Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2015 в 21:55, реферат
Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және
әр-түрлі мағыналы болып келеді
Ақпараттық жүйенің даму тарихы
Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және
әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады. «Жүйе» түсінігіне қосымша «Ақпараттық» сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі. Ақпараттық жүйелер – қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер түсінігін дербес компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйелер техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ-ді кіргізуге болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған адам ролін есепке алмаса онда өздігінен ақпараттық жүйелерді техникалық іске асырудың мәні болмайды. Копьютер мен ақпараттық жүйелердің түсінік айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер, ақпараттық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы бола алады. Ақпараттық жүйелердің даму сатысы. 60-жылдар. ақапараттық жүйелерге көзқарастың өзгерумен ерекшеленеді. Көптеген параметрлері бойынша периодтты есеп берулер одан алынған ақпарат қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға көп функцияларды қамсыздандыру мүмкіндігі бар копьютерлік құралдар керек болды. 70 жылдар шешімдерді тез қабылдау процесстерін жылдамдату үшін ақпараттық жүйелер басқару құралдарында кеңінен қолданыла бастады. 80 жылдардың аяғында ақпараттық жүйелердің концепциялық қолданылуы тағы да өзгеріске ұшырайды. Олар ақпаоаттың стратегиялық қайнар көзі және барлық профилдағы ұйымдар үшін қолданыла бастады. Осы периодттағы ақпараттар жүйесі өз уақытында ақпаратты жеткізіп, ұйымдардың өз кәсібі бойынша алға жылжуына көмектесті. Ақпараттық жүйедегі процесстер Ақпараттық жүйенің жұмысын қамсыздандыратын процесстерді блоктардан құралған схема түрінде көруге болады: Ақпаратты ішкі немесе сыртқы көздерден енгізу; Енгізілген ақпаратты қолайлы түрде көрсету және өңдеу; Басқа жүйеге тасымаладау немесе тұтынушыларға арналған ақпаратты шығару.
Кері байланыс – ол кіру ақпараттарын сұрыптау үшін сол ұйымның қызметшілері өңдеген ақпарат Ақпараттық жүйелердің қасиеті. Кез келген ақпараттық жүйелер өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша аналидеуге кезігуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамушы бола алады. Ақпараттық жүйелерді құру барысында жүйелік ықпал жсау керек Ақпараттың жүйенің шығу өнімдері шешім қабылдау негізіндегі ақпараттар бола алады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді компьютердің көмегімен таралған жүйелер деген көзқараста. Бірақ ақпараттық жүйені компьютерсіз вариантта алып қарауға болады. Бірнеше фирмалардан тауарды сатып алу кезінде ақпараттық жүйе сатып алушыны тіркеуге алады. Ол: сатып алушылар тобын анықтап, олардың құрамы және суранымдарын, содан кейін өзінің стратегиялық коптік топтарға бағытталуына. Потенциальды сатып алушыларға әр-түрлі ұсыныстар жіберуге Тұрақты сатып алушыларға тауарларға және қызметтерге рұқсат береді.
Ақпарат дегеніміз - тұтынушының қабылдаған, түсінген және пайдалы ретінде бағаланған жаңа мәліметтер. Ақпарат деп тұтынушының білімдер қорын кеңейтетін мәліметтерді атайды. Ақпарат 3 кезеңде « өмір сүреді» : Ассимиляцияланған ақпарат – өзіндік түсініктер және бағалау жүйесіне қабылданған хабарламаның адам саласында бейнеленуі. Құжатталған ақпарат – қандай да бір физикалық тасымалдаушыда таңбалық формада жазылған мәліметтер. Жіберілетін ақпарат – ақпараттың ақпарат көзінен қабылдаушыға жіберілу мезетінде қарастырылатын мәліметтер. Көп жағдайда құжатталған және жіберілетін ақпарат қарастырылады. Ақпараттың үлкен көлемі таңбалар көмегімен жинақталады, жіберіледі және өңделеді. Таңбалар деп ақпарат көзімен қабылдаушы арасындағы ақпараттың мағыналық мазмұны жөніндегі келісім бар болған жағдайдағы ақпаратты жібере алатын сигналды атайды. Осындай келісім орнатылған таңбалар жиыны таңбалық жүйе деп аталады. Көптеген таңбалық жүйелерді шектеу шын мәнінде мүмкін емес, дегенмен ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдеуде таңбалардың шектелген нақты тізімі қолданылуы міндетті. Тұтынушының ақпаратты дұрыс қабылдауы ақпараттық шу да түрлі кедергілердің әсерінен қиындауы мүмкін. Шудың 3 түрін бөліп қарауға болады, сәйкесінше оларды шектейтін 3 ақпараттық фильтр қолданылады: 1. Синтаксистік фильтр – тасымалдаушыда сақталынатын немесе жіберілетін таңбалар тізбегінде олардың мағыналық мәні жоқ бөліктері болуы мүмкін. Осы бөліктер синтаксистік шуды құрайды және оларды синтаксистік фильтр анықтайды. Фильтр дұрыс (мағыналы) және дұрыс емес (мағынасыз) таңбалар тізбектерін айыра алатын шешуші ережелердің жиынынан құралады. 2. Семантикалық фильтр – семантикалық шудың алғашқы аспектісі қабылданатын хабарламада жаңа мәліметтердің болмауымен байланысты, яғни хабарлама тұтынушының білімін кеңейтеді. Семантикалық шудың 2-ші аспектісі синтаксистік фильтрден жалған хабарламаның өтуімен байланысты. 3. Прагматикалық фильтр – ақпараттың тұтынушы үшін құндылық деңгейін анықтайды. Прагматикалық бағалау элементтері әдетте ақпараттың толықтығын ( құбылысты толық сипаттайтын) оның уақытқа сәйкестілігін, ықшамдылығын,қолданымдылығы және қол жетімділігін қамтиды. Ақпарат алғаш көзінен тұтынушыға дейін кодтаушы және кері кодтаушы құрылғылар, есептегіш машина т.б. сияқты түрлендірушіден өтеді. Түрлендірудің аралық кезеңдерінде хабарламалардың семантикалық және прагматикалық қасиеттері тұтынушыдан алшақтығына байланысты қарастырмай қалады. Сондықтан ақпарат ұғымы «берілгендер» ұғымымен алмастырылады. Берілгендер бір-бірімен лексикалық және синтаксистік түрде байланысқан тұжырымдар , деректер мен сандардың жиынтығын құрайды. Лексикалық қатар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды сипаттайды,ал хабарламаның жекеленген бөліктерінің арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен сипатталады. Семантикалық және прагматикалық фильтрлар деректерге әсер етпейді. Ақпарат пен деректер арасындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда,олар синонимдер ретінде қолданылады. Экономикалық ақпарат ұғымын анықтау үшін экономикалық процестерді айқындап алу қажет. Жалпы түрдегі экономикалық процестер ретінде материалдық құндылық өндірісі , таратылуы және тұтынылуы қарастырылады.Аталған процестер жөніндегі ақпарат алгоритмдердің қолданылуымен арифметикалық берілгендерге қолданылатын логикалық амалдар (реттеу, таңдау,жөндеу) үлесінің үлкен болуымен бастапқы және нәтижелік мәндерді кестелік түрде бейнелеуімен ерекшеленеді. Экономикалық ақпараттың классификациялануы орындалатын маңызды белгілері ретінде мыналарды атауға болады: Берілген басқару жүйесіне қатысы бұл белгі хабарламаларды кіріс,ішкі және шығыс ақпаратты деп бөлу мүмкіндігін береді. Уақыт белігсі – хабарламаларды уақытқа қатысты перспективті және ретроспективті болып бөлінеді. Бірінші класқа жоспарлы және болжам ақпараты, ал екіншіге есепке алу деректері жатады.Келіп теру уақытына байланысты хабарламалар периодты және периодты емес болып бөлінеді. Функционалдық белгілері - экономикалық объектінің функционалдық ішкі жүйелері бойынша классификация орындалады. Мысалы, еңбек ресурстары,өндіріс процестері, қаржылар жөніндегі ақпарат. 2. Жалпы бүтін болып әрекет ететін өзара байланысты элементтердің кешені жүйе ұғымын қамтиды.Жүйе деп бір жағынан жалпы бүтін болатын ,екінші жағынан өзара байланысқан құрамдас бөліктердің жиыны ретінде қарастыратын кез келген объектіні атайды. Жүйе құрамына мынадай компоненттер енеді: Құрылым - жүйенің элементтерінің жиыны және олардың арасындағы өзара байланыстар. Құрылымның математикалық моделі граф болып табылады. Кіріс және шығыстар . Жүйенің «өмір сүру» заңы – кіріс және шығыс өзгерісін байланыстыратын функция. Мақсат және шектеулер – жүйенің сапалы қызмет етуі белгілі бір айнымалының мәндерімен байланысты.Айнымалылардың біреуі әдетте максималды мәнге бағытталып, мақсаттық функция немесе жай ғана мақсатты анықтайды, ал қалған айнымалыларға шектеулер қойылады. Жүйенің мынадай қасиеттерін қарастырайық: салыстырмалылық, бөлінгіштік, тұтастық. Салыстырмалылық қасиеті – жүйенің элементтерінің өзара байланыстарының кірістері, шығыстары, мақсаттары мен шектеулерінің зерттеу мақсатына тәуелді екендігін анықтайды. Бөлінгіштік қасиеті - жүйенің әрқайсысы жеке жүйе ретінде қарастырыла алатын ішкі жүйелерге бөліне алатындығын анықтайды. Тұтастық қасиеті – жүйенің толық әрекет етуіндегі,оның ішкі жүйелерінің іс-әрекетімен сәйкесті келісілген түрде ұйымдастырылатындығын анықтайды. Экономикалық ақпараттық жүйелер нақты өмірдегі қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жөніндегі ақпаратты жинақтаумен, сақтаумен,өңдеу және тасымалдаумен айналысады. Олар деректерді өңдеу мәселесін шешуге, құжаттық жұмыстарды автоматтандыруға, керекті ақпаратты іздеуге және жасанды интеллект әдісіне негізделген шешім қабылдауға арналған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Реферат
Тақырыбы: Ақпараттық жүйенің даму тарихы.
Тексерген: Мунасбаева К.К.