Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Августа 2013 в 21:12, реферат

Описание работы

Жоба, жобалау ұғымы;
Жобалау технологиясына қойылатын негізгі талаптар;
Жобалау әдістерінің жіктелуі;
Жобалау құралдары.

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 16.58 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық жүйелерді  жобалау технологиясы.

Жоспары

  1. Жоба, жобалау ұғымы;
  2. Жобалау технологиясына қойылатын негізгі талаптар;
  3. Жобалау әдістерінің жіктелуі;
  4. Жобалау құралдары.

   Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпараттық жүйелерді жүзеге асырудың әдістер жиынтығын ұсынады. Ақпараттық жүйелерді құру әдетте қолданушының талаптары негізінде құрылады. Бұл талаптар құр уүрдісінде өзгеруі мүмкін. Шешім қабылдау теориясы үшін АЖ-ні жобалау үрдісі – тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын жүйе сипаттаммасын алуға бағытталған жобалық-конструкторлық шешімдерді қабылдау үрдісі.

Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.

Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.

Ақпараттық  жүйені жобалау объектілері болып, функционалдық және қамтамасыз ету  бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық  элементтерге есептер, есептер кешендері  және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету  бөлігі құрамындағы жобалау объектілері  қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту  элементтері мен кешендері атқарады.

Ақпараттық  жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен  ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.

Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.

Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде  ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан  жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:

  1. осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
  2. таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
  3. таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
  4. технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
  5. технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
  6. технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
  7. технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек.

Ақпараттық  жүйені технологиясының негізін  негізгі технологиялық ерекшеліктері  мен мәнін анықтайтын әдістеме құрайды. Жобалау әдістемесі деп, жобалау әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын концепциялар мен жобалау принциптерін айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен сүйемелденеді.

Ақпараттық  жүйенің жобалау әдістерін автоматтандыру құралдарында және типтік жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі болатын өзгерістерге бейімделу сияқты белгілері бойынша  жіктеуге болады.

Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші. Жобалау құралдарынының екіге бөлінеді:

  1. Объектілік құралдар: типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер, қолданбалы программалар дестесі;
  2. Инструменталдық құралдар: автоматтандырылған жобалау жүйелері, CASE-технологиялар.

Жобалау құрадары болу керек:

    1. өз класында жобалау объектісіне инвариантты;
    2. ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы;
    3. техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімді;
    4. меңгеруде және қолдануда қарапайым.

Жобалау құралдарын екі класқа бөлуге болады: ЭЕМ-ді қолданбайтын және ЭЕМ-ді қолданатын.

ЭЕМ-ді қолданбайтын жобалау құралдары ақпараттық жүйені жобалаудың барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылады. Оларға жобалау операцияларын қамтамасыз ету, яғни жүйенің жобалану үрдісін регламентациялайтын әр түрлі стандарттар. Мұнда ақпаратты жіктеу мен кодтаудың біртұтас жүйесі, ақпарат ағынын сипаттау және талдау т.б. кіреді.

ЭЕМ-ді қолданатын жобалау құралдары ақпараттық жобалаудың үрдісінің дербес немесе барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылуы мүмкін және сәйкесінше жүйе жобасының элементтерін, жүйе жобасының бөлімдерін немесе жүйе жобасының біртұтас өзін құруды қолдайды.


Информация о работе Ақпараттық жүйелерді жобалау технологиясы