Adobe компаниясы
өзінің ең мықты және атақты
графикалық пакеттерін біріктіріп,
жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты
толық графикалық пакетін ұсынды.
Оның құрамына Photoshop–пен бірге
ImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat
программалары кірді.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен
графикалық кескіндер мен суреттерді
жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге
мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты
цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша
пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері
арқасында жұмысты кез келген адам, яғни
қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер
тез әрі оңай орындай алады.
Тағы бір дәлел болатын жағдай – жаңа
Histogram (Гистограмма) палитрасының пайда
болуы. Оның атқаратын қызметі: кескіннің
түсі мен ол жайлы ақпараттарды көру, әлбетте
сонымен бірге оларды бақылап отыру. Осындай
жаңалықтарымен Photoshop алдыңғы нұсқаларынан
ерекшеленеді.
Алдымен программаға кіру жолын айта кетейік.
Photoshop CS программасында жұмыс істеу алдында
программаны жүктеу немесе іске қосу керек.
Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу)
батырмасында
тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;
- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды
шертеміз:
- Енді Adobe Photoshop CS қатарына меңзерді қойып
тышқанды сырт еткіземіз
Photoshop CS программасы Windows-тың қолданбалы
программалары сияқты экранда екi терезесi
болады: PhotoShop программасының басты жұмыс
аймағын құрайтын программа терезесi және
редакциялайтын бейне орналасқан терезесi.
Мұны 2 – суреттен круге болады. Photoshop терезесi,
программа және бейне – Windows-тың басқа
қолданбалы программа терезелерi сияқты,
негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында
бiр уақытта бiрнеше терезелермен жұмыс
жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден
басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан
да мұндай жағдайда Windows үшiн Photoshop программасында
СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер комбинациялары
пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi
бере алмайды. Мұндай жағдайда CE Software фирмасының
Quickkeys программасы қажет. Программа терезесiн
жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту
батырмасына тышқанды апарып шертемiз.
Егер программаны экранға келтiру қажет
болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын
тышқанмен шертемiз. Сонымен қатар жұмыс
үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан
басқа активтi программаларға өтуге және
керiсiнше пайдалануға болады. Қалпына
келтiру/үлкейту батырмалары терезе күйiне
тәуелдi. Егер батырмада екi кiшкентай шаршы
болса, онда ол қалпына келтiру батырмасы.
Adobe Photoshop программасы әр түрлі бейнелік
және нүктелік графикалық жұмыстарға
арналған программалардың бірі. Осы програмамен
жұмыс істейтін бейнелерге кітап және
журнал иллюстрацияларын түрлі фотосуреттер,
слайдтар, видиобейнелер, мультипликациялық
графиканың кадрларын жатқызуға болады.
Үлкен бейнелік мүмкіндіктері бар. Бұл
осы әр түрлі саладағы мамандарға арналған
көбіне бейнемен жұмыс істейтіндерге.
Егер сіз суретші иллюстратор немесе мультипликатор
болсаңыз онда сіз өзіңіздің ой қиялыңызға
қарай экранда неше түрлі композициялар
сала аласыз және оны сақтап, сканерлік
бейне түрінде көптеген тәсілдермен трансформациясын
істей аласыз.
Егер де сіз суретші дизайнер болсаңыз,
бұл программа сіздің барлық талаптарыңызды
орындай алмайды. Бірақ сіздің технологиялық
процесіңізге Adobe Photoshop сияқты нүктелі
графикалық программаның қосылуы жұмысыңызды
едәуір жеңілдетеді. Фотограф немесе ретушер
болып баспа саласында істесеңіз онда
сізге керекті құралдар: сканер, цифрлік
фотоаппарат т.с.с.
Photoshop графиктік программасы бұл растрлық
көріністермен жұмыс істеуге арналған
мамандырылған программа. Бұл программа
басқа растрлық көріністермен жұмыс істейтін
программаларға қарағанда мүмкіншілігі
өте жоғары.
Photoshop программасының негізгі артықшылығы:
- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі
жоғарғы сапа;
- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;
- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы
функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған
операцияны жасауға көмектеседі;
- негізгі сценарийларды қолданғандағы
растрлық көріністерді жасаудағы кең
автоматты мүмкіндіктер;
- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы
көп таңдаулы фильтрлік командалардың
көмегі;
- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;
Кез келген қолданушы жұмыс істеп отырған
программаның жетіспеушілігін білу міндетті.
Бұл практика кезінде кездескен кезде
уақытты үнемдеуге көмектеседі және қай
кезде бұл программаны қолдануға болады,
қай кезде қолдануға болмайтынына көмектеседі.
Photoshop программасының кемшілігі:
- көп түсті сызық және орбиталық қисық
салуда;
- симметриялы орналасқан көп көріспен
бір уақытта жұмыс істегенде;
- диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі
фильтрлердің ісін көруге;
- қолданған түзету қалыңдығындағы (слой)
көріністі түзету командасын ауыстырғанда;
- Сorel photo-paint файлдық форматы бар құжатпен
жұмыс кезінде;
- қолданушының еркімен программаның интерфейс
элементтерін түзегенде;
- мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі
көбейткенде;
Photoshop графиктік программасы растрлық
құжаттарды өңдеуде мамандырылған программа
болып табылады. Photoshop графиктік программасының
басқа графиктік программалардан артықшылығы:
- графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі
жоғарғы сапа;
- жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;
- көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы
функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған
операцияны жасауға көмектеседі;
- негізгі сценарияларды қолданғандағы
растрлық көріністерді жасаудағы кең
автоматты мүмкіндіктер;
- әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы
көп таңдаулы фильтрлік командалардың
көмегі;
- түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм
болып табылады.
Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі командалар
көмегімен әйнек, зигзаг, мозаика, диффузия,
хром, витраж, негатив, кристалл, т.б. түріндегі
фильтрлік эффектілер жасауға болады.
Анимациялық эффекттер және WEB- парақтарын
құруға болады. |