Delphi ортасымен танысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 14:14, реферат

Описание работы

Есептеуіш тениканың қақынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау - обькетілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Бұл орта қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың кез келген саласындағы бизнес программа, мультимедия, ойын, мәліметтер қоры сияқты өнімдерді құруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ең қуатты программалау тілдерінің бірі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
I. Delphi ортасымен танысу
Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама
Пиктографиялық батырмалар
Терезелерді түзету
Delphi ортасының компоненттер политрасы
1.5. Формалар терезесі
1.6. Обьектілер тармағының терезесі
1.7. Обектілер инспекторының терезесі
1.8. Программалар коды терезесі

II. тарау. Визуалды программалау негіздері
2.1. Бос форма және оны түрлендіру
2.2. Delphi- ді баптау
2.3. Форманың қасиеттерін өзгерту
2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру
2.5. Оқиғаға жауапты қалыптастыру

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Delphi+ортасымен+танысу+16.doc

— 382.00 Кб (Скачать файл)

Формалар терезесі, программалар терезесі Windows жобасынан тұратынын айыттық. Сөйтіп File/New/Application опйиясын таңдағаннан кейін қарапайым программа дайын болады.

 

    1. Delphi- ді баптау

 

Программалар жобасымен  жұмыс істеу процесінде формалар мен модульдер жиындығын құру қажет. Бұл мәліметтерді жеке папкада файлдар түрінде сақтаған дұрыс . оның ішінде өзіңіздің жұмыс папкаңызды құруға болады.

Екіншіден , Delphi ортасының  стандартты келтірілген күйіне өзгеріс  енгізу қажет.

Ол үшін Tools/Environment Options менюін таңдаңыз,пайда болған сұхбат терезесінде  Preferences бетінің екпінді екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында <Editor Files>және  <Desktop> деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштарды екпінді жасау программа коды терезесінің мәтінін және  Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл программаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырып қосқыштарды екпінді жасайды. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және  Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай ақ, программа кодына түсіндірмені  мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол программа жұмысына әсер етпейді,бірақ оның мәтінін түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет.

    Сонымен, Delphi ортасындағы программа үш кезеңнен өтеді:

Компиляция компоновка орындау.

Компиляция кезеңінде  код терезесінде дайындалған  программа мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады. Компоновка кезеңінде қажетті қосалқы программалар қосылады,ал орындау кезеңінде дайын программа жедел жадыға шақырылып,орындалуға жіберіледі.

F9  клавишін басқаннан  кейін Save Unit 1 As сұхбат терезесі  пайда болады , яғни Delphi Unit 1.pas модулі  үшін файлдың аты мен ол  орналасатын папканың атын сұрайды  , сондай -ақ , модульдің де атын өзгерту қажет.

Delphi-дегі атаулар. Delphi-дегі  атау латын әріптерінен       басталатын әріптер,цифрлар және  сызықша болуы тиіс, атау цифрдан басталмауы керек, ұзын атау бере беруге болады.

 

    1. Форманың қасиеттерін өзгерту

 

Жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Программаны компиляциялау кезінде Delphi  заты.PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады:.PAS файл программа коды терезесіндегі мәтін көшірмесінен тұрады;-.DFM Заты файлында форма терезесінің мазмұны сақталады; ал .DCU файлында екі файлдан алынған мәтінді машиналық нұсқауға түрлендіру нәтижесісақталады. .DCU компилятормен құралады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты .EXE болып келген бір тұтас шақырылатын файлға түрленеді. Енді программаны түрлендіріп көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi  жүйесіне кіргеннен кейін,терезе тақырыбы форма тақырыбына сәйкес келеді. Тақырыпты өзгерту үшін обьектілер инспекторы терезесіне баруы қажет.Form 1 программасының терезесін жабыңыз. Обьектілер инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдан оң жақ баған мәтінімен ерекшеленеді және ерекшеленгеннің оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Клавиатураны кириллицаға ауыстырып, “программа” деп жазыңыз, одан кейін F9 - ды басыңыз прогрмманың бұл орындалуы - тақырыбы  “программа” деп аталатын терезені құру. Обьектілер инспекторы терезесі арқылы программалар терезесінің бір қасиетін- тақырыбын өзгертік. Дәл осындай формалардың кез келген қасиетін өзгертуге болады.

 

2.4. Формаға жаңа компоненттер орналастыру

 

Формаға жаңа компоненттер орналастыруды қарастырайық. Ол үшін алдымен орналасатын компонентті  таңдауы қажет. Одан кейін форма  терезесіндегі компонент орналасатын  орынды тышқанмен белгілеу жеткілікті.

    Енді прграммалар терезесіне әртүрлі жазжуларды, түсіндірмелерді орналастыруға арналған Label компонентін орналастырайық. Алдымен компоненттер палитрасынан  Standard  бетінің ашылғанына көз жеткізу қажет. Курсорды әрбір компонентің үстінен жүргізгенде оның аты жазылады. Компоненттер политрасына курсорды келтіріп ,тышқанмен белгілейміз,одан кейін форма терезесінің белгінің орнын көрсетеміз.

        Жаңа компоненттің стандартты  аты Label 1 , батырмадағы жазудың  да аты осындай болады. Обьектілер  Инспекторы терезесіндегі Caption жолының көмегімен бұл жазуды оңай өзгертуге болады”программа N1” деп енгіземіз. Бұл енгізілген жазу формадағы компоненттен көрінеді.

Енді жазудың түсі мен шрифті өзгертейік. Ол үшін обьектілер Инспекторы терезесіндегі Font  қасиетін тышқанмен белгілейік,батырманың көмегімен жолдың оң бөлігінен шрифті түзететін сұхбат терезесі ашылады. Size тізімінен  шрифтің өлшемін 24, Color тізімінен қажетті түстің таңдаймыз. OK батырмасымен терезені жабамыз. Форма терезесіндегі компоненттегі жазу өзгертуге сәйкес қасиетін өзгертеді.

 

2.5.  Оқиғаға  жауапты қалыптастыру

 

1. Формаларды  түрлендіру. Алғашқы программаға кезекті түрлендіруді жасайық: формаға тағы бір компонент орналастырайық. Мысылы батырманы алайық,ол тышқанның оң жақ батырмасын басуға байланысты оқиғаға жауап беретін болсын. Батырма компоненті standard бетінде компоненттер палитрасында ok пиктограммасымен бейнеленеді. Бұл компонент форма терезесіне белгінің төмен жағына орналастырайық.

2. OnClick оқиғасын  өңдеуші. тышқанның сол жақ батырмасын басқанда жұмыс істеп тұрған программада OnClick оқиғасы пайда болады. әзір бұл оқиға программамен ешқандай өңделмейді,сондықтан батырманы басу ешқандай нәтиже бермейді. Батырма басылғанда жауап беруді жүзеге асыру үшін ObjectPascal тілінде программа фрагменттін жазу қажет,ол оқиғаны өңдеуші деп аталады. Бұл фрагментте программист батырма басылғанда программаның не істейтінін көрсететін мәтіндік жолдар тізбегі жазылады. Фрагмент ObjectPascal дің арнайы қосалқы программасы процедура түрінде өрнектеледі.

Delphi OnClick  оқиғасын өңдеу процедурасына дайындықты өз бетімен жасау үшін компонентті тышқанмен жылдам екі рет белгілеу қажет. Нәтижесінде Код терезесіне төмендегідей мәтін фрагментті болады:

Procedure Tform1.Button1 click(Sender:Tobject);

Begin

 

End;

 

Енді фрагментті талдайық. Procedure сөзі компиляторға қосалқы програма - процедураның басы жөнінде хабарлайды. Delphi ортасында сондай - ақ,қосалқы программа функция пайдаланылуы мүмкін,бұл жағдайда Function  сөзі пайдаланылады. Одан кейін: Tform1Button1Click процедурасының аты жажзылған. Атау құрама сөзден тұрады: Tform1-класс атауы; Button1Click  прцедурасының атауы.

Begin сөзі компиляторға  процедураның жұмыс алгоритмін  сипаттайтын сөйлемдер тізбегінің  бастамасы екені туралы белгі  береді, ал end сөзі осы тізбектің соңын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

Қорта келгенде, программалау тілдерін жақсы меңгере отырып, Delphi, Borland Pascal, Visual Basic, C++ орталарында  әртүрлі  программалар құруды білу.

 Программалау ісекрлігін  үйрену үшін нақты есептер  шығарып, программасын жаза білу керек. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Біз  Delphi ортасының жұмысына жалпы сипаттама бере отрып, Delphi ортасының компоненттер политрасына түсініктеме бердік. Негізгі терезе туралы және оның қызметі, қандай бөліктерлен құралғанын қарастырдық.  Онда әрбір терезелері туралы жеке жеке айта келе, Delphi ортасының терезелерінң қызметі мен қасиеттері, байлапнысуы туралы түсінік бердік Формалар туралы және оның қасиеттері жөнінде мәлімет бере отырып, Delphi дің әрбір компоненттерінің құрал саймандарымен таныстық.

Delphi программалау жүйесінде  тестілеу және оның маңыздылығы  туралы, оның қолданылуына мысалдар  келтіріп көрсеттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1. Халықова. К.З., Бостанов  Б.,Тұрғанбаева А. Обьектілі             бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. Оқу құралы. Абай ат. ҚазНПУ. Алматы,20057 -301 б.

2. Халықова. К.З., Паскаль  тілінде программалау. Оқу құралы.абай       ат.АлМУ. Алматы, 2002. -210 б. 

3.   Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Жаратылыстану бағытындағы мектептерде информатиканы бағалап оқыту. Вестник ҚазНПУ им.Абая. N2 (16)6 2006.

4.  Халықова. К.З., Э.Ж.Төлеген  Жалпы білім беретін орта мектептің  кәсіптік бағдарлы курсында Delphi жүйесін оқытудың ерекшеліктері.. “Вестник” АГУ им. Абая., Алматы, №1 (9)6 2004.   

5.  Давыдова Е.В. Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi .Информатика и образование. № 4,5,6. 2002.                           

6. М.Фленов.библия Delphi . Сакт - Петербург “БХВ -Петербург”, 2004. -880 с.:ил.

7. Культин Н. Delphi 3 . Программирование на Object Pascal. Сакт – Петербург, 1998. – 304 с.

8.  Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 152 с.

9. В. Фаронов. Обьектно риентирование среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. “Русская редакция”, 2002 .

10. Халықова. К.З., Бостанов Б.,Тұрғанбаева А. Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы: Оқу құралы. ,Алматы:Print – S, 2005. – 250 б .

11. Халықова К.З., Ануарбекова  Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы: Оқу әдістемелік құралы. Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2008 .- 220 бет.

 




Информация о работе Delphi ортасымен танысу