Ауқымды компьютерлік желі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 14:10, лекция

Описание работы

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
· Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
· Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
· Мәліметтерді беру желілері.

Файлы: 1 файл

Ауқымды компьютерлік желі.docx

— 23.61 Кб (Скачать файл)

Ауқымды компьютерлік желі

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.

Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:

· Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);

· Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);

· Мәліметтерді беру желілері.

Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.

Кәзіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет

(Internet) баршаға белгілі. Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.

DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады. Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.

      Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол

әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілербойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынастәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды. Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды. Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға

барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы

білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу

керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды

сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап

алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған

мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа

мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр.

Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық

ISOC (Internet Society) қоғамдықұйымыбақылайды.Интернетқұрамынакіретінәр

түрлікомпьютерлердіңбір – біріменүйлесімдітүрдебайланысып, өзарамәлімет

алмасуыТСР/ІРхаттамаларыкөмегіменжүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын

айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың

көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық

хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі

ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

· Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;

· Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate

Network).

Интернетпен байланыста физикалық принципі.

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер

Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.

Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент

компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға

мүмкіншілік жасайды.

Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс

тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның,

бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы

болып тіркеуді желі

қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда,

жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында

орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер

қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және

«СА телеком» жатады.

Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады: Ф ҚазҰПУ 0703-12-09 Мамандықтың оқу-әдістемелік кешені 13

Модем арқылы байланыс.

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет

алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне

байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем

дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары

арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем

қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы

провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.

Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон

тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен

байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық

жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1

Мбайт/с).

Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық

(кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі

желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер

форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.

Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану

мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан

қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі

рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.


Информация о работе Ауқымды компьютерлік желі