AutoCAD

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:41, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
1 AutoCAD-ң негізгі құралдары 5
1.1 Түзу сызықты кесінділер 5
1.2 Көмекші құрау сызықтары 7
1.3 Көріністерді басқару құралдары 8
1.4 Қолданушы координаттар жүйесі 9
2 AutoCAD-тағы редакциялау мүмкіндіктері 10
2.1 Редакциялау құралдары 10
2.2 Объектіні таңдау 10
2.3 Редакциялау құралдарының кеңейтілген жинағы 11
2.4 Өлшемдерді түзету бұйрықтары 12
2.5 Объектілерді конструкциялау бұйрықтары 14
3 AutoCAD-та мәтінмен жұмыс 16
3.1 AutoCAD-та бір жолды қарапайым мәтін құру 16
3.2 Мәтінді редакциялау мүмкіндіктері 16
3.3 Мәтіндік стильдер 17
3.4 Көпжолды мәтін 17
4 Күрделі объектілерді құру 19
4.1 Поли сызық құру 19
4.2 Сплайндар 19
4.3 Штртихталған аймақтар 20
4.4 Мультисызықтар 20
4.5 Эскизді сызықтар құру 21
5 Формалармен жұмыс 22
5.1 Форма файлдарын құру 22
6 Үшөлшемді көрініс салудағы AutoCAD мүмкіндіктері 23
6.1 Проекциялаудың типтік бағыттары 23
6.2 Сызбаны бояу 23
6.3 3D-Orbit режимін қолдану 24
6.4 Үш өлшемдімодельдердің сызбаларын жинақтау 24
6.5 Типтік үшөлшемді объектілер құрылымы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

Файлы: 1 файл

AutoCAD - www.topreferat.kz.doc

— 523.50 Кб (Скачать файл)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

 


 

1-сурет- AutoCAD-ң жұмыс үстелі

 

AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын.  Бұл шынында дербес компьютерде  жақсы жұмыс істей алатын алғаш  автоматты проекциялау программасы  еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді.

Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп  болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.

AutoCAD 2002 түрлі техника  облыстарында, ерекшеленген АПРЖ-де  қолданылады:

  • Архитектуралық АПРЖ-де;
  • Машина жасау АПРЖ-де;
  • Географиялық ақпараттық жүйелерде;
  • Ресурстарды бақылау автоматты жүйелерде;
  • Электротехника және электроникада;
  • Мультимедиа жүйелерінде;

AutoCAD жеңіл көрінуі  мүмкін, бірақ бұл программаның  да қиын жерлері бар. AutoCAD өте  үлкен программа болғандықтан, оны  20-30 бетте толығымен ашу мүмкін  емес. Бұл программаға жүздеген, мыңдаған бетті кітаптар шығарылып жатыр. Сондықтан AutoCAD-ң ең маңызды жерлерін зерттейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 AutoCAD-ң негізгі құралдары

1.1 Түзу сызықты кесінділер

 Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар тобына жатады. Сопдықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін, AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.

Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:

  1. Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Undo бұйрығын таңдасақ(немесе “u” әрпін бұйрықтық жолға енгізу арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған сегментін өшіреді.
  2. Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify next point or [Close/Undo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [Жабу/Бас тарту]:. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен қосады да сызық құрады.

Егер Line бұйрығының алдында  басқа сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.

  Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін           Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш, екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.

Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.

Rectang бұйрығы бірнеше параметрге ие. Қосымша редакциялау операцияларын қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.

Rectang бұйрығы полисызық  құрады. Яғни Rectang, келешекте бір  объект негізінде қолдануға болатын  AutoCAD қарапайымы.

 Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың  қабырға саны 3 – 1024 арасында болуы мүмкін.

Polygon бұйрығын таңдағаннан  кейін қабырға саны берілуі

керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:

  • Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе “е” әрпін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын екі нүкте белгілеу керек.
  • Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in circle(шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
  • Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай, бірақ көпбұрыш контекстті менюдан Circumscribed about circle: параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға “с” әрпін енгізу арқылы пайда болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.

Polygon бұйрығы да, соңында  бір объект деп қабылданатын  сынықтар  сызады.

 Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:

  • 3Р(3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
  • 2Р(2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
  • Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін “t” немесе “ttr” аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап – радиус белгілеу.

Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы  бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері  түрлі шеңберлер сызады.

 Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.

                                                                                        

                                                                             Angle(орталық бұрыш)


                                                 Center(орта)        Length of chord(хорда ұз-ғы)


                                                                             Endpoint(ақырғы нүкте)

                                                                          Angle(орталық бұрыш)   


                 Start point                                 Direction(бағыт)


                                                 End(соңы)        Radius(радиус)


        ARC                                                          Center point(орталық нүкте)        


                                                 2nd point(2ші нүкте)        Endpoint(ақырғы нүкте)   


                                                                         Angle(орталық бұрыш)


                         Center(орта)       Start(Басы)        Length of chord(хорда ұз-ғы)


                                                                         Endpoint(ақырғы нүкте)

 Ellipse(Эллипс): AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш, сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.

 Ellipse arc(Эллиптикалық  доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.

 Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:

          Current point modes: PDMODE=34     PDSIZE=0.0000      

          Specify point:

  Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының стилінің кодын анықтайды

                   PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatÞPoint Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.

 

1.2 Көмекші құрау сызықтары

Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін  сызықтарын салу үшін база ретінде  болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.

 XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw құралдар панелінде орналасқан.

Бұл бұйрықты таңдағаннан  кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:

  • Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “һ” әрпін енгізіп, Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу керек.
  • Ver: вертикаль көмекші сызыққұрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін “v” әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Ang: бұл параметрді қолдану үшін “а” әрпін енгізу керек. Содан кейін AutoCAD Reference/<Enter angle(0)>: шақыруын шығарады. Егер бір сан енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабылдап, сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа “r” әрпін енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін, бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “b” әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына, құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек, ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру керек.
  • Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл параметрді қолдану үшін “о” әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға болады:
    1. Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін “o” әрпін енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side  to offset? сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін тышқанмен көрсету керек.
    2. “о” әрпін енгізгеннен кейінгі  Specify through point: сұрағына жаңа түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек.

Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.

Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.

1.3 Көріністерді басқару  құралдары

      Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:  

Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді. 

Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:

  • Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
  • Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.

     Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.

Center(Орта): бұл параметр  экран үстіне шығарылатын сызба  аймағы ортасының жаңа жағдайын  енгізу мүмкіншілігін туғызады.

In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.

Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.

Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды.  Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.

1.4 Қолданушы координаттар  жүйесі

      AutoCAD-ғы геометриялық объектілер глобальді тікбұрышты абсолют координат жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол “дүниежүзілік координат жүйесі” деп аталады. Графикалық зонаға байланысты өс бағыты жаңа емес: х өсі горизонталь және оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған.

Информация о работе AutoCAD