Деректер қорының теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 19:20, реферат

Описание работы

1.Деректер қоры туралы түсінік.
2. MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы.
3. Деректер базасында жұмыс жасаудың режимдері және объектілері.

Файлы: 1 файл

М.Қ реферат.doc

— 52.50 Кб (Скачать файл)

           Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

                                        

                       Ақпараттық техникалық факультеті

 

 

 

 

 

   Реферат

 

 

Тақырыбы: Деректер қорының теориясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                    Орындаған: Жынгылбаева.А.Ж

                                                                          Тексерген: Каршикенова.А.Б

 

 

 

                                            

 

                                                

                                          

                                            Семей , 2014

                                   

                                            Жоспар

 

1.Деректер қоры туралы түсінік.

2. MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы.

3.  Деректер базасында жұмыс жасаудың режимдері және объектілері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Деректер қоры - құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Деректер қорында сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни діскілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – деректер қоры құрамында сақталушы обьекті.  
Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық және тораптық. 
Иерархиялық деректер қоры – ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, бір элементі негізі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. 
Реляциялық деректер қоры – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп таралған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі         пайдаланылатын,маңызды,ұғым. 
      Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access. Оларды деректер қорын басқару жүйелері деп атайды. 
Деректер қорын басқару жүйелері дегеніміз деректер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені. 
Дүние жүзінде деректер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіруінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан.

      Деректер қоры - бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейтесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің жадындағы немесе машинамен оқылатын сақтағыштағы (магаитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы. Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады.

        Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банкідегі шоты, шығаратын өнімінің түрпаты, т. б. жатады. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғынАқпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.Ақпараттық жүйелердің түрлері. data warehouses;enterprise resource planning;enterprise systems;expert systems;geographic information system;global information system;office automation. Ақпарат жүйелері (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамаларды оқу. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; мәліметтер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде — мәліметтерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор. Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланылады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т. б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорынның өзгешеліктеріне оның атауы, мекен-жайы, банкідегі шоты, шығаратын өнімінің түрпаты, т. б. жатады.

MS Access деректер базасы. Деректер  базаның құрылымы

     Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.

     Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.

 

Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері.

        Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді. Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады. Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады. Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы. Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.

       Ақпараттық жүйелер бастапқы күйде тұрақты бар ақпаратты сақтауға, таңдауға және модификациялауға бағытталған. Ақпарат құрылымы өте күрделі, бірақ деректер құрылымы әртүрлі ақпараттық жүйелерде түрлі болып келеді, олардың арасында көп ұқсастық болады. Бастапқы кезеңде қолданылатын есептеу техникасының ақпаратты басқару үшін деректер құрылымының мәселелері әр ақпараттық жүйеде жеке шешілді. Файлдық жүйелерге (программа кітапханасы) қажетті қалпына келтірулер жүргізілді, осыған ұқсас компиляторда, редакторда жасалынатын және т.б. Бірақ ақпараттық жүйелер күрделі деректер құрылымын талап етеді, бұл деректерді басқарудың жеке қосымша құралдары ақпараттық жүйенің маңызды бір бөлігі болып табылады және практика жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге қайталанады. Біздің көз қарасымызға қарай, күрделі құрылымды деректерді басқаруға жауапты ақпараттық жүйенің жалпы бөлігін ерекшелеп және жалпылай көрсетуге тырысқанымыз ДҚБЖ құруға себепкер болды. Жақын уақытта белгілі болды, базалық файлдық жүйе тарататын деректерді сақтаудың күрделі әдістеріне  жалпы программалардың кітапханасыз болмауға мүмкін емес.

      Деректер келісімі түсінігі деректер қорының кілттік түсінігі болып табылады. Шындығында, егер ақпараттық жүйе  (тіпті қарапайым, біздің мысалдағы сияқты) бірнеше файлда келісілген ақпаратты сақтауды ұстайды, оны деректер қорын ұстайды деп те айтуға болады. Егер деректерді басқарудың кейбір көмекші жүйесі олардың келісімін қамтамасыз етіп, бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, онда оны деректер қорын басқару жүйесі деп атауға болады. Бірнеше файлдарда деректердің келісім талабы функцияның кітапханасынан тыс бола алмаса: мұндай жүйеде деректер тұтастығын анықтайтын жеке деректері мен  білімі болуы керек.

 

 
 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Горев.А Эффективная работа в СУБД. СПб.,2007

2.Дейт.К Дж. Введение в системы баз данных. Киев,2003

 


Информация о работе Деректер қорының теориясы