Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 15:17, доклад
Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару
құрылғылары (басып шығарғыш (принтер),
плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге
атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық
бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Сканерлердің негізгі екі түрі болады: · - Қол сканері · - Планшетті сканер Қол сканерлері қазіргі супермаркеттерде қолданылып жүрген штрих-кодты оқитын сканерлерге ұқсайды. Бұндай сканерлерді пайдаланып ақпаратты компьютерге енгізу үшін оны қолмен ұстап отырып, қағаздың үстімен өткізіп шығу керек. Планшетті сканерлер кәдімгі ксероксқа ұқсайды: бұндай сканерлердің қақпағы ашылып, ішіне қажетті сурет немесе мәтін орналастырылады да сканер өзіне қажетті ақпаратты көшіріп алады. Планшетті сканерлердің барлығы дерлік қазір түрлі түсті болады.
Джойстик. Бұл компьютерлік ойындар экранда жылжитын объектіні басқаруға арналған рычагты манипулятор. Джойстик қораптан және қолға ұстағыштан тұрады. Қолға ұстағышты немесе қорапта бір немесе бірнеше батырмалар болады. Ұстағышты айналдыру және батырмаларды басу арқылы компьютерге басқару әрекетін береді.
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар. Олардың ішіндегі басып шығару сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелік) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады. Матрицалық принтерлердің қағазды басып шығару сапасы мен жылдамдығы төмен, олар жұмыс кезінде шу шығарады. Сол себептен қазір бұл принтерлер көп қолданылмайды десе де болады. Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерлерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығарады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып оған жабысады. Сублимоционалдық принтерлер арнайы қағазға термобалқу технологиясы негізінде жасалған. Ол фотосурет басып шығаруда жиі қолданылады. Жарық диодты (LED) принтерлердің лазерлік принтерлерден айырмашылығы лазерлік сәулелердің орнына жарық диодты матрицалар қолданылады. Сондықтан LED принтерлері біршама арзандау болып келеді. Плакаттарды, сызбаларды, электр схемалары секілді күрделі графикалық объектілерді кең көлемді қағазға басып шығару үшін әдетте арнайы шығару құрылғысы –
Плоттер (графиктұрғызғыш) – сызбаларды қағазға шығаратын құрылғы. Плоттерлер қағаздар рулонымен жұмыс істейтін барабандық типке және планшеттік типке (қағаз парағы жазық столда жатады) бөлінеді.
Аудиоплата (sound blaster) – дыбысты шығаратын құрылғы. Оның әуенді және дыбысты мәліметті жазуға, жасауға және редакциялауға мүмкіндіктері бар. Дыбысты шығару және жазу үшін аудиоплатадан басқа дыбыстық колонкалар мен микрофондар қажет. Басқа есептеу жүйелерімен байланыс жасау құрылғылары Сенсорлық экран – жарық қаламұшының әр түрлі мүмкіндіктерін қамтитын құрылғы. Экранға жақындатып кескінді қозғауға болады, сондай-ақ компьютерге кейбір орындауға арналған командаларды беруге болады.
Модем – телефондық канал бойынша бір компьютерді екіншісімен қосуды қамтамасыз ететін құрылғы. Компьютерге қосу тәсілдері бойынша модемдер жүйелік блокқа қойылатын және сыртқы коммуникациялық портқа арқылы жалғанатын болып бөлінеді. Модемдер бір-бірінен мәліметтерді тасымалдаудың максимал жылдамдығы арқылы өлшенеді. Ол Бодпен (1 бод=1 бит/сек) өлшенеді. Факс-модем – модемнің мүмкіндіктерін қамтитын және басқа факс-модемдер мен факстік кескіндерді алмастыратын және қарапайым телефакстық аппараттар арасында да мәлімет тасымалдайтын құрылғы. Желі-адаптері – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады. ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі
Дигитайзер – дайын суреттерді (сызбаларды, карта) цифрлық түрге айналдыратын құрылғы. Планшет тәрізді тегіс беттен тұрады, үстел бетінде орналасады, және арнаулы перо құрылғысы болады сол перо арқылы планшет бетіндегі позицияны көрсетеді. Пероны планшет бетімен жылжыту кезінде оның нүктелік координаталарыанықталып отырады, ол нүктелер компьютерде өлшем бірліктерге айналады.
Трекбол – қорапша үстінде шары бар манипулятор. Қолданушы шарды айналдыру арқылы курсорды керек жеріне апара алады. Тышқаннан айырмашылығы трекбол компьтер жанынан бос орынды қажет етпейді.
УПС – үздіксіз тоқ беруші құралы.