Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 19:46, реферат
Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологиялар мен бағдарламаларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т. б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасы және оның мүмкіндіктеріне тереңінен талдау жасалынады.
Ескі суреттер... Бұл ондаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тарихы. Бұл ескі альбомдарда сақталған, қолдан қолға өткен, ескірген, сарғайған суреттер. Осындай ескі мұралардың көп бөлігі мұражайларда, мұрағаттарда, жеке коллекцияларда, альбомдарда сақталған. Суреттердің барлығы уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды. Осы суреттерді қалпына келтіруге Adobe Photoshop бағдарламасы көмектеседі. Осы бағдарлама арқылы біз ескі суреттегі міндерді тазалай аламыз, суреттерді түстендіре аламыз. Енді суретпен жұмыс істеу тәсілін талқылайық. Егер ескі суреттерді алатын болсақ ескі суреттердің көбі арнайы мамандармен сурет студияларында жасалған. Бұл суреттерде сурет ашықтылығы жақсы қойылған. Осындай суреттерге түс беру өте оңай. Сурет түссіз болғандықтан (сканерден өткізген кезде ол RGB форматта сақталады ), біріншіден оны RGB форматынан Grayscale моделіне ауыстыру керек. Бұл суреттің көлемін азайтады және Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс істеуді оңайлатады. Одан кейін техникалық ақаулармен жұмыс істеу керек, оның ішінде түсін белгілеу, реңін келтіру.
Компьютерлік графика мамандары көбіне екінші амалды қолданған дұрыс дейді.
Міне Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы ескі суреттерге жаңа сурет беруге болады. Бұл бағдарлама сонымен қоса суреттің ақауларын жоюға, кемшіліктерін толтыруға мүмкіндік береді.
Сурет 6. Сурет Өзгерісі
Контур (path)- құралдар панелінің Реп (Қауырсын) құралдар тобы арқылы және фигура салу құралдары арқылы салынған векторлық объект. Ол түзу және қисық сызықтармен қосылған нүктелерден тұрады. Контурдың немесе фигураның нобайын өзгерту үшін контурды құрайтын нүктелерді ауыстыруға, өзгертуге, қозғалтуға болады. Қабаттан айрықшау контуры- бұл векторлық маска. Олардың қабат маскасынан айырмашылығы олар шекараны түзу белгілейді.
Реп (қауырсын) құралдар тобы
Пен құралдар тобы арқылы контур салу
Сурет 7. Дайын контур
Ұсыныс
Adobe Photo Shop бағдарламасы қазіргі таңда өте қызықты әрі қажетті бағдарламалардың бірі деп есептеймін.
Болашақта қай мамандықты таңдасаң да барлығыда ақпараттық жаңа технология және жаңа бағдарламалармен жұмыс жасауда сондықтан да бұл зерттеліп жатқан тақырыбым маған және менің сыныптастарыма да тигізетін пайдасы болар деп сенемін.
Қазіргі таңда әрбір екінші үйде компьютер де сонымен қатар ғаламторда да бар. Алайда менің сыныптастарымның көпшілігі бірі компьютерде ойын ойнап ал тағы біреулері ғаламтордағы түрлі қажетсіз бағдарламалар мен видеоларды көріп уақыт өткізеді. Егер менің әрбір сыныптасым графикалық бағыттағы тақырыптарды зерттесе, онда олардың өмірге деген қызығушылықтары арта түсер еді деп ойлаймын. Ол үшін Adobe Photo Shop бағдарламасын информатика пәніне енгізіліп өтілетін болса, онда болашақта графикалық бағдарламалармен жұмыс жасайтын, білімді фотографтар мен дизайнерлер көбейіп, еліміздің әрбір саласында жұмыс жасайтын азаматтарымыз бен азаматшаларымыз көбейер еді деп ойлаймын.
Бұнымен менің айтайын дегенім осы тақырыпты болашақта информатика пәніне енгізілсе деген ұсынысым бар.
Adobe Photo Shop компьютерлік графикалық редакторды дамытудың маңызы зор деп есептеймін.
Қорытынды
Қорыта келе, Adobe Photo Shop бағдарламасы әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылатын болғандықтан, келешекте де ең қажетті бағдарламалардың бірі боларына сенемін. Себебі, графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек.
Графикалық программалар
Себебі, менің алға қойған мақсатым болашақта еліміздің дизайнерлік саласын одан әрі көркейте түскім келеді.
Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Adobe Photoshop бағдарламасы және оның мүмкіндіктері