Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2014 в 16:28, реферат
Галактика,Жер,Ай күн жүйесі туралы мәліметтер қазіргі таңда ең керекті болып саналады.ХХI ғасырда білім ең маңызды құрал,мемлекет тірегі. Сондықтанда кез-келген ғылым маңызды,соның ішінде,әсіресе жаратылыстану ғылымы.Галактика-бұл жұлдыздар мен газ тозаңнан тұратын өте үлкен гравитациялық жүйе.Галактиканы айнала қозғалатын жұлдыздар болады жіне сол жұлдыздарды айналатын планеталар болады. Мысалы, Күн жүйесі тәрізді . Күн жүйесінде тоғыз планета күнді айнала эллипстік жолмен айналады.Жердің өзін айналып жүретін денелер бар,ол-Ай.Сіздер бұл тақырыптарды оқи отырып,өздеріңізге Күн жүйесі,Ай,Жер ,галактика жайлы көптеген материалдар аласыздар.
Кіріспе................................................................................................. 2
Галактикалар ....................................................................................... 3
Күн жүйесі............................................................................................ 6
Жер және басқа планеталар................................................................. 8
Ай........................................................................................................... 14
Қорытынды............................................................................................ 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................ 17
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының
аралығында орналасқан геосфера. Жер көлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін
алып жатыр. Температурасы 2000 — 2500°С. Жоғарғы
мантияның қалыңдығы 800 — 900 км, төменгі
мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан.
Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға
бай, негізінен,магний мен темірден
Сейсмикалық толқындардың
жер мантиясының қимасынан өту
жылдамдығы да қима деңгейінің
терендігіне тікелей
Мантиядан төмендегі,
2900-ден 6371 км аралығында орналасқан
Жердің ішкі өзегін ядро деп
атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі
көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады.
Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің
ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық
толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизикт
Құрамы мен қасиеттері
түрліше болатын Жер
Күн жүйесі 9 планетадан тұрады: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.
Аталған планеталардың барлығы
бір бағытта, бір жазықтықта (Плутоннан
басқасы), дөңгелек тәріздес орбиталары
бойымен айнала қозғалады. Күн
системасының орталық
Кішкене планеталарда
Үлкен планеталардың
— Юпитер, Сатурн, Уран мен Нептунның
құрамы ең алғашқы тұмандықта
болған құбылыстарды жақсы
Юпитердің диаметрі шамамен 144 000 км. Бұл Жердің диаметрінен 12 есе көп, ал массасы Жердің массасынан 300 есе көп. Бірақ Юпитердегі заттардың тығыздығы бөлек. Ол жеңіл заттардан – сутегі мен гелийдің қоспасынан, сондай – ақ метан, аммиак, күкіртті газдар мен басқа да химиялық элементтерден құралған басқа да қосылыстардан тұрады. Юпитердің бетіндегі тартылыс күші Жермен салыстырғанда екі жарым есе көп, сондықтан жоғарғы қабаттардағы қысым Юпитердің қабықшасын сығып, планетаның ішндегі заттардың тығыздығы жоғарылайды. Ғылымда бұл планетаның құрылымы газды — сұйықты екендігі белгілі. Оның центрінде ғана тас тәріздес ядро болуы мүмкін. Ол сутегімен қоршалған, ол аса зор қысымның әсерінен электр тогы мен жылуды өткізетін металдық қатты денеге айналған. Юпитерде Күн сияқты газды-шаңды тұманнан пайда болған. Бұл тұжырымды олардың химиялық құрамы дәлелдейді. Бірақ оның массасы термоядролық реакциялар жүруі үшін жеткіліксіз, әйтпесе біздің планеталық жүйемізде қосарланған жұлдыз болып, бұл жағдайдың Жерде тіршілік пайда болуына қалай әсер ететіні белгісіз еді. Жұлдыз болмаса да Юпитер спектрде инфрақызыл сәулелерді шығарып отырады. Планетаның температурасы орталығына қарай жылжыған сайын жоғарылап, ең орталық нүктесінде бірнеше мыңдаған градусқа жетеді. Жоғары температуралар әсерінен планетаның қабықшасында конвективті қозғалыстар түзіліп, экваторға параллель горизонталды сызықтар пайда болады. Юпитердегі магнит өрісі Күннен бөлінген сәулелерді ұстап, тек қана тіршілікке емес, электронды құралдарға да аса қауіпті зарядталған бөлшектердің ағынын туғызады. “Вояджер” атты автоматты зонд, полярлық шуғылалар мен Юпитер атмосферасындағы көз шағылыстанатын найзағай жарқылдарын, сондай ақ 400 км/сағ жылдамдықпен жойқын соққан дауылдарды бақылаған. Бұнымен қатар Юпитердің серіктері де анықталған. Олардың бірінде – Иода, серіктің қабығының активтілігі жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін сегіз вулкан табылған.
Ай (латынша luna) — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Массасы Жердікінен 1/81 құрайды. Тығыздығы 3344 kg/m3, радиусы 1738 km. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 km. Айдың өз атмосферасы жоқ. Бетіндегі температурасы −173 °C -ден 127 °C -ге дейін барады. Айдың қалыңдығы 60—120 km фелдшпат жотадай қабығы силикат мантияның үстінде жатыр. Базалт лавалары Ай бетінің 17 % жабады. Радиусы 300—400 шағын (Ай көлемінің 2—3 % құрайтын) темір ядросының болуы ықтимал. 1966 жылы алғашқы ғарыш кемесі Айға қонды.
Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), массасы 7,3522 кг, тығызд. 3343 кг/м3. Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/сек2. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес Айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33' 32"-тан 29' 20"-қа дейін өзгереді. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50-қа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13о-тай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес Ай фазасы ауысады (қазақша Ай фазасы). Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы уақыт 29,53 тәулік (синодтық ай), ал оның жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидерлік ай немесе жұлдыздық ай) болады. Айдың өз осінен айналу периоды Жерді айналып шығу периодымен бірдей болғандықтан 59%-тін қамтитын жарты сферасы көрінеді. Қалған 41%-ті көрініп үлгермейді. Арғы беті осы себепті ғарыш кемелерімен арнайы суретке түсірілді, картасы жасалды. Ай бетіне түскен Күн сәулесінің 7%-і ғана кейін шағылады. Айдың 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытында оның беті 130оС-ға дейін қызса, сонша уақытқа созылатын түнінің ортасында — 170оС, ал таң алдында — 200оС-ға дейін суиды. Атмосферасының жоқтығынан Ай бетінің жылынуы мен суынуы Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп отырады. Жай көзбен қарағанда Ай бетінде қарауытқан дақтар көрінеді. Олар шартты түрде “теңіздер”, “мұхиттар”, “көл”, “шығанақ” деп аталған. Сыңардүрбімен (телескоппен) қарағанда Ай бетінен тау сілемдері, жарықтар, арналар, шыңдар, аңғарлар мен киіз үй пішінді объектілер, “кратер”, “цирк” деп аталатын сақина тәрізді таулар, ұзыннан ұзақ созылып жатқан жоталар мен тау тізбектері (Альпілер, Аппениндер т.б. делінетін) байқалады. Негізінен аспан тастарының соқтығуынан болған кратерлердің диаметрлері бірнеше км-ден 400 км-ге дейін барады. Цирктердің диаметрі шамамен 200-250 км, ал оны қоршаған тау жоталарының биіктігі 3-7 км. Ай бетін үлкенді-кішілі тас, құм және ұлпа топырақ жапқан. Бұл тастар Күн сәулесі әсерінен желініп жұмырланған. Ғарыш кемелерімен Айдан әкелінген материалдарды зерттеу нәтижесінде, онда тіршіліктің ең жабайы түрінің де жоқ екендігі анықталды. Ай материалының химиялық құрамы Жердегіден өзгеше. Ай жынысында хром, титан, цирконий сияқты элементтер көп, ал алтын, күміс, платина сияқты элементтер аз кездеседі. Онда негізінен темір, титан, цирконий қоспасынан құралған белгісіз минералдар табылды. Ай жыныстары бұдан 3,6-4,6 миллиард жылдар бұрын пайда болған. Бұл — Күн жүйесінің жаралуымен шамалас уақыт. Айдың планеталардан қалған заттардан өз алдына дербес жаралуы мүмкін. Кейін оны Жер өзіне тартып серік етсе керек. Бұл мәліметтер өткен заманда Ай Жерден бөлініпті-міс, Тынық мұхиты соның орны екен деген көзқарастың теріс екендігіне дәлел б
,-олып отыр.