Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2015 в 23:04, курсовая работа
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi – күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client – Server), екiншiсi – қалған программалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман программаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс iстеушiлерге арналған. әдетте пайдаланылатыны – екiншi түр.
Кiрiспе........................................................................................................4-5
I Негізгі бөлім:
1. Delphi программалау ортасы................................................................6-8
Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы. Проект. Форма. Қасиеттер...........6-8
Оқиға. Код терезесi. Әдiс....................................................................9-12
Компоненттер палитрасы....................................................................13-14
Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру.........................15-17
Проектiнi сақтау және ашу.......................................................................18
Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл............................................19-20
Delphi ортасында шартты оператормен танысу....................................21-22
Қорытынды...................................................................................................23
Қосымша...................................................................................................24-25
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................26
Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу командасын қосып қою да мүмкiн, т.б.
Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негiзгi модульдi орындаудан басталады.
Модуль – түрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына әдеттегiдей нүктелi үтiр (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде қҮрылады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да, оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мүмкiн. Одан әрi, Delphi дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтерi) жарияланады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер енгiзiлуi мүмкiн (элемент – өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.
Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} – .dfm кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесiнде көрiнедi). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi. Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны дайындау үшiн қажет. Егер ол толтырылса, бҮл бөлiм басқаруды программа денесiне беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол - модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.
1.3. Компоненттер палитрасы
Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып
табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында
орналасып, қажетті компонентті
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді
иемденген және форма терезесінде кез-келген
объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын
функциональды элементті айтады. Delphi ортасының
компоненттері 19 топқа
бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және объектілер
бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының
немесе форманың терезесі – болашақ программаның
Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады.
Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық
тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің
мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен
анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form
опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған
бос формаға бір компонентті, мысалы Standard
парағының Button батырмасын орналастыру
үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін
сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру
керек.
Button
батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды
баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің
үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің
аты шығып тұрады. Қажетті компонентті
сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма
аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек,
форманың бетінде Button 1 элементі пайда
болады.
Жиi қолданылатын беттер мен
компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:
1-кесте
Standard
Additional Win32 System DataAccess DataControls InterBase Midas Internet QReport Dialogs |
ҚҮрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген стандартты бет. Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет. Windows 95/98 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер Таймер, плеер т.с.с. жүйелiк компонеттер бетi Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi Берiлгендердi басқару бетi InterBase программасымен тiкелей байланыс Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын қҰру Инетрнет – Интернетпен жҰмыс iстейтiн қосымшалар қҮру Есептер даярлау “Open file”, т.с.с. сҰхбаттық терезелердi пайдалану | |
Standard бетiнiң кейбiр компоненттерi: | ||
Label Edit Memo Button Panel MainMenu |
Мәтiндi шығару Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау Командалық тұйме қҰру Компоненттердi топтастыру контейнерi Мәзiр қҮру | |
Additional бетiнiң компоненттерi: | ||
BitBtn Image Shape Chart |
Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық түйме Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу) Форма бетiне түрлi геометриялық фигураларды шығару Диаграммалар мен графиктер тҮрғызу | |
Win32 бетiнiң компоненттерi: | ||
Animate ProresBar |
Дыбыссыз клиптердi орындау Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу | |
System бетiнiң компоненттерi: | ||
Timer PaintBox |
Қосымшада уақыт интервалын беру Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс қҮру | |
Dialogs бетiнiң компоненттерi: | ||
OpenPictureDialog
SavePictureDialog |
Графикалық файлдарды ашу сҮхбаттық терезесiн пайдалану Графикалық файлдарды сақтау сҮхбаттық терезесiн пайдалану |
Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 2-тарауда келтiрiлген. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюына болады.
Формада орнатылған Label, Edit компоненттерiнiң Caption, Text қасиеттерiне программа арқылы қол жеткiзу – Паскальдағы жазу өрiсiне қол жеткiзу сияқты. Алдымен объект атауы жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгiзiледi. Қасиетке мән меншiктеу тәсiлi әдеттегiдей. Мысалы:
Label1.Caption:=’Бiз студенттермiз’;
Edit1 өрiсiне енгiзiлген қарапайым мәтiндi (S) Label1 өрiсiне шығару да мүмкiн. Ол үшiн процедура денесiн мынадай етiп алу жеткiлiктi (Edit1.Text - Edit1 объектiсiнiң Text қасиетiн программа арқылы орнату әдiсi):
var s : string;
begin
s := Edit1.Text;
Label1.Caption := s;
end;
1-Мысал. Екi санның көбейтiндiсiн есептейтiн қосымша құру керек.
5-сурет. Компонеттер орнатылған форма
2- кесте. Форманың және оның компонеттерiнiң қасиеттерiн орнату:
Компонент |
Қасиет |
Меншiктелетiн мән |
Form1 |
Font Caption |
Times Kaz, 10 Сандарды кобейту |
Edit1 |
Text |
- (бос ету) |
Edit2 |
Text |
- (бос ету) |
Label1 |
Caption |
1-сан |
Label2 |
Caption |
2-сан |
Label3 |
Caption |
Нәтиже |
Panel1 |
Caption |
- (бос ету) |
Button1 |
Caption |
Есептеу |
Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject);
Рrocedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
Begin {негiзгi програма}
// Меншiктеу
Panel1.Caption:=Edit1.Text+'*'
FloatToStr(StrToFloat(Edit1.
end;
Фигуралық жақшалар iшiне ({ }) жазылған мәтiн – түсiнiктеме (Турбо Паскальдағы сияқты); Delphi-де бiр жолдық түсiнiктеменi қос көлбеу сызықтан ( // ) соң жазуға да болады (процедураны қараңыз).
Программа компиляцияланып шыққан соң, жүйе “Сандарды көбейту” тақырыбы жазылған форманы экранға шығарады;
6-сурет. Нәтиже шығарылған форма
Delphi-де визуальды программалау тәсiлi екi процестен тұрады: форма не онда орнатылған компоненттер арқылы программаның визуальды орындалуын құрастыру және оларды пайдаланып, программалық код жазу.
1.5. Проектiнi сақтау және ашу
Проектiнi дайындап болған соң оны сақтау үшiн File-Save Project As не File-Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын Save Unit1 As терезесi көрiнедi.
Проект сақталу үшiн арнайы
бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Projects
Мұндағы ескеретiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Calc1.pas, Calc1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мүмкiн. Сондықтан оларды түрлi атаулар бойынша сақтау керек.
Сақтаулы проектiнi ашу үшiн File-Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.
1.6. Программаны компиляциялау. ЕХЕ файл
Жаңа құрылған программаны (проектiнi) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн берiлетiн команда: Project-Compile Project (Проект-Проектiнi компиляциялау). Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске қосу командасы берiлген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады (7-сурет).
7-сурет. Компиляциялау барысын көрсету терезесi
Компиляциялау командасы берiлген кезде Compiling терезесi экранда көрiнбеуi ықтимал. Оны экранға шығару тәсiлi:
Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистiк қате болмай, қате оның алдындағы жолда жiберiлуi де мүмкiн, мысалы, оған енгiзiлген команда соңына нүктелi үтiр (;) таңбасы қойылмаған, т.б.
Қате түзетiлiп болған соң Iске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over (Iске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады.
Егер программада синтаксистiк қате бар болса, компиляциялау кезiнде Delphi қате табылған жолды код терезесiнде ерекшелеп көрсетiп, қате жiберiлген орынға курсорды орналастырады және қате типiн терезенiң төменгi бөлiгiнде орналасқан терезеде көрсетiп, машина жұмысын тоқтатады.
Мұндағы ескеретiн жайт: компилятор бiр қатенi төменгi терезеде екеу етiп көрсетедi: бiрiншiсi - синтаксистiк қате жөнiнде мәлiмет, екiншiсi - файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау.
Проектiнi сақтау кезiнде Delhi PAS, DFM, DCU кеңейтулерi қосылатын үш файл дайындап шығады. PAS - файлы – код терезесiндегi мәтiн көшiрмесi; DFM файлында форма терезесiнiң iшiндегiсi сипатталады; DCU - файлы – екi файлдың да машиналық нұсқауға түрлендiру нәтижесi. Егер программада синтаксистiк қате болмаса, компилятор оларды ехе файлға түрлендiрiп шығады (файлдың аты проект атауымен бiрдей етiп жазылады да, оған .ехе кеңейтiлуi қосылып қойылады). Ол Windows-қа кiрiстiрiлiп, проект файлы сақталған бумада орналастырылады. Оны Windows жетекшiсi (сiлтеушiсi) терезесiнен әдеттегiдей iске қоса беру мүмкiн.