Архивтеу программасымен жұмы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 09:35, лабораторная работа

Описание работы

Мақсаты: Архивтеу программаларының бірімен танысып, оны орнатуды, қосуды архивтеуді үйрену.

Файлы: 1 файл

Дискілерді тексеру.doc

— 78.00 Кб (Скачать файл)

Зертханалық жұмыс № 8

Тақырыбы: Архивтеу программасымен жұмыс

 

Мақсаты: Архивтеу программаларының бірімен танысып, оны орнатуды, қосуды архивтеуді үйрену.

 

 

Теорядан қысқаша мәлімет:

Архив – файолардың алдын ала сығу жолы мен дискілерде немесе дискеталарда (магнитті таспаларда) сақталған көшірмесі. Мәліметтерді архтивтеу үшін “Мәліметтерді архивтеу” (Backup)  программасы жиі пайдаланылады. Ол бастапқы құрастыру кезінде орнатылмаған болуы мүмкін, бұл жағдай да оны орнату керек.

Бұл программа  ақпараттардың  резервтегі (қордағы) көшірмесін құру үшін де, сондай-ақ бұрын көшірілген ақпараттарды қалпына келтіру үшін пайдаланылады. Оны іске қосу үшін: Іске → Программалар → Стандартты → Қызметкер программалар → Backup.

Жүктелгеннен кейін Backup программасының архивтеу, қалпына келтіру және файлдарды салыстыруға арналған үш қосымшалы терезесі шығады. Әр қосымшаның негізгі бөлігі 2 ішкі терезеден тұратын Жолсерік  программаның терезесі сияқты болады. Ол көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады.

Ең бірінші архивтеу немесе қалпына келтіру үшін қажетті нәрсе – көшірілетін файлдарды таңдау.  Әр бума және файл белгісімен қатар кішкене төртбұрыш бар болады. Егер оған тышқанды шертсе, онда берліген файл немесе берілген буманың барлық файлдары көшірілуге таңдалғанын көрсететін қанат белгі пайда болады.

Жоғары деңгейдегі бумалара үшін осы квадратшада қанат белгі сұр фонда пайда болады, бұл берілген бумада сақталған объектілердің кейбіреулері, көшіру үшін бірақ бәрі емес, таңдалғанын білдіреді.

Файлдар таңдау аяқталғаннан кейін әрі қарай батырмасына шерту керек.

Екінші этап – архив орналасатын құрылғыны таңдау. Иілгіш дискілер, стример пайдалануға немесе тіпті мұндай операцияның пайдалылығы күдікті болса да, көшірілген файлдар орналасатын дискінің өзіне де архивті орналастыруға болады. Құрылғыны таңдап, дайын батырмасын  шертіңіз. Программа құрылған архивтің атын сұрайды, соңынан архивтеу басталады. Пайдаланылған стример немесе дискеталар қатты дискіге қарағанда жылдамдығы аз болғандықтан бұл процесс ұзақ болуы мүмкін.

Резервті көшіру жиілігі сақталатын ақпараттық көлемінен, бағалығынан және жаңарту жылдамдығынан тәуелді көшіру процесінің баяулығын ескеріп, дәл шарттарға сәйкес көшірудің күнделікті, әр апталық немесе кез-келеген басқа режимі туралы шешім қабылдауға болады.

Backup программасы Windows 98–ң міндеті емес компоненті болғандықтан оны қосымша орнату керек.

Жұмыстың орындалу барысы:

 

Backup программасын орнату.

Backup прграммасы инсталляциялық дискетадан немесе Windows 98–ң компакт-дискісінен келесі әрекеттерді орындай отырып орналастырады:

Бастапқы менюде Күйге келтіру жолын көрсету және Басқару тақтасы жолына шерту.

Ашылған терезеде Программаларды орнату және алып тастау белгісіне 2 рет шерту.

Windows орнату қосымшасына Дискімен жұмыс істеу жалаушасын орнату.

Құрамы батырмасына шерту. Дискімен жұмыс істеу терезесі ашылады.

Жалаушаны Backup программасы жолына орналастыру.

Дискімен жұмыс істеу сұхбаттық терезесінде OK батырмасына шерту, ал соңынан Қасиеттер терезесінде: Программаларды орнату және алып тастау. Backup компонентінің орнатуы басталады. Сұрау бойынша дискета не компакт-диск орнату керек.

Басқару тақтасының терезесін жабу.

Қатты дискі файлдарын архивтеу.

Егер сізге бір ғана файлдарды жиі көшіруге тура келсе, онда көшірілетін файлдараттарын сақтайтын файл – архивтік жинақ құруыңызға болады. Файлға қандай файлдар және қашан архивтелгенінбірден еске түсіретіндей ат беруге болады.

Мысалы: Клиенттер есебі бумасында сақталған клиенттнр есебін апта сайын көшіру керек. Онда Архивтеу терезесінде Клиенттер есебі бумасын белгілеу және Есептер көшірмесі атпен файл құру керек. Белгілі бір периодпен, мысалы әр жұма сайын кеште, Backup программасын іске қосып, Есептер көшірмесі архивтік жинақты ашу және резервті көшірме жасау.

Backup программасы іске қосылғанда стример іздейді. Егер сіздің компьютеріңізде стример жоқ болса, ОК батырмасын басыңыз.

Жаңа форматталған дискетаны А немесе В дисководына орнату;

Бсатапқы менюде Программалар – Стандартты – Қызметкер программалар – Backup жолдарын көрсету. Егер Microsft Backup – қа қош келдіңіз  терезесі ашылса, ОК батырмасын басыңыз.

Backup программасы стример немесе таспа орнатылған ба, жоқ па, соны тексереді.

Терезедегі мәтінді мұқият оқып шығып, ОК батырмасын шертіңіз.

     Аты жоқ Microsft - Backup терезесі ашылады.

Архивтеу үшін бума таңдау.

Компьютердегі қатты дискінің резервті көшірмесін алу көп уақыт талап етеді. Ерекше маңызды мәліметтері бар файлдар мен бумаларды көшіру керек, өйткені программаны қайта орнатуға болады. Төменде көрсетілген тапсырмаларда архивтеу үшін Дыбыстар бумасын алынған.

Аты жоқ -  Microsft - Backup  терезесінде С:дискісіне сәйкес белгінің жанындағы (+) таңбасын шертіңіз. С:.дискісінде сақталған бумалар тізімі шығады.

MSOffice бумасының жанындағы (+) таңбасына шертіңіз, ал соңына жалаушаны Дыбыстар бумасының жанына қойыңыз. Осылайша сіз дыбыстық эффектілері бар бумадағы барлық файлдарды бөліп аласыз.

Әрі қарай батырмасына шертіңіз. Сізге архивтік файлды орналастыруға болатын дискілер тізімі ұсынылады. 

Егер сіздің компьютеріңізде  стример орнатылған болса, Архивті орналастыру тізімінде оның белгісін табыңыз. Стример болса, көшірмені дискетада сақтау тиіс.

Архивтік файл орналасатын құрылғы белгісін бөліп алыңыз.

 

Backup программасының іске қосылуы.

Файлды архивтеу программасын іске қосу үшін, Backup белгісіне архивтік жинағымен бірге тасуыңызға болады.

Архивті бастау  батырмасына шертіңіз.

Архивті атауы терезесінде Дыбыстар архиві теріңіз.

Ок батырмасына шертіңіз. Таңдалған буманы архивтеу үшін бірнеше дискеталар керек. Архивтеу біткен соң операцияның орындалуы туралы хабарлама шығады.

ОК батырмасына шертіңіз. Тағы бір рет ОК батырмасына шертіңіз.

Аты жоқ -  Microsft - Backup терезесінде Жабу батырмасына шертіңіз. Стримердің немесе дискетаны дисководтан алыңыз.

 

Архивтік көшірменің көмегімен файлдарды қалпына келтіру.

Неғұрлым маңызды файлдарды жөндеуді архивтеу арқылы, компьютерде жойылған ақпаратты қалпына келтіруге болады.

Келесі тапсырмаларда алдымен дыбыстар бумасын жойыңыз, ал соңына оны архивтік көшірме көмегімен қалпына келтіріңіз.

Ескерту: Келесі тапсырманы орындамастан бұрын қатты дискіде архивтік файлдың көшірмесі бар екеніне көз жеткізіңіздер, егер онда жоқ болса, карзина бумасының ішіндегілерін қарап шығыңыздар.

Файлды архивтен қалпына келтіру үшін  Backup программасын іске қосу.

Архивтік дискетаны дисководқа қою.

Басты менюден Backup программасын жүктеу.

Пайда болған Backup терезесінен қалпына келтіру қосымшасының жарлығына шерту.

Архив таңдау тізімінде сәфкес дисководтың белгісін белгілеу

Оң жақ терезедегі тізімде QIC жолын белгілеу.

Әрі қарай батырмасын шерту. Дыбыстар архивы атты архивті іздеу басталады.

Бірнеше секунттардан кейін  С дисководының белгісі Дыыбыстар архивы QIC архиві ііндегілерінің тізімінде пайда болады.

Архивтен файл таңдау тізімінде MSOffice бумасы жанындағы (+) таңбасына шертсе, бумалар тізімі ашылады.

Дыбыстар бумасына шерту.

Жалаушаны Дыбыстар бумасының жанына қою, Осы бумадағы барлық файлдарды белгілеу үшін.

Қалпына келтіру батырмасына шерту.

Егер бумаларды архивтеу үшін 2 не оданда көп дискеталар керек болған кезде, жүйе бұл дискеталарды дисководқа кезекпен қоюды сұрайды. Бірнеше секторлардан соң қалпына келтіру деген хабарлама шығады.

ОК батырмасына шерту және пайда болған терезеде ОК батырмасына шерту.

Аты жоқ Microsoft Backup терезесінде жабу батырмасына шерту. Енді дыбыстар бумасының ішіндегілерді қалпына келтіргеннен кейін Менің компьютер белгісінің көмегімен дыбыстар бумасын табыңыз және ашыңыз да оның барлық файлдары қалпына келтірілгенненкейін көз жеткізіңіз.

 

Тапсырмалар:

1. Backup программасы сіздің компьютеріңізде бар екенін тексеріңіз, егер жоқ болса орнатыңыз.

2. Backup программасын іске қосып, Архивтеу қосымшасына кіріңіз. Графикалық редакторда орындалған бірнеше файл-суреттерді және WordPad редакторының мәтіндік файлдарын архивке кіргізіп, архивтік файлды дискетаға жазыңыз. Архивтелген және дискетаға жазылған файлды қатты дискіден жойыңыз. Дискетада архивтік файлдардан өшірілген ақпаратты қалпына келтіріңіз.

3. Архив бумасын және  оның ішінде Менің құжаттарым бумасында орналасқан бірнеше мәтіндік құжаттар үшін архивтік файл құрыңыз. Архив сәтті құрылғанына көз жеткізіп, Менің құжаттарым бумасынан көшіріп алынған файлдарды жойыңыз. Барлық файлды өз орындарына қалпына келтіріңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

    1. Архивтеу деген не? Ол не үшін қажет? Windows 98 операциялық жүйесінде қандай файлдарды архивтеу программасы бар?
    2. Архивтеу программасы қалай орнатылады? Оны қатты дискіден орнатуға бола ма?
    3. Архивтеу программасы қалай іске қосылады?
    4. Бірнеше файлдарды бір архивтік файлға немесе архивке кіргізуге бола ма?
    5. Архивтік бумалар не үшін және қалай құрылады?
    6. Жоғалған файлдарды архивтен қалай қалпына келтіреді?
    7. Дискілерді тексеру, оларды дефрагментациялау және мәліметтерін архивтеу қалай жиі жүргізілуі тиіс? Әр операцияның жиілігі неге негізделгенін түсіндіріңіз?   

 

 


Информация о работе Архивтеу программасымен жұмы