Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 20:39, реферат
Деректер қоры(ДҚ)-құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. ДҚ – да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни діскілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – ДҚ құрамында сақталушы обьекті.
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық.
Иерархиялық ДҚ – ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, бір элементі негізі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі.
Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп таралған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым.