Атмосфералық ауаның химиялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 00:42, лекция

Описание работы

Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы , ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінің әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Қазіргі деректерге қарағанда,атмосфера жер бетінен 1500-2000 километр биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларға қарағанда, атмосфераның кейбір белгілері жерден 10-20 мың километр биіктікке дейін болғандығы анықталып отыр

Содержание работы

1.Атмосфера жердің ауа қабығы.
2.Атмосфераның химиялық құрамы.
3.Атмосфера қасиеттері және оның адамға әсері

Файлы: 1 файл

Атмосферанын касиети жане онын адамга асери.doc

— 34.50 Кб (Скачать файл)

 
 
Лекция № 2 
 
Тақырыбы: Атмосфера туралы түсінік 
 
(1сағат) 
 
Жоспар:  
 
1.Атмосфера жердің ауа қабығы.  
 
2.Атмосфераның химиялық құрамы.  
 
3.Атмосфера қасиеттері және оның адамға әсері  
 
Лекцияның мақсаты: Атмосфера туралы қарастыру. 
 
Лекция мәтіні: 
 
1. Атмосфера (грек.atmos-бу және sphaira-шар ) –Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік ,жылдық айналымына қатысы бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. 
 
Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы , ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінің әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Қазіргі деректерге қарағанда,атмосфера жер бетінен 1500-2000 километр биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларға қарағанда, атмосфераның кейбір белгілері жерден 10-20 мың километр биіктікке дейін болғандығы анықталып отыр 
 
2. Ауаның құрамы: 78 0/–азот, 210/0- оттегі, 10/0- басқа газдар құрайды. Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің темпертурасы шамамен 200 градусқа құбылып тұрған болар еді( күндіз 100 градус шамасында ыстық болса, түнде -100 градусқа дейін суықтық болар еді). Ол газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы 5,15*1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын Атмосферарының қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де, біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. 
 
3.Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі – ауа. Өйткені барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге , ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 литр ауа жұтады. 
 
Ең маңызды қорғаныш қабаты – озон. Ол атмосфераның жоғарғы қабатында(20-50км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 км қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 мм қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерінен толық сақтап отырады. Ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп қалып , жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор. Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне қатысы өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістіктеріндегі концентрациясының артуы. 
 
Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (о) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. 
 
Қазіргі кезде озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. 
 
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. 
 
Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітінді береді.Қышқыл жауын – шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.



Информация о работе Атмосфералық ауаның химиялық