзілістерді, яғни INT 21h үзілісін өңдеуге арналған. Бұл ОЖ ядросы болып табылады. MS-DOS программлары INT 21h үзілісіне тек ОЖ-ден қызмет алу үшін хабарласады. Мысалы: жады блогын сұраныс беру үшін, файл ашу  үшін немесе оның құрамын оқу үшін және т.б. COMMAND.COM command.com файлын – командалық процессор деп атайды. Командалық процессор компьютер қолданушысымен сұқбатты ұйымдастыруға арналған. Ол енгізілген командаларды талдайды және олардың орындалуын ұйымдастырады. CONFIG.SYS config.sys файлы MS-DOS конфигурациясын  анықтау үшін, сонымен бірге драйвер  мен резидентті программаларды іске қосуға арналған текстік файл болып  табылады. Ол MS-DOS-ты орнатқан кезде  автоматты қосылады және қате болса  қролданушы оны өзгертеді. Файлды өзгерту  үшін MS-DOS құрамына кіретін edit текстік  редакторын қолдануға болады. AUTOEXEC.BAT MS-DOS жиі қолданылатын командаларды автоматты орындауға арнлған  файлдық пакет деп аталатын пакет  құруға болды. 3. MS-DOS негізгі құрама бөліктері Дисктік операциялық жүйе (Disk Operating System - DOS) – бір қолданушылық операциялық жүйе, оның интерфейсі командалық жол болып табылады. Қолданылатын модулдер мына кеңейтулерді қабылдайды: -exe, -com, -bat. MS-DOS келесі компоненттерден тұрады: алғашқы іске қосу блогы (жүйелік дикеттің 1-секторында, 0-жолы мен 0-бетінде орналасады); BIOS қарым-қатынасқа түсетін модуль (5.0 және одан жоғары версия үшін IO.SYS); Үзілістерді өңдеу модулі (5.0 және одан жоғары версия үшін MSDOS.SYS); Командалық процессор (COMMAND.COM); MS-DOS сыртқы командалары (программалары); Құрылғылар драйвері; CONFIG.SYS файлы; AUTOEXEC.BAT файлы. Алғашқы іске қосу блогы + IO.SYS + MSDOS.SYS MS-DOS ядросын құрайды Алғашқы іске қосу блогы. Орналасады: Жүйелік дискеттің 1-ші секторы, 0-жолы, 0-бетінде HDD-дискінің 1-секторында, DOS жанынан бөлінген бөлімде Жүйелік дисктің түпкі каталогын қарап шығады. Каталогтағы бірінші екі файл - IO.SYS және MSDOS.SYS файлы ма екенін бақылайды. Егер ИЯ – болса оларды ОЕС қосады және MS-DOS-қа басқаруды береді. Егер ЖОҚ - болса экранға хабарлама шығады және қолданушыдан кез-келген пернені басуды сұрайды: Non-System disk or disk error Replace and press any key when ready Жүйелік диск емес немесе диск қатесі Ауыстырыңыз және кез-келген пернені дайын болған кезде басыңыз Сол себепті жүйелік дискіні «дайындау» кезінде - IO.SYS және MSDOS.SYS файлдарын арнайы SYS.com немесе дискіні форматтаған кезде FORMAT.com программалары арқылы жүйелік дискетке ауыстыру керек. IO.SYS. бұл резиденті модуль (РС қосылып тұрғанда үнемі ОЕС болады). Түпкі катологта орналасқан (hidden, read only) BIOS бірге қызмет атқарады. BIOS мүмкіндіктерін кеңейтеді және оның құрамын өзгертеді. ОЖ алғашқы іске қосқан кезде қажет. Мына тізбекті іске қосады және жібереді MSDOS.SYS, CONFIG.SYS және содан кейін COMMAND.COM. MSDOS.SYS.бұл резидентті модуль. Ол қолданбалы бағдарламалар үшін жоғарғы интерфейсті қамтамасыз етеді, файлдарды басқару үшін програмалық құралдардан тұрады, енгізу-шығару құралдары, ерекше (қате) жағдайларды өңдеуге және т.б тұрады. Қолданбалы программа модульдің функциясын үзіліс CPU регистрі арқылы MS-DOS-қа ақпарат жіберіп механизм арқылы шақырады. MSDOS.SYS қолданбалы программлардың бір немесе бірнеше (IO.SYS+BIOS) сұранымдарын таратады (аударады). Командалық процессор (COMMAND.com). MS-DOS-тың бөлек модулі. Бұл модулді бұданда ыңғайлы модулге ауыстыруға болады. Қызметі: пернетақтадан немесе *.bat - файлынан команданы қабылдап оны орындау, MS-DOS жүктегенде AUTOEXEC.BAT файлының командасын орындайды MS-DOS ортасында қолданбалы программалардың орындалуын іске қосады және ОЕС-ға қосады Командалық процессор 3 бөлімнен тұрады: Транзитті (ОЕС ескі адресінде жүктеледі; ішкі барлық командаларды, пернетақтадан енгізілген команданы және *.bat-файлынан енгізілген команданы өңдейді; MS-DOS жүйелік анықтамасын береді; ОЕС құрылғысына программаларды жүктейді және оларға басқаруды береді). Сыртқы командалар (бағдарламалар). MS-DOS кіретін белгілі – бір функцияны атқаратын қосымша бағдарлама Құрылғылар драйвері. Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы программалар. Драйверлер ОЕС құрылғысында CONFIG.SYS файлында берілген тәртіп бойынша іске қосылады. CONFIG.SYS. Арнайы текстік файл, онда іске қосылып жатқан қосымша драйверлер туралы және басқада MS-DOS қолданылатын қолданбалы бағдарламалар туралы мәліметтер болады. MS-DOS бұл файлды COMMAND.com. іске қосқаннан кейін автоматты түрде іске қосады. AUTOEXEC.BAT. Арнайы текстік файл, онда қосымша құру ақпараттары болады. MS-DOS бұл файлды CONFIG.SYS файлынан кейін автоматты түрде қосады. 4. MS-DOS қадамдап қосу. Файлдық конфигурациялардың CONFIG.SYS және AUTOEXEC.BAT қадаммен орындалуы үшін «Starting MS-DOS» хабарламасы пайда болғанда F8 пернесін басу керек. MS-DOS қадамдық қосылу бөлімінде командалар экранға шығады және сіз әрбір командадан кейін Y пернесін басып отырасыз, ол команданың орындалуын білдіреді немесе N пернесі осы команданы өткізіп жіберу үшін қолданылады. Сонымен бірге ESC пернесін басу арқылы келесі командаларды сұраусыз өткізіп жіберуге болады немесе F5 пернесін кейінгі командалардың орындалуына шектеу қою үшін. «Starting MS-DOS» хабарламасы пайда болған кезде F5 пернесін жылдам басатын болсақ CONFIG.SYS және AUTOEXEC.BAT конфигурациясы орындалмай өткізіліп жіберіледі DOS шақыру. DOS қолданушымен сұқбатқа дайын болғанда ол экранға шақыру шығарады, мысалы A> немесе C:\>. Бұл DOS команданы қабылдауға дайын деген сөз. DOS шақыруының сыртқы түрін өзгерту үшін PROMPT командасы қолданылады. Команда форматы: PROMPT [текст]. Текст аумағында келесі символдар қолдануға болады:: MS-DOS файлдық жүйесі DOS негізгі функцияларының бірі – дисктерде ақпараттарды сақтауға арналған файлдық жүйені ұйымдастыру Файлдық жүйе – бағдарламаларды және мәліметтерді, мәтіндік, графикалық және кез-келген ақпараттарды сақтаушы Файл деп диск жадын белгілі бір атпен алып жатқан құжатты атаймыз. Файлдың аты (1-ден 8 символға дейін) сақталатын ақпаратты сипаттайтын кеңейтілу (.FOR, .BAS, .HLP, .SYS, .DAT және т.б), сонымен бірге файлдың құрылған күні мен уақытын көрсетіліп тұрады. Бұлардың барлығын файл атрибуттары деп атаймыз және олар каталогта көрініп тұрады. Каталог – белгілі бір белгілері бойынша жинақталған файлдар жиынтығы. Каталогтар файлдық жүйені реттеп тұруға қолданылады. Каталогтың өз аты болады және оның ішінде бірнеше ішкі каталогтар болуы мүмкін. әрбір дискте түпкі каталог болады. ЭЕМ жұмысын және файлдық жүйені басқару үшін MSDOS командалары қолданылады. MSDOSжүйесінде белгілі бір әрекетті орындау үшін команданы теріп «ENTER» ("Ввод") пернесін басу керек.

 

 

 

 


Информация о работе Аналық тақша