Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 22:46, курсовая работа
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
1 ПрОЕКТІЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ақпараттық жүйесін тұрғызуДЫ негіздеу.............................................................................................................3
Нарық жағдайында бизнес жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы мәні....................................................................................................................4
1.2 Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.........................................................................................................21
1.3 Ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар..................................................................................................................23
1.4 Концептуалды схема.......................................................................................33
2 Ақпарат жүйесін жобалау...........................................................36
2.1 Ақпараттық жүйедегі есептің орны..............................................................36
2.2 Есеп қойылымы..............................................................................................36
2.3 Кіріс ақпараты.............................................................................................37
2.4 Шығыс ақпараты.........................................................................................39
2.5 Ақпараттық база.............................................................................................40
2.6 Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы.................................................44
Жобалауды басқару бөлімінің есеп кешенін шешуге арналған программа сипаттамасы .....................................................................................................45
Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала.....................................................................86
Фирма жағдайын талдаудың қпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынын есептеу...........................................................................................86
Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау.............................................................................................92
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................93
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
5. Бизнес-жоспар құру
арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз
оқиғаларға жауап беру
арқылы жүзеге асырғанға
қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені
бизнес-жоспар басты мақсатқа
зер
салуды, соған қол
жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты
назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлі құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды қүру ЮНИДО-ның ұсынған стандарттары бойынша жүргізіледі. Соның құрылымын қарастырайық. Негізгі тараулар келесідей:
Енді тауарлардьщ әрқайсынына қысқаша сипаттама берейік.
Жобаның қысқаша сипаттамасы. Бүл тауарда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлері, заңгерлік тіркелген және орналасқан жері, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының мөлшері, құрылтайшылық құжаттарында келтіретін бірқатар маңызды деректер беріледі. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвестициялық жобаға қысқаша сипаттама беріледі. Жобаны жүзеге асыру мерзімі, оның құны және қаржыландыру көздері, жобаны жүзге асыру кестесі т.с.с. мәліметтер осы тарауда көрсетіледі.
Қажетті ақша құралдарына деген қажеттілікте 2 бағанға бөліп көрсеткен дүрыс: ақша қүралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздері. Бүл екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық қажетті ақша құралдарының мөлшерін анықтап қана бермейді, сонымен бірге жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелді толық ақтайтындығына көз жеткізу қажет.
Жобаның алгышарттары және идеясы. Бүл тарауда үсынып отырған жобаны жүзеге асыру үшін қажетті алғышарттар қарастырылады. Компанияның бизнесіне қатысты қазіргі және потенциалдық мүмкіндіктерді келтіріп, оларды қалай жүзеге асыру ниетін көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрі айқын түрде тұжырымдалуы керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойға, мақсаты негізделеді. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негізін құрайды. өйткені потенциалдық инвесторлар үшін қазіргі және болашақтағы бизнестің соңғы нәтижесін нақты сандық көрсеткішпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып отырған товар немесе қызмет түрінің бизнестегі компангияның мақсатарына қол жеткізуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.
Мақсат дегеніміз - бір уақыт аралығында қол жеткізуді көздеп отырған қызмет нәтижесі. Міндет - бірқатар сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын, берілген уақыт мерзімі ішінде қол жеткізілетін қажетті қазмет нәтижесі.
Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткізуді көздеп отырған жетістіктері ретінде белгілі бір иерархиялық тізбекте болуы мүмкін, нгемесе басымдықты мақсат бөлініп көрсетілуі мүмкін, немесе компания қызметінің әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берілуі мүмкін. Осы тарауда сондай-ақ, өндірілетін өнім ассортименті, жобаның жүзеге асырылатын жері, экономикалық тиімділігі, оның заңгерлік рәсімделуі, мемлекеттің жүргізіп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесімділігі туралы қысқаша мағлұматтар беріледі.
Нарьқтьщ талдау және маркентинг конңепңиясы. Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдйы жақсы білетіндігін көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсілдері және т.б.
Маркетинг жоспары фирма қызметін ішкі ұйымдастыру үшін, сондай-ақ серіктестер және инвесторлармен келіссөздер жүргізу кезінде қажетті құралдар болып табылады.
Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серіктестермен өзара арақатынастар негізнде қалыптастырады, оның мақсатты товарды бөліп тарату схемасы туралы, баға белгілеу, мен өткізудің ынталандыру әдістері туралы анық көрініс беру.
Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданылатын баға белгілеу стратегиясы, нарықтық мақсатты сегменттеріне таңдау, сату болжамдары, товарды бөліп тарату схемасы, клиеттерген сатудан кейін де қызмет көрсету, жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелері, дайын өнімді немесе товарды өткізу каналдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, компанияның товарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткізуді ынталандыруда қолданылатын маркентингтік тәсілдері көрсетіледі. Жалпы маркетингтік концепциясына сипаттама беріледі.
Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзінің нарыктағы алатын үлесін және ролін көрсетуі қажет. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өндірілетін товар немесе қызметті өткізу тұрғысынында қолданылатын маркентингтік әдістер мен тәсілдер кешені және бәсеклестермен күресу техникасы қажетті нарық үлесін жаулап алуға және анқты уақыт мезетіне өткізу көлемін нақты сандық шамаға жеткізуді қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуі керек.
Жобаның орналасуы, цүрылыс учаскесі және цоршаган орта. Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшін жерді таңдау туралы шешімді қабылдау негізделеді. Өнімді өндіру ісі жүзеге асырылатын қүрылыс үйлері, жер учаскелері қандай қағидаға сүйеніп алынғаны көрсетіледі.
Техникалық жабдықтау және технология. Бұл тарауда жоба шеңберінде қарастырылған ұснылып отырған товар немесе қызмет өндірудің технологиясы мен техникалық сипаттамалары келтіріледі. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіледі.
Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, олардың өндірушілер туралы, құрал-жабдықтың жұмыс істеу режимі, техникалық-технологиялық линия жұмысы туралы мағлұматтар беріледі.
Өндірісті ұйымдастыру және басқару, ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент - бұл фирманың іскерлік кестесі, қызметінің құқықтық қамтамасыз ету сұрақтары, кәсіпрорында басқаруды ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің өзара қызметін үйлестіру.
Іскерлік кесте
- бизнес-жоспардың қажетті
Басқару құрылымын қалыптастыруда мынаны есте сақтаған жөн: ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырудың техникалық шешім қабылдаудың ерекшелігі сол, компания қызметінің барлық кезеңінде адам факторы маңызды рөл атқарады. Жеке-дара және топтық мүдделер,
тәжірибе және дәстүр, жетекшілер мен мамандардың біліктілік және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын жобаны құрудың алғашқы кезеңдерінде ескеру қажет. Егер компания көлемі жағынан өте үлкен болмаса, шешуші мамандар мен жетекшілерді компанияны тарту үжымының тиімді жүмыс істеуіне кепілдік береді.
Сондай-ақ, бұл тарауда өндіріс процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, өндіріс көлемі, шығарылатын дайын өнімнің стандарттары мен технологиясы туралы ақпарат беріледі.
Қаржылық жоспар және инвестиция тиімділігін бағалау. Қаржылық багалау негізі (INPUTТ). Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті ағымдық және ұзақ мерзімді сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттілікті анықтау болып табылады. Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерінің көлемін және олардың қаржыландыру көздерін анықтаудан басталады.
Қаржылық жопарлаудың объектілері болып мыналар табылады: өнімді өткізуден түскен түсім, пайданың қалыптасуы және қолданылуы, шығындарды жабу көздері, бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.
Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлігінде жоспарланған пайда, әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлікті сатудан түскен түсімдер және т.с.с табыстар көрініс тапса, шығындар бөлігінде-салықтық төлемдер, несие үшін төленетін проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтік қорлар бейнеленеді.
Кез-келген экономикалық есептеулер нәтижесі компанияны қоршаған ортадағы көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігі белгілі, яғни алуан түрлі ішкі және сыртқы тәуекелдер болады. Сондықтан қаржылық жоспарды кұру кезінде жасалатын есептеулер бірқатар шарттарға сүйеніп жүргізіледі. Экономика математика сияқты дәл ғылым емес, абстрактілі ғылым екені белгілі, сондықтан кез-келген экономикалық құбылысты қатып қалған дәл формула арқылы бағалау дұрыс емес, сондықтан экономикалық есептерді шешу кезінде математикалық әдістерді қолдану бірқатар пайымдауларға неғізделеді. Осы пайымдаулар ЮНИОДО үсыныстарында ІКРІІТ деп аталады. Ол жобаның негізделген мынадай параметрлерін қамтиды: өнімнің бағасы, салық ставкасы, инфляция деңгейі, несие бойынша проценттік ставка, дисконттау ставкасы, оптимистік және пессимистік варианттар бойынша өндірістің көлемі, тұрақты және өзгермелі шығындар арақатынасы, жарнама шығындарының мөлшері, жөндеу шығындарыньщ мөлшері, амортизация ставкасы және т.с.с.
Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигізетін әсерін анықтау. Бұл тарауда үсынылып отырған жобаның ел экономикасы және экологиясына тигізетін әсері негізделеді. Яғни жобаның барлық қатысушылар үшін әкелетін пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешімін қабылдаған потенциалдық инвесторларға келетін үтыс дәлелденеді. Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетін салдары көрсетіледі. Егер өндірістің табиғатқа теріс салдары болса, оларды жою немесе кері салдарын мейлінше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемі сияқты мәселелері де осы тарауда бейнеленеді.
Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты жобаны басқару жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет. Бұл сала соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда элементтерін, талаптарын, құжат түрлерін, объектілерін, субъектілерін, заңдарын және т.б. сияқты жайттарды ескеруіміз қажет. Бұл жүйені автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Бұл талаптар мыналар:
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар:
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан, ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптама-ларын, нормативті – анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы.
Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеу-лерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелей-тін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа әдетте бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады.
Информация о работе Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау