Күн жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:11, реферат

Описание работы

Күн жүйесінін ашылуы көптеген жаналықтардын бастамасына әкелді. Солардын ішінде Күнді айнала қозғалатын тоғыз ғаламшар бар екендігі анықталды. Астероидтер мен каметалар не екендігіне анықтама берілді. Космосқа ғылыми-техникалық жетістіктердін нәтежиесінде алғаш ғарыш кемесімен адам ұшырылды. 12 сәуір 1961 жыл адамзат санасында қалатын үлкен жаналық. Бұл күні дүниежүзінде алғаш рет адамнын космосқа ұшырылу күні болды. Ол Юрий Алексеевич Гагарин атанды.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Жобанын мақсаты
3. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
4. Зерттелу тарихы
5. Күн жүйесі
6. Күн жүйесіндегі ғаламшарлары
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиет

Файлы: 1 файл

Жоба Кадимова Г.doc

— 91.50 Кб (Скачать файл)

Есекқырған (кейде Юпитер) — Күн жүйесінің бесінші ғаламшары. Қызылжұлдыз мен Сатурн(Қоңырқай) ғаламшарларының арасында орналасқан. Есекқырған Күннен 773 млн. шақырым қашықтығында орналасқан. Есекқырған Күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша ол 11 есе Жерден үлкен, салмағы бойынша ше 300 есе үлкен. Есеккқырғанның бір жылы Жердегі 11 жылына сәйкес, яки Есекқырған Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Есенқырғанда Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның, Жермен сәйкестегенде, жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Есекқырғанның бір тәулігі 9 сағат 50 минутқа сәйкес. Ол бар үлкен ғаламшарлар секілді өте жылдам өз белін айналады. Ғаламшар бетіндегі орта шама температурасы −138 °C. Есекқырғанның табиғи серіктері — Еуропа(серік), Каллипсо, Ио, Ганимед.

Қоңырқай (Сатурн) — Күннен санағанда алтыншы, салмағы мен  үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі  екінші ғаламшар. Қоңырқа Күннен 1429 млн км (9,58 а.б.) қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл. Қоңырқайдың шамамен 60 серігі бар және ең күрделі сақиналар құрылысы бар ғаламшар. Қоңырқай газды ғаламшарлардың қатарына жатады: ол газдардан тұрғандықтан қатты беті жоқ. Ғаламшардың экваториалдық радиусы 60300 км тең, полярлық радиусы - 54000 км; Сатурн - Күн жүйесіндегі ең сопақ ғаламшар. Ғаламшардың массасы Жерден 90 есе асады, алайда Сатурнның орташа тығыздығы бар болғаны 0,69 г/см, бұндай шама оны Күн жүйесіндегі ең сирек атмосфералы ғаламшарлардың қатарына жатқызып қоймай, орташа тығыздығы судың тығыздығынан төмен ғаламшарына жатқызады. Өз осінен Сатурн 10 сағат 39 минутта айналып өтеді.

Уран - Күн жүйесінің жетінші  ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады.

Нептун - Күн жүйесінің  сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі  күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша  үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.

Плутон - Күн жүйесінің  сыртқы жағында айналатын ергежейлі  ғаламшар. Күн мен Плутонның арасындағы қашықтық 7 миллиард 307 миллион шақырымға сәйкес. Күннен алыс болғаннан Плутонның бетіндегі температура -270 дәрежеге Цельсий бойынща сәйкес. Плутон Күнді 248 жылда бір рет айналады яки Плутонның жылы ұзақ. Плутон жоғарғы ғаламшарларының тобына кіреді, ал оның физиологиялық ерекшелері бойынша оны Жер тобы ғаламшарларының бірі деуге болады. Плутонның диаметрі небәрі 3000 шақырым. Күшті телескопқа қарап фотосурет түсіргенде, Плутон сол суреттерінде кішкентай жұлдыз сияқты көрінеді. Уранның қозғалысын байқап, ғалымдар жаңа дененің орбитасы мен көрінетін орбитасының айырмашылығын көріп, Нептунның ар жағында тағы бір ғаламшар бар екенің түсінді. 1930 жылының ақпан айының 18 жұлдызында жас астроном Клайд Томбо Американың Ловвелов обсерваториясында зерртеу жасап, Плутонды ашқан. Ғаламшардың атауы көне гректердің "өлім әміршісі" Аидтың атына сәкес, латын тілінде Аидты "Плутон" деп атаған.

 

7.Қорытынды

Эволюдия идеясы барлық аспан  денелері, олардың жүйелері мен Күн жүйесі жөніндегі қазіргі көзқараста негізгі орында тұр. Даму материяның жалпы қасиеті деген диалектикалық материализм көзқарасына Күн жүйесінін эволюциясы куәгер болып отыр. Адамзат өзінің қуатты ақыл-ойына сүйеніп Күн жүйесін танып қана қоймай, оны игеріп те жатыр. Күн жүйесін зерттейтін ғарыш кемелері, ғылыми орбиталық кемелер осының дәлелі болып табылады. Жер мен планеталардың атмосферасының оптикалық қасиеттерінен бастап жұлдыз бен жұлдызаралық заттардың физикалық қасиеттеріне дейін, өте алыстағы жұлдыздар жүйесінің динамикалық қасиеттері мен құрылысы жөніндегі теориядан ғарыштағы тәжірибеге дейін үлкен зерттеу жұмыстарын Қазақстан астрофизиктері де жүргізеді. Күн жүйесі жайлы неғұрлым көп білген сайын белгісіздің саны да арта береді. Күн жүйесін зерттейтін болашақ жастардың алдында жаңа сұрақтарға жауап беру мәселесі тұр:

— Күн жүйесі шексіз ұлғая бере ме?

— біздің Әлемнен  тыс жатқан Әлем бар ма?

— Осындай сұрактарды Әлемде бізден басқа саналы тіршілік иесінің қоюы мүмкін бе?

 

8.Қолданылған әдебиет

  1. Физика және астрономия. 10 сынып , Алматы: Мектеп,2009
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/Күн_жүйесі
  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/Ғаламшар

 

 

 


Информация о работе Күн жүйесі