Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 13:17, курсовая работа
Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары өте көп. Олардың ұстанымдары да әрқилы өрбіп келеді. Адамды қасақана теріс жағымсыз жолға көзқарасқа ұстанымға жетелейтін ақпарат құралдары да аз емес. Курстық жұмыс осы бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде үлкен беледге ие болған интернет құралына арналған. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Веб-дизайн» болғандықтан, бұл жұмыста веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері қарастырылған.
1. Кіріспе
2 Қазіргі заманғы интернет технологиялар
2.1 Web-дизайнға кіріспе
2.2 Web-дизайн деген ұғым анықтамасы
2.3 Web-сайт құрылымы
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері
2.5 Web-бет элементтері
2.6 Web-дизайн технологиялары
3. Қорытынды
1) көлденең түсетін мәзір – нақты қосымшаның функционалдық талаптарына сәйкес құрылған. Барлық суреттердің форматы gif немесе jpg (jpeg);
2) сайттың беттерін көруге мониторлардың негізгі рұқсат диапазоны 600х800-ден 1024х768 пикселге дейін таңдап алынды;
3) сайттың беттерін көруге монитордың ең төменгі рұқсаты 600х800 пиксель.
Көрсетілген монитордың рұқсатымен сайттың беттерін браузерді көлденең айналдыру мүмкіндігі болмайды.
2.4 Web-дизайнның негізгі ережелері
Кез-келген технология, шығармашылық үрдіс белгілі ережелер мен заңдылықтарға бағынатыны белгілі. Web-сайт та инженерлі-көркем шешімдер кешені ретінде белгілі бір заңдылықтар шеберінде дамиды. Төменде келтірілген ережелер олардың объективті приоритетіне байланысты, маңызлылығана орай келтірілген. Кез-келген Web-ресурсты қалыптастыру және жоспарлау үрдісі кезінде басты критерийді ескерген жөн. Ол веб-беттерді жасау кезінде болашақ пайдаланушыларға неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау. Яғни сіздің ресурсыңыздың мазмұнымен танысу үшін пайдаланушылардың талғамы бойынша жұмыс істейсіз. Бұдан web-дизайн бойынша жағдайларды стандартизациялау алгоритмдерінің белгілі бір қажеттіліктері туындайды, демек бұл қажеттіліктер сіздің потенциалды аудиторияңызды қанағаттандыру арқылы оларға сіз қалыптастырған сайт мазмұнымен максималды ыңғайлы мүмкіндіктер тудыру. [5] Алайда, тәжірибе жүзінде осы тектес әмбебап шешімдерді жүзеге асыру ақпараттық ағынның жылдам дамуы салдарынан қиынға соғуы да мүмкін. Осы ситуациядан шығудың бір тәсілі қолданушылық жүйенің минималды параметрлеріне сай бейімдеу болып табылады. Осындай тәсіл барлық қолданушылардың көзқарасы бойынша демократиялық сипатта: әлсіздеу мониторлары мен видеокартасы бар ескірген компьютерлердің қожайындарында сіздің ресурсыңызбен танысу үрдісі барысында қиындықтар туындамайды, ал дамыған компьютерлердің қожайындары белгілі бір проблемаларға ұшырамайды. Осыдан бірінші ереже бастау алады, бұл ереже әр веб-дизайнердің көкейінде болуы қажет. Қазіргі интернетте кәсіби сайт 640x480 экран рұқсатымен 256 түстік палитрасымен сәйкес келу деген заңдылық бар. Бұдан қарапайым ереже пайда болады. Ескерту: компьютерде html-документ 800x600 нүстелі рұқсатымен 640x480 нүктеге бапталған компьютерде болса, пайдаланушы үшін браузердің төменге бөлігіндегі терезені көруге қиындықтар туындайды. 256 түстік палитраны қолдану кезінде web-бет дұрыс көрінуі үшін құжат құрамына графикалық элементтерді косу кезінде GIF форматындағы файлдарды немесе JPEG форматындағы суреттерді қолданған жөн. Әрине, болашақ web-беттің бастапқы шаблонын дайындаудан кейін жоғарыдағы талаптарға сай кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру қажет. Ол үшін браузерге бетті жүктегеннен кейін қолданыстағы түстің палитра мен экрандық кеңейтуді Windows баптауларында өзгерту керек. Содан кейін тышқанның оң пернесімен Жұмыс үстелінің аумағындағы жарлықтардан бос кез-келген жерге басу керек және Қасиеттер мәзіріндегі Диалогты терезенің Баптауларына көшу қажет. Түстік палитра мен Экран аумағы бөлімдеріндегі баптауларды таңдап, тышқанмен Қабылдау пернесіне басу керек, содан кейін экрандық параметрлермен Windows-тің қайта жүктеуінсіз келісесіз. Келесі ереже Web-беттің сіздің потенциалды пайдалаушыларыңызбен қарау барысындағы белгісіз бағдарламалық қамсыздандырылумен байланысты. Яғни, бұл браузерлерге байланысты. Статистикалық мәліметтерге байланысты Интернет қолданушылардың арасындағы кең қолданыстағы браузерлер қатарында сан алуан версиялы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator бар, ал қалғандары төменгі деңгейде таратылған. Белгілі болғандай, Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator HTML-кодтың әртүрлі алгоритмдік өңдеулерін қолданып, бір элементтің өзі екі браузерлерде әртүрлі түрде қолданылуы да мүмкін. Кейбір бастаушы Web-дизайнерлердің арасында аталған бағдарламалар негізінде беттерді бірдей көріністе көрсету мүмкін емес деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем олай емес: Netscape және Explorer арасындағы айырмашылықтар сандық бағалай мен сараптамаға байланысты, сонымен қатар көптеген алгоритмдер түрлері бар болғандықтан бұны жүзеге асыру мүмкін. Web-бет Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator-да біркелкі көрінуі керек. Әрине, болашақ web-беттің шаблоны жасалынғаннан кейін бұл html-құжаттың көрініс табуын екі браузерде де тексеру қажет. Пайдаланушылардың көпшілігі Интернетке шығу үшін dial-up ақырын жылдамдықты байланыс линияларына модемнің көмегімен қолданатыны жасырын емес. Осы жағдайда , әрине, мәліметтерді беру және алу жылдамдығы төмендеп, интернет пайдаланушыларға ыңғайсыздықтарды туындатады. Осы арқылы web-дизайнгің келесі ережесі қалыптасады. Web-сайттың барлық беттері мен ондағы графиккалық және интерактивті элементтер көлем бойынша минималды болуы керек. Бұған сайтты жасау барысында арнайы графикалық компрессорларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Келесі заңдылық – сайт бойынша навигацияның болуы. Қолданушыда сіздің ресурсыңыздың бір бөлімінен екінші бөліміне көшу кезінде ешқандай қиындықтар пайда болмауы қажет. Ол сіздің жобаңыздың логикалық құрылымын анық көрсетуі керек, және мүмкіндігінше кез-келген уақытта оның барлық компоненттеріне қол жеткізу мүкіндігі болуы керек. Web-бет сіздің сайтыңыздың барлық бөлімдерін қамтитын навигациялық элементтерді еш қиындықтарсыз көрсетуі керек. Олардың орналасуын пайдаланушы қажеттіліктеріне орай ескерген жөн. Егер олар беттің жоғарғы бөлігінде орналасса және көзге скроллингтен (бетті төмен қарай айналдырып түсіру) кейін түссе ол туралы беттің төменгі бөлігінде көрсетуді ұмытпау керек. Графикалық сілтемелер және белсенді элементтерін пайдаланушылар есебімен мәтіндік формада қайталаған жөн болады. Web-бетті жасау барысында назар аударарлық фактор пайдаланушы тарапынан сіздің ресурсыңыздың психологиялық жағынан қабылдануы. Сайт инженерлі-көркемді жұмыстардың кешені болғандықтан, интернет пайдаланушылар оны солай қабылдау керек. Бұл үшін жобаны бір дизайнерлік стильде сақтап қалу керек, беттің барлық бөлімдері барлық сайт үшін сәйкесінше көркемделуі қажет. Соңғы екі ережелерді жалпы көркемдік қағидалардың эстетикалық мәнін ескеріп отыру керек. Ресурсты жасаған адам үшін web-беттің жоғарғы жағында пайдаланушылар санын көрсететін есептегін көрсеткіші мен пайдаланушының қанша уақыт және қаражат жұмсағаны бәрінен бұрын маңызды болып табылатыынмен келіспеске болмас. Сіздің еңбектеріңіздің нәтижелері пайдаланушылар тарапынан кері көзқарас тудырмауы үшін бір web-сайтта үш шрифт түрін қолданған маңызды болып саналады. Түснікті, әрі көзге жағымды көрінетін түстік жүйелерді қолданып, құжаттарды көркемдеуге үш түстен артық түстерді қолданған жөн. Үштен көп түстер ақпараттық кестелердегі жолдарды бөліп көрсету үшін қолданылуы мүмкін, бірақ бұл да дұрыс емес. Web-сайт дайындау кезінде қандай түстер үйлесімін қолданған жөн? Адам психологиясы тұрғысынан түстер үйлесімі белгілі бір деңгейде суретте көрсетілген ақпарат көрермен қабылдануына әсер етеді. Осы үшін түстер үйлесімін таңдау барысында, мысалы мәтін мен фон түстерінің үйлесімі, көзге жақсы, жағымды көрінетін түстерді қолданған жөн:
1) ақ пен қара;
2) сары мен қара;
3) жасыл мен ақ;
4) қызыл мен жасыл;
5) сары мен қара;
6) қызыл мен ақ;
7) тоқ сары мен ақ;
9) тоқ сары мен ақ;
10) қызыл мен жасыл.
Қалған түстермен реңктердің өзара сәйкестігі қарапайым ереже арқылы тексеріледі: суреттерді grayscale форматына ауыстырып (сұр түстің 256 реңкі), салынған суреттер контрастты оқылатынын қарау қажет. Егер оқылмаса – басқа түстер үйлесімін таңдаңыз. Қандай жағдай болмасын, көзге үйреншікті дәстүрлі қара түсті мәтінде қолданып, фон ретінде көмескі татқан түстер реңктерін қолдануға кеңес беріледі.
2.5 Web-бет элементтері
Кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы болады. Әрине, осындай обьектілердің саны мен көптүрлілігі сайттың тақырыптық бағытына, онда жарияланған материалдардың көлеміне, сонымен қатар осы ресурс қалыптастырушысының алға қойған мақсат-міндеттеріне байланысты. Web-бетте жобаланған осындай элементтердің өзара үйлесімі web-шебердің басты мінтеттерінің бірі болып саналады. Web-беттің қарастырылатын бірінші элементі – тақырып (заголовок). Ол графикалық нұсқамен де, мәтіндік нұсқада да орындала алады, бірақ бұл екі жағдайда да оның құжаттың басында орналасуы шарт. Егер web-ресурс екі тілде ұсынылған болса, кей кездері тақырыппен қоса сайт бетінде кириллицаны таңдау мәзірі мен сайттың ағылшын, орыстілді нұсқасына көшу пернесі орналастырылады. Ережеге сай, құжат тақырыбынан кейін жарнамалық баннерге арналған орын болады. Құжат тақырыбы астында жарияланатын баннерлердің стандартты өлшемі әдетте 468x60 нүктеден тұрады. Егер бет компоновкасының статистикалық принципі қолданылса, бұл құжат тақырыбының көлемі шамамен 640 пиксель. Осы жағдайда баннердің көлемі тақырып көлеміне қарағанда кішірек болады, сол арқылы жарнамалық мәтін орналастырылатын бет бөлігінде бос кеңістік болуы мүмкін. Қалыптасқан бос орынға web-хостинг жүзеге асыратын қожайын-компанияның логотипі немесе серверлі сілтемесі орналасуы мүмкін. Егер Web-бет коммерциялық бағытта болса, компания логотипінің орналасуы заңдылық болып табылады. Құжаттың негізгі бөлігін мәтіндік участок деп аталатын орын алады, оның құрамында беттің мазмұндық мәні орналасады: ақпараттық мәтін және иллюстрациялар. Аталған элементтерді контент деп те атайды (ағылшын тілінен аударғанда, content — мазмұн). Мәтіндің орынның сайтта орналасуы Web-дизайнердің қалған құжат элементтерін қалай орналастыруына байланысты. web-беттің келесі міндетті құрама бөлшегі навигация элементтері болып табылады – берілген құжатты сайттың басқа бөлімдерімен байланыстыратын гиперсілтемелер. Навигации элементтері мәтіндік жолдар, графикалық объектілер түрінде орындалуы мүмкін, яғни пернелер немесе белсенді компоненттер түрінде. Мысал ретінде Java-апплеттерді келтіруге болады. Құжаттың төменгі бөлігінде сайтты құрастырған адамдар туралы және пайдаланушы өзінің ұсыныстары мен шағымдарын білдіре алатын электрондық пошта мекен жайы туралы ақпаратарының көрсетілуі заңдылық болып есептеледі. Егер Web-бет бастапқы құжат болса, оның төменгі бөлігінде пайдаланушылар қатысуын есептейтін есептегіш орнатылады, Осыған орай web-шебер кез-келген уақытта еш қиындықсыз қолданушылардың қатысуы туралы ақпаратты анықтай алады. Қатысу есептегіші сайттың бірінші бетінде ғана орын алады, ресурстың қалған құжаттарында ол болмайды. Бір бетте әртүрлі есептегіштерді орнатуға болмайды. Тәжірибе жүзінде навигация элементтері экранның оң жақ шекарасында орналасуы бар Web-беттер кездеседі. Навигация элементтерін сол және оң жақ шекараның жанында ғана емес, құжаттың жоғарғы бөлігіне де орналастыруға да болады. Осындай компоновка нұсқасын үй беттерінде қолдануға болады. Қорытындылай келе, болашақ веб-жобаның қандай да дизайны болмасын сіздің еңбегіңіздің нәтижесі дұрыс болады: интернетте цензура бар ма, белгілі бір регламент бар ма т.б. Мысалы басқаруша элементтердің бір бөлігіне бет тақырыбы қойылған, бұл сайттың ағылшын және орыс тілдеріне ауысу пернелері, және де навигация пернелері болуы мүмкін. Мәтіндік алаң екі симмерриялы емес бағаналарға бөлінген, және де тақырыптық ресурс айдарларында қысқа аңдатпалар мен осы бөлімдерге сілтемелер орналастырылған. Web-беттердің аралас компоновкасы нұсқаларының саны көп болуы мүмкін, оның бәрі дизайнер шеберлігі мен фантазиясына байланысты.
2.6 Web-дизайн технологиясы
Сайттың логикалық және физикалық құрылымы.
Интернеттің әр ресурсы әуесқой үй бетінен
үлкен ақпараттық порталға дейін өзара
гипербайланыстармен байланысқан бірнеше
тақырыптық айдарларды қамтиды. Заңдылыққа
сәйкес сайттың барлық бөлімдеріндегі
сілтемелер қысқа андатпаларымен бастапқы
бетте орналастырылады, ол бет index.htm (.html)
деп аталады. Егер тақырыптық айдарлардың
өздерінің ішкі бөлімшелері болса, олардың
әрқайсысысында index.html деген атқа ие стартты
беті болады. Осындай аттарды сайттың
бастапқы құжаттарына қойған дұрыс, себебі
қысқа URL құралы (мысалы, http://www.mysite.ru/photos/ орнына http://www.mysite.ru/photos/
Басқы бет. Әр алуан web-сайттарды екі негізгі категорияларға бөлуге болады: бұл басқы беттің (splash) болуы немесе оның болмауы. Басқы бет html-құжат түрінде болады және оның құрамында белгілі бір мазмұндық ақпараттық мәтіндер мен навигация элементтері болады. Басқы беттің файлы index.html деп аталады. Онда берілген ресурс компаниясының логотипі, сайтқа кіру есептегіші мен кириллица кодировкасын таңдау ұсынысы немесе сайттың ағылшын, орыс тілдеріндегі версиясын таңдауы болады. Мысалы:
Сайттың динамикалық және статистикалық құрамы. Уақытқа сай дамыған видеокарталардың бірнеше видеорежимдері болады, олар компьютер экранында ақпараттың көрінуі кезінде экранды кеңейтілуі мен түстердің көптігімен сипатталады. Операциялық жүйенің құрылымды функциялары көмегімен пайдаланушы экранды кеңейтілудің бірнеше мағыналарын қоя алады, мысалы 640x480, 800x600, 1024x768, 1152x864, 1280x1024 немесе 1600x1200 нүктелер. Әрине, бір браузерде белгілі бір Web-бетті ашар кезде ол бірнеше түрде ашылуы мүмкін. Html-құжаттың элементтерінің бір біріне қатысты өзгерулерін болдырмау үшін қарапайым тәсіл қолданылады: Web-беттің барлық компоненттері көрінбейтін кестенің сәйкес ұяшықтарына орнатылады және әр объектінің белгілі бір орны қарастырылған. Осы арқылы web-сайттарды бөлудің екінші критерийі пайда болады, бұл критерий көмегімен оларды екі категорияға бөлуге болады. Бұл кестеде пиксельмен өлшенетін анықталған ұзындықпен белгілеуге болады, мысалы 640 нүкте. Сайттың компоновкасының осындай нұсқасын статистикалық деп атауға болады, өйткені кесте ұзындығы экрандық кеңейтілуге байланысты өзгермейді. Экран параметрлерінің өзгеруі салдарынан, әрине, сайт дизайны элементтерінің өзгеріске ұшырауы болады. Екінші жағдай, web-бет фрагменттерінен құралған көрінбейтін кестенің жуындығын ағымдық экран кеңейтілуінен пайыздық мөлшерлемемен береді. Экранның кеңейтілуінің өзгеруінен кейін кесте көлденеңнен созылады, және оның ұяшықтарындағы барлық элементтер анықталған алгоритм бойынша орын ауыстырады. Кейде кесте параметрлері экран баптауларына байланысты өзгереді, html-құжаттың компоновкасының осындай принципін динамикалық деп атауға болады. Аталған екі жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері де бар.
Беттің статистикалық компоновк
Беттің динамикалық компоновкас
3. Қорытынды
Қазақстанда барлық интернет-ресурс баспасөз құралдарына теңестірілді. Қазақ қоғамы мен халықаралық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың жаппай қарсылығына қарамастан, президент Назарбаев Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заңға қол қойды. Енді Қазақстанда барлық интернет ресурс, оның ішінде форумдар, блогтар, чаттар мен электрондық кітапханалар баспасөз құралдарына теңелді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні қол қойып бекіткен жаңа заңға сәйкес, бұдан былай дәстүрлі қағаз басылымдармен және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар Интернет-ресурстардың иелері де қылмыстық және азаматтық жауапқа тартылады.
Аталған заңға қол
қойғанын хабарлаған президенттің баспасөз-қызметінің
сипаттауынша, «Қазақстан Республикасының
ақпараттық-коммуникациялық
Алайда Қазақстандағы бірқатар журналистік ұйым, үкіметтік емес ұйымдар мен адамның құқын қорғайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) сынды беделді халықаралық құрылымдар бірнеше рет Қазақстан президентін заңға қол қоймай вето қоюға шақырды.
Атап айтқанда, Азаттық радиосы осыған дейін хабарлағандай, ЕҚЫҰ-ның баспасөз бостандығы бойынша өкілі Миклош Харастидің Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 маусымда жолдаған хатында Интернетке мемлекеттік бақылау орнату туралы заң Қазақстанның осы ұйым алдындағы міндеттемелеріне және халықаралық стандарттарға қарама-қайшы келетінін ескертілді.
Оның ішінде Миклош Харасти
президент Нұрсұлтан
- Интернет форумдарды, блогтар мен чаттарды және тағы басқа интернет-ресурстарды дәстүрлі ақпарат құралдарына теңеу Интернетке деген құқықты негізсіз шектейді;
- Кез-келген бұқаралық
ақпарат құралының өндірісін
немесе таралуын тоқтатуға
- Қазақстан азаматтарының шетелдік ақпарат құралдарына немесе кез-келген шетелдік Интернет-ресурсқа шығу құқын күрт шектейді.
Оған қоса жаңа заңда Қазақстан аумағына арналған шетелдік баспасөз құралының өкімдеріне сот арқылы тыйым салу мүмкіндігі де қарастырылған. Егер шетелдік БАҚ-тың ақпараты немесе өнімі Қазақстан заңдарына қайшы келеді деп табылса, ол БАҚ-ты тоқтату мәселесі арызданушының жерінде және жауап берушінің қатысуынсыз сотта қарала береді.
Жаңа заңның бұл нормасы,
ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірінше, Қазақстан
аумағында шетелдердің Интернет
Зерттеу жұмысының Web-дизайнға кіріспе, Web-дизайн деген ұғым анықтамасы, Web-сайт құрылымы, Web-дизайнның негізгі ережелері, Web-бет элементтері және Web-дизайн технологиялары деген бөлімдерінде аталмыш тақырып ашылды. Web-дизайн деген ұғым анықтамасы бөлімінде жалпы ақпарат беріліп, қалған бөлімдерде кез-келген web-бет құрамында интернеттің әр ресурсының міндетті компоненттері болып табылатын стандартты элементтердің жиынтығы туралы мағлұматтар келтірілген.