Дербес компьютер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 17:59, доклад

Описание работы

(Mother board) - Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған – олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі.

Файлы: 1 файл

Д.К. іш құрылысы.docx

— 944.30 Кб (Скачать файл)

 

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аналық  тақша

 

 

(Mother board) - Компьютерде жұмыс  істеу кезінде барлық мәліметтер  аналық немесе жүйелік тақшамен  өңделеді. Аналық тақша – бұл  компьютердің барлық құрауыштары  қосылатын күрделі көп қабатты  баспалық тақша. Аналық тақша  мыс өткізгіштер-жолдар желісімен  қапталған – олар бойынша тақшада  құрастырылған микросхемалар мен  компьютердің басқа құрылғылары  қосылатын слоттарға мәліметтер  келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі  бір слотқа қосыла алады. BIOS (Basic Input Output System) Енгізу-шығарудың базалық  жүйесі (BIOS — Basic Input Output System) өзіне  компьютердің құрылғыларының арасындағы  өзара әрекетті ұйымдастырушы  енгізу-шығару бағдарламаларының  жинағын қамтиды. BIOS аппараттық құрал  ретінде де, операциялық жүйенің  бағдарламалық модулі ретінде  де қарастырылады. Компьютерде  BIOS жүйесі жүйелік тақшада орнатылған  микросхема түрінде іске асырылған.  Ескі жүйелерде ROM BIOS микросхемасын  орнатқан болатын. Қазіргі заманғы  компьютерлерде BIOS-ты сақтау үшін  флэш-жад (flash memory) микросхемасы пайдаланылады.  Олар бір құрауыш үшін ондаған мың есеге дейін ақпаратты қайта жазуға рұқсат етеді. Бұл қосылатын құрылғыларды қолдау үшін ескі қызметтерді оңай түрлендіруге немесе жаңа қызметті үстемелеуге мүмкіндік береді. BIOS-ты түрлендіру үшін жүйелік тақшасы бар жинақта жеткізілетін арнайы утилит (бағдарлама) пайдаланылады. BIOS жүйесі мыналарды қамтиды: • CMOS RAM — жүйелік уақыт пен компьютер қисыны туралы ақпаратты сақтайтын жад. • CMOS-жад аз энергия тұтынуымен, энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленеді, құрамдас аккумулятордан қоректенеді. CMOS RAM мөлшері BIOS жүйесіне кіретін Setupбағдарламасының көмегімен

өзгереді.

 

 

Оның  негізгі қызметтері:

 

1) программаға сәйкес  операцияларды орындауға арналған  компьютердің негізгі құрылғысы,  қызметтік бөлігі. Көптеген жартылай  өткізгішті элементтерден тұратын  және компьютерде барлық есептеулер  мен ақпарат өндеу жұмыстарын  орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе  бірнеше процессорлар жұмыс істейді;

2) мәліметтерді өңдеу  кезінде кейбір алдын ала есептеу  жұмыстарын немесе ұйымдастыру  қызметін атқаратын машиналық  программа.

 

Процессорды - компьютердің жүрегі десекте болады. Компьютеріңіздің есептеу жылдамадығы осы процессорға байланысты. Өндірісте процессорды Intel және AMD фирмалары шығарады. Intel-дің екі ядролық процессоры Core 2 Duo, ал AMD-нікі DualCore деп аталады. Процессордың жиілігін жоғарлатудан жарыс бітті. Процессордың жиілігі жоғарлаған сайын оның жылу бөлуі де жоғарылайды. Бұл әрине тиімсіз болды. Бұны бір корпусқа екі процессор орнату арқылы жеңді. Процессорлар такталық жиілігі, кэш жадысының көлемімен, платаға орналасатын ұяшықтарының түрімен әр түрге бөлінеді.

 

Процессордың  жиілігі 

 

Разрядтылықтан басқа  процессорда маңызды қызмет атқаратын  ол тактылық жиілігі. Ол мегагерцпен есептеледі. Бір мегагерц ол секундына миллион такт болады. 100 МГц - секундына жүз миллион такт болып есептеледі. Бір тактыда процессор қандайда бір фрагментті есептейді. Сондықтан тактылық жиілік қаншалықты жоғары болса, процессор түскен мәліметтерді соншалықты тез өңдеп беретін болады.

Процессордың  кэш жадысы.

 

 Процессор өңдейтін  мәліметтерді оперативті жадыдан алады. Әдетте процессор өзінде еш нәрсеніде сақтамайды. Ода мәліметтер өңделетін ұяшықтар өте аз. Бұл жұмыс ұяшықтары регистр деп аталады. Процессордың жұмысын жеделдету үшін көптен бері кэштеу технологиясы қолданылып жүр. Кэш бұл шағын ұяшықтық жады. Буфердің қызметін атқарады. Егер бір нәрсе жалпы жадыдан өңделсе, оның көшірмесі кэш жадыға түседі. Егер бұл мәліметтер тағы керек болып жатса, алысқа жүгінбей буферден ала салады. Процессорға мәлімет керек болса, ол бірінші регистрді тексереді. Ол жерде керек мәлімет жоқ болса, жақын жердегі кэш жадыны тексереді. Ол жердеде жоқ болса оперативті жадыдан қарайды. Бұл жерде де жоқ болса, HDD дискіге сұраныс жасайды. Бұл атқарылатын жұмысты төмендегі суреттен көруге болады.

Мәтіндік процессор. Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Компьютердің  жедел жады

 

(қысқартылған түрде –  ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа  мерзімге сақтау үшін қызмет  етеді. Кез келген бағдарламаның,  ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі  үшін іске қосу кезінде бағдарламаның  бір бөлігін жүктеуге жетел  жадтың біршама көлемі талап  етіледі. Бұл қатқыл дискіге  қатынамастан бағдарламаның маңызды  мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін  қамтамасыз етеді. Компьютерде  бір мезгілде неғұрлым көп  бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым  үлкен жедел жад талап етіледі.  Бағдарламаның жұмысы аяқталған  кезде немесе компьютерді ағытқанда  жедел жадта сақталынатын мәліметтер  өшіріледі. Жедел жад ішкі жад  болып саналады да сыртқы жадтың  мысалдары бола алатын қатқыл  дискі немесе жинақы-дискіден  ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан  кейін де ақпарат сыртқы жадта  сақталады. Жедел жадтың көлемі  мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі  заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы – компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі. Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жадты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатқыл  диск (немесе винчестер; ағылш. Hard Disk Drive, HDD) 

 

Қатқыл диск- дерек жазуға және сақтауға арналған құрылғы.

 

Қатқыл диск

Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Оның басты себебі, ферромагнитті диск жылдам айналған кезінде, санаушы бастардың сыртқы қабатына дискіні тигізбейтін ауа қабаты қалыптасады. Санаушы бас пен диск арасында бірнеше нанометр кеңістік қана қалады. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілерде бұл көлем 10 нм – ді құрайды. Санаушы бас пен дискінің бір – біріне соқтығыспауы, қатқыл дискінің жұмыс мерзімінің ұзақ уақытқа жетуіне кепіл береді. Қатқыл дискінің иілгіш дискіден басты ерекшеліктерінің бірі – ақпарат тасымалдаушы, жүйелік блоктың ішіндегі қор жинақтауышпен байланыстырылғандығында.

  «Винчестер» атауы

 

Болжамдар бойынша «винчестер»  атауы IBM фирмасында жұмыс істеген  Кеннет Хотон есімді жұмыскерге арналып  қойылған. Кеннет Хотон 1973 жылы 3340 модельді қатқыл дискіні шығаруда басшылық еткен. Бұл модельдің ерекшелігі санаушы  бастары мен диск пластиналары біріктірілген  еді. 3340 моделін құрастыруда инженерлер қатқыл дискіні 30 мБ – тан тұратын  екі модуль қолданғаның «30 – 30»  деген есіммен қалдырды. Бұл есім сол замандағы «Winchester model 1984» деген  аңға шығуға арналған қарудың «30 – 30 Winchester» атты оқтарымен түйіндес келді. Басқа да болжамдар бойынша Winchester Repeating Arms Company атты мекеменің шығарған оқтарына байланысты қатқыл дискіге  алғашында «винчестер» есімі  берілген. Winchester Repeating Arms Company мекемесінің  шығарған оқ үлгілері АҚШ – тағы алғашқы азаматтық, шағын калибрлы және түтінсіз қоспа негізінде жасалынған болатын. Бұл оқ үлгілері лезде сұранысқа  еңіп, кең таралымда болды. 1990 жылы «винчестер» атауы қолданыстан  шығып, оның орнын «винт» сөзі басқан болатын.

Ең алғашқы қатқыл диск  1980 жылы — бірінші 5,25-дюймды Winchester, Shugart ST-506 шықты, оның сақтау орыны 5 Мб-ты құраған.

Қоректендіргіш

 

Қоректендіргіш - сендердің компьютеріңнің кіштентай электростанциясі деп айтуға болады. Қоректендіргіш арқылы жүйелі блоктын барлық ішкі құрылғылары керекті нәрді лайықты кернеумен алады. Қазіргі уақытта жүйелі блоктын  иелері жүйелі блокта қандай қоректендіргіш тұрғанын және оның қандай мінездемесі бар екен білмейді. Өйткені қоректендіргіш жүйелі блоктын ішінде орнатылған күйінде келеді. Алайда оның жақсы жағы да бар, сіз қоректендіргішті бөлек сатып акеліп орнатпайсыз. Бірақ бұл адістін жетіспеушілігі де бар. Мысалы жүйелі блоктын иесі бұрынғыдан қарағанда мықтырақ процессор немесе мықты видеокарта орнатқан жағдайда қоректендіргіштін күші жетпей дербес компьютердің жұмысы нашарлап мүлдем өшіп қалуы мүмкін.


Информация о работе Дербес компьютер