Астрономия негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 20:28, реферат

Описание работы

Айсыз ашық түні аспаннан мыңдаған сан жетпес жұлдыздарды жымыңдап,адамның көңілін өздеріне еріксіз аударады.Шынында да,жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады.Оларды танып-білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын жан-жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып,оларға шоқжұлдыз атауларын берген.

Файлы: 1 файл

астрономия акпарат.doc

— 45.50 Кб (Скачать файл)

Астрономия негіздері

                    

                               Жұлдызды аспан

Айсыз ашық түні аспаннан мыңдаған сан жетпес жұлдыздарды жымыңдап,адамның көңілін өздеріне еріксіз аударады.Шынында да,жер бетінің кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады.Оларды танып-білмек үшін адамдар өте ерте заманда жұлдыздардың өзара орналасуын жан-жануарларға немесе басқа нәрселерге ұқсатып топтастырып,оларға шоқжұлдыз атауларын берген.Мысалы,Геркулес пішіні бір тізесін бүккен адамға,Торпақ-бұқаның мүйізіне,Аққу мен Бүркіт-қанатын жая самғапұшқан құстарға ұқсайды.

Шоқжұлдыз дегеніміз-аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген.Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жарты шарында,48-і оңтүстік жарты шарында,ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жарты шарға да ортақ орналасқан.

Түнгі аспанға қарағанымызда жұлдыздардың жарықтылықтары әр түрлі екендігін аңғарамыз.Сириус,Арктур және Вегажарқырап көзге бірден түссе,Алькордың көмескі жұлдыз екенін байқаймыз.Жұлдыздардың көзге жарықтылығын санмен өрнектеу үшін астрономдар көрінерлік жұлдыздық шама деген ұғымды пайдаланады.Мұны алғаш ежелгі грек астрономы Гиппарх енгізген.Ол аспандағы көзге көрінетін жұлдыздардыалты топқа бөліп,ең жарық жұлдыздарды бірінші жұлдыздық шамаға,ал ең көмескілерін алтыншы жұлдыздық шамаға тағайындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Жарық жұлдыздар тізімі

 

Жұлдыз атауы

Қысқаша белгіленуі

Тура көтерілуі

Еңістігі

Көрінерлікжұлдыздық шамасы,m

Абсолют жұлдыздық шама

Сириус

Атктур

Вега

Капелла

Ригель

Процион

Бетельгейе

Альтаир

Альдебарн

Альголь

Регул

Кастор

Темірқазық

(Полюс жұлдызы)

   CMa

    Boo

    Lyr

    Aur

    Ori

    CMi

    Ori

    Agl

    Tau

    Per

    Leo

    Gem

 

    UMi

6сағ.45мин

14сағ.16мн

18сағ.37мин

5сағ.17мин

5сағ.15мин

7сағ.39мин

5сағ.52мин

19сағ.51мин

4сағ.36мин

3сағ.08мин

10сағ.08мин

7сағ.35мин

 

1сағ.49мин

-16 43

+19 11

+38 47

+46 00

-8 12

+5 14

+7 24

+8 52

+16 31

+40 57

+11 58

-26 19

 

+89 02

-1,58

-0,05

 0,03

0,08

0,12

0,37

0,42

0,77

0,85

1,12

1,35

1,58

 

2,02

+1,41

-0,02

+0,5

-0,6

-7,0

+2,65

-6,0

+2,3

-0,7

-0,3

-0,6

+0,85

 

-4,6


 

                                      Аспан сферасы

Аспан сферасы-радиусы анықталмаған жорамал сфера.Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан,оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.

Аспан сферасының орталық нүктесі,әдетте Жер орталығымен,немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орынмен сәйкестендіріледі.

Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана қарастырылады.Бұрыштық қашықтық  деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын айтады.Яғни бұл бақылаушы көзімен қарағандағы осы екі нүкте тарайтын сәулелердің арасындағы бұрыш.Еске түсірсек,бұл принцип география пәнінде де қолданылады:ендік пен бойлық –жер шары орындарының бұрыштық мәнде берілген географиялық координаталары.

Аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін және дүние осімен тік бұрыш жасайтын жазықтық-аспан экваторының жазықтығы деп аталады.Жер экваторына параллель бағытталған бұл жазықтық аспан сферасымен қиылысқанда пайда болатын үлкен дөңгелек аспан экваторы деп аталады.Аспан экваторы аспан сферасын оңтүстік және солтүстік екі жарты шарға бөледі және көкжиекпен екі нүктеде-шығыс және батыс нүктелерінде қиылысады.Дүние полюстері және шырақ арқылы өтетін үлкен дөңгелек шырақтың еңістік дөңгелегі деп аталады.Кез келген шырақ аспан сферасының тәуліктік айналысына қатыса отырып тәуліктік параллель деп аталатын кіші дөңгелектер бойымен қозғалады.

Элиптика –Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.Күннің эклиптика бойымен қозғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды.

 

             Аспан координаталарының жүйелері

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.

Координаталардың көкжиектік жүйесі.Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына қатысты көрінерлік орналасуын қарастыратынболсақ,онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы.Бұл жүйедегі негізгі жазықтық-математикалық көкжиек жазықтығы.Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады,оның бірі көкжиек сызығы бойыменөлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш-азимут.Бұл бұрыш астрономияда,әдетте оңтүстік нүктеден батысқа қарай,ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді.Екіншісі вертикаль бойымен есептелінетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы-шырақ биіктігі.

Координаталардың экваторлық жүйесі.Аспан сферасы көрінерлік айналыста болатынын білдік,әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді.Сондықтан да онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы.Ол-экваторлық координаталар жүйесі.

Оның негізгі жазықтығы-аспан экваторының жазықтығы.Жер бетіндегі географиялық ендік сияқты аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін координата еңістік деп аталады.Ол еңістік дөңгелегі бойымен өлшенетін доға ұзындығына тең.

 

   Жұлдызды аспанның жылжымалы  картасы

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы белгілі бір орында жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтау мақсатында қолданылады.ЖАЖК екі бөліктен құралады:жұлдыздар картасы және қондырма дөңгелек.Карта аспан сферасының жазықтыққа көшірілуінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Астрономия негіздері