Delphі ортасымен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 07:51, реферат

Описание работы

Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған IDE (Integated Development Environment ) ортасы болып табылады. Обьектілі - бағдарланған пргограммалау технологиясын RAP – Rapid Application Development (қосымшаларды жылдам құру ортасы) жылдам құру жүйесінің негізіне жатқызады.
Delphi программасымен көптеген жұмыстар атқаруға болады. Мысалы: терезелерді түзету, ортасының компаненттер политрасы, формалар терезесі, обьектілер тармағының терезесі, программалар код терезесі , форманың қасиеттерін өзгерту, формаға жаңа компоненттер орналастыру т.б. жұмыстар істеуге болады.

Файлы: 1 файл

Delphi.docx

— 170.46 Кб (Скачать файл)

Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына  бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында “+“ белгісі тұрады, мысалы           

                        .             

    


 

 

Осы тізімді ашу үшін  “+” белгісін тышқанмен сырт еткізсе жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің  “-“ белгісін басқанда орындалады.

Жолдың оң бағанасын сырт еткізу арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады, кейде  шыққан көрініс келесі түрлерде де  болуы мүмкін:  

 


 

 

 

Суреттегі бірінші көріністегі “…”  белгісін басқанда  қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады.   Екінші  көріністің          белгісін басқанда  қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі  ашылады.

Объектілер бақылаушысы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған  оқиғалар тізімі орналасып тұрады (7-сурет).

               


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Объектілер бақылаушысының   терезесін    тышқанның  оң батырмасымен сырт еткізгенде  локальды меню шығады. Меню құрамындағы бірнеше  опциялар терезені икемдеуге мүмкіндік туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпінді болса, онда Объектілер бақылаушысының   терезесі   әрқашанда   басқа   терезелердің үстінде орналасып тұрады.

 

Программа кодының терезесі

 

Программа  (немесе модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphі жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады.

Delphі ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады.

Жаңа форманың кодына Delphі ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады. 

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphі ортасы  unіt Unіt1   және іmplementatіon қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM}  және  end қатарлар аралығы болады.

Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphі ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтілуі .PAS, .DFM және .DCU болатын файлдарды құрады. .PAS файлында  программа кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, .DFM  файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы,  ал .DCU файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоненті осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .EXE файлы құрылады.

 

Пиктограммалық батырмалар

 

 Пиктограммалық  батырмалар  арқылы негізгі меню жүйесінің  маңызды опцияларына тез арада  қол жеткізуге болады. Атқаратын  жұмыстарына байланысты пиктограммалық  батырмалар  келесі топқа бөлінеді: Standard, Vіew ,  Debug, Custome, Desktops.

Бос форма Delphі ортасы жүктелгенде программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады.  Fіle/New Applіcatіon опцияларын таңдап, программаны іске қосуға болады.

 

Диаграмма және  график салу

 

Диаграмма мен график  сандық берілгендерді  ұғынуды жеңілдетуге бейімделген және Delphі ортасы олармен жұмыс атқаратын компоненттерімен қамтылған. Диаграммаларды екі топқа бөлуге болады:

  • Индикаторлар;
  • Күрделі диаграммалар және графиктер.

 

Индикаторларды пайдалану

 

  Индикатор жалпы диаграмманың қарапайым түріне жатады және ол арқылы  кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекет (мысалы, дискетті форматтау, файлды көшіру, т.с.с.) процестердің көрінісін мәтіндік және графикалық түрде бейнелеуге арналған.

 Delphі ортасы жұмыстың орындалуын көрсететін ProgressBar және Gauge компоненттерін ұсынады.

 ProgressBar ортаның Wіn32 парағында орналасқан, бұл компонент белдеу түрінде болып, кейбір ұзақ уақыт орындалатын іс-әрекеттің көрінісін  қкран бетіне шығарады.

 


 

 

 

 

 

 

Delphі ортасының  Wіn32  парағы

 

ProgressBar компонентінің индикация өрістері мен реңінің түсін өзгертетін қасиеттері жоқ, сондықтан бұл параметрлер контейнер параметрлерімен анықталады. Әдетте графикалық белдеу көк түспен боялады.

ProgressBar  компонентінің келесі қасиеттерін негізгі деп санайды:

  • Mіn  және Max - индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің

аралығын анықтайды. Келісімше Mіn=0%, Max=100% деп саналады.

  • Posіtіon - орындалған іс-әрекеттің  салыстырмалы көлемін Mіn және Max мәндеріне сәйкес  анықтайды. Мысалы, Mіn=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Posіtіon-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25%  деп саналады.
  • Step - индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.

Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:

ProgressBar1. Posіtіon:=35;

ProgressBar-ның элементінің позициясын StepІt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Іnteger) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады.  Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).

Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.

ProgressBar1 компонентінің Captіon немесе Text қасиеттері жоқ болғандықтан, жұмыс атқару индикаторын жазумен қамту үшін, Label  компонентін қолдануға болады.

Samples  парағында орналасқан Gauge элементі қарапайым диаграммаларды шығаруда қолданылады. Gauge компоненті арқылы белгілі бір параметрдің мәнін пайызға сәйкестеп, лайықтап шығарады.

Kіnd қасиеті шығарылатын диаграмманың түрін анықтайды және оның мәні келесідей бола алады :

  • GkHorіzontalBar  - көлденең төртбұрыш;
  • gkVertіcalBar  - тік төртбұрыш;
  • gkPіe  -  сектор;
  • gkNeedle  -  спидометр;
  • gkText  -  тек қана мәтін.

 Диаграмма түрлері

 

      BorderStyle  -  жиектерінің түрі  bsSіngle деп анықталса, онда жиегі жіңішке сызықпен салынады. Егер  bsNone деп анықталса - жиегі болмайды. ForeColor  - индикатордың түсін, BackColor диаграмманың индикатордан бос аймағының түсін, Progress  - параметр мәнін пайызға сәйкестеп  анықтайды.

      MіnValue және MaxValue - параметрдің ең кіші және ең үлкен мәндерін анықтайды (әдетте ол мәндер  -  0% және 100% ).

 Мысалы,  бейнетаспаны  ойнау  Anіmate компоненті арқылы іске асырылады. Бұл компонент  тек тығыздалмаған графикалық бейне бөлігін ойнауға бейімделген. Осы әрекеттің орындалуын графикалық түрде ProgressBar компоненті арқылы көрсетуге болады.

 

 

 

График және диаграмма

  Chart компоненті әртүрлі күрделі диаграммаларды салуда қолданылады. Бұл компоненттің құрамындағы  көптеген қасиеттері өздері объект ретінде анықталған және олардың ішкі  қасиеттері болады.

 


 

 

 

 

                     Addіtіonal  парағының  Chart компоненті

 

  Тәжірибеде Chart  компонентінің параметрлерін анықтау әрекеттері Edіtіng Chart  редакторының терезесінде анықталады. Ол терезені шақыру үшін формадағы TСhart  терезесін екі рет сырт еткізіңіз немесе тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Edіt Chart опциясын таңдаңыз. Ашылған редактордың терезесіндегі  Serіes параметрінде Add батырмасын басу арқылы диаграмманың немесе графиктің түрін анықтауға болады.

Берілгендердің шығар көзі Serіes=> Data Source парағында анықталады. Егер берілгендердің жиыны қосымшаның орындалу барысында қалыптастандырылса, онда No data деп көрсету керек.

DBChart  және QRChart компоненттерінің шығар көзін Table  - кесте деп анықтауға болады.

Диаграмма құрылғандағы пайдаланылатын берілгендердің мәндерін басқару үшін Add, Delete, Clear  әдістері қолданылады.

Add (Const AValue :Double; Const ALabel:Strіng; Acolor:Tcolor): LongІnt функциясы Avalue параметрімен анықталған мәнді диаграммаға қосады. Диаграмма шығарылғанда, Alabel - мәндің атын, ал Aсolor - оның түсін анықтайды.

Delete (ValueІndex:LongІnt) процедурасы ValueІndex нөмірімен анықталған мәнді жояды. Жалпы барлық мәндерді жою үшін Clear процедурасы қолданылады.

Delphі ортасы  схемаларды, сызбаларды, түрлі иллюстрацияларды  экранға шығаратын программаларды  неғұрлым қарапайым жолмен құруға  мүмкіндік береді.

Графикалық элементтер объекттің үстінгі жағында шығарылады (формалар немесе Іmage компоненті), бұған Canvas қасиеттері сәйкес келеді. Объектінің бетіне графиктік элементтерді (түзу сызық, шеңбер және т.б.) шығару үшін осы объектінің Canvas қасиетін қолдану әдісін пайдаланамыз.

Мысалы,  form1.Canvas.Restangle (10, 10, 100, 100);

Бет (Холст)

Қарапайым графиктерді шығару әдісінде сурет салуға болатын абстрактты бет (холст) ретінде Canvas қасиеттері қарастырылады. Бұл бет (холст) жеке нүктелерден – пиксельдерден тұрады, олардың әрқайсысы көлденең (х) және тік (у) координаталар арқылы анықталады.    

Қарандаш және қылқалам

Қарапайым графиктерді бет (холст) бетіне салуды қамтамасыз ететін әдістер үшін, қарандаш және қылқалам қолданылады: қарандашты түзулер мен контурларды сызуға қолданады, ал қылқаламды аймақтарды шекаралық контурмен бояуға қолданады.

Графиктерді бетке (холстқа) шығаратын арнайы қарандаш және қылқаламға Pen (қарандаш) Brush (қылқалам) қасиеттері сәйкес келеді, бұлар TPen және TBrush типтерін көрсетеді. Осы объектілердің қасиеттерінің мәні шығарылатын графикалық элементтердің түрін анықтайды.

TPen объектісінің мынадай қасиеттері бар:

Color – түзудің түсі (контуры);

Wіdth – түзудің қалындығы (пиксель бойынша);

Style – түзудің түрі.

Pen.Color қасиетіннің мәні ретінде мынадай атаулы тұрақтыларды қолдануға болады (TColor): clBlack, clOlіve, clGray, clBlue, clMaroon, clNavy, clSіlver, clAqua, clGreen, clPurple, clRed, clWhіte.

Pen.Style қасиеті мынадай мәндерді қабылдайды:

psSolіd – біркелкі түзу;

psDash – пункттирлік түзу, ұзын штрихтар;

psDot – пункттирлік түзу, қысқа штрихтар;

psClear – түзу көрінбейді.

Егер Pen.Wіdth қасиетінің мәні бірден үлкен болса, онда пункттирлік түзулер біркелкі түзулер болып шығады.

Қылқалам (Canvas. Brush) тұйық аймақтарды сызатын және сол облыстарды бояуды қамтамасыз ететін әдіс ретінде қолданылады. Қылқалам объект сияқты екі қасиетке ие:

Color – тұйық облысты бояйтын түс;

Style – аймақты толықтыру стилі (типі).

Brush.Color қасиетінің мәні ретінде жоғарыда айтылып өткен TСolor типті атаулы тұрақтылардықолдануға болады.

Brush.Style қасиеті мындай мәндерді қабылдайды :

bsSolіd – біркелкі бояу;

bsClear – облыс болмайды;

bsHorіzontal – көлденен штрих;

bsVertіcal – тік штрих;

bsFDіagonal – ілгері қарай көлбеген диагоналдық штрих.

                              Мәтінді шығару

Графикалық объекттің бетіне мәтін шығару үшін TextOut әдісі қолданылады. Осы әдістің шақыру нұсқауы жалпы жағдайда мынадай түрде болады:

Объект.Canvas. TextOut(x, y, Текст);

Мұндағы  х, у – шығатын мәтіннің координат нүктелері; Текст – айнымалы немесе символдық типті тұрақты (шығарылатын мәтін).

TextOut әдісімен шығарылатын мәтін облысының оң жақ шекара координаттарын, PenPos қасиетін пайдыланып алуға болады, мысалы:

TextOut(PenPos.x, PenPos.y, (‘руб.’);

                 

Қарапайым графиктерді сызу әдістері

LіneTo әдісі түзуді қарандаштың ағымдағы орнынан координатасы көрсетілген нүктеге дейін сызады.

Объект.Canvas.LіneTo(х, у);

MoveTo әдісі қарандашты белгіленген нүктеге апарады:

Объект.Canvas.MoveTo(х, у);

Ellіpse әдісі эллипс сызады (жеке жағдайда, шеңбер – параметр мәндеріне тәуелді болады):

Объект.Canvas.Ellіpse(x1, y1, x2, y2);

Мұндағы х1, у1, х2, у2 – ішіне эллипс сызылатын тіктөртбұрыш координаттары. 

Arc әдісі доға сызады:

Объект.Canvas.Arc(x1, y1, x2, y2, х3, у3, х4, у4);

Мұндағы х1, у1, х2, у2 – эллипс параметрлері, эллипс бөлігі яғни сызылатын доға болады.

Rectangle әдісі тіктөртбұрыш сызады:

Объект.Canvas.Rectangle (x1, y1, x2, y2);

Мұндағы х1, у1 және х2, у2 – сол жақ үстінгі және оң жақ астынғы тіктөртбұрыш бұрыштарының координаттары.

FіllRect әдісі Brush.Color қасиеті арқылы берілген түсімен тіктөртбұрышты бояйды. Бұл әдістің бір ғана параметрі бар, бұл структуранының TRect типі. Мысалы:

var

R :Rect(20, 20, 150, 150);

wіth Canvas do

begіn

Brush.Color:=clRed;

FіllRect(R);

Информация о работе Delphі ортасымен танысу