E- Learning электронды оқЫТУ жүйесін оқу үрдісіне енгізудің мәселелері мен оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 21:34, статья

Описание работы

E-learning жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады. Электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет.

Файлы: 1 файл

СТАТЬЯ2003.doc

— 877.50 Кб (Скачать файл)

E- Learning электронды оқЫТУ жүйесін оқу үрдісіне енгізудің мәселелері мен оларды шешу жолдары

Б.А. Кабланбекова –

Өскемен қаласы, С.Аманжолов  атындағы ШҚМУ, математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Н.Ч. Абилмажинова –

Өскемен қаласы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 5B011100-«Информатика» мамандығының 4-курс студенті

 

E-learning жүйесі  бүгінгі таңда әлемнің көптеген  елдерінің білім беру жүйесіне  үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан  алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі  болып табылады. Бұл жүйені ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталықтары жүзеге асыратын болады. Электронды оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін, оқу үрдісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е-learning  жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады.  Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылған. Францияда балабақшадан бастап, үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибе сияқты көрініс тапқан.

E-learning – білімді  дамытудың және көптеген дамыған  елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр. Электронды оқыту – білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі. Қазақстанда электронды оқытуды білім беру жүйесіндегі негізгі бағыт ретінде таңдаумен ақпараттандырудың жаңа сатысы басталды. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, яғни 2020 жылға дейін 90%  e-learning электронды оқу жүйесіне көшу үшін ең басты мәселе – осы жүйені насихаттайтын қазақша әдістемелік құралдардың жоқтығы болып табылады. Қазақстанның барлық мектептері осы жүйемен жақсы танысқан болса, бұл үрдіс әлдеқайда тез қарқынмен жүрген болар еді.

e-Learning жүйесі  өз бетімен оқуды қамтамасыз  етуімен қатар, қашықтықтан оқыту технологиясы тәрізді дәстүрлі оқытудың ішкі оқыту формасына келесідей міндеттерді қояды:

- үлкен қатынау еркіндігі – кез келген жерде отырып, яғни бүкіл әлемдік ақпараттық желі арқылы білім алушылар интернеттен электронды курстарға қатынай алады;

- оқытуға қатынау үшін кететін ең төменгі баға – электронды оқыту үрдісінде білім алушы оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алмайды, оқуға қажетті білім көздерін ақпаратпен алмасу арқылы интернеттен  тегін алады;

-  электронды курс мазмұнын модульдерге бөлу мүмкіншілігі – ақпараттың үлкен емес блоктары оқу пәнін анағұрлым тереңірек және қажетті материалды табу мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді;

- оқытудың тереңдігі – тыңдаушы өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бейімделе отырып, оқыту материалының  тізбектілігі мен ұзақтылығын өзі таңдайды;

- уақыт өте келе даму мүмкіндігі – электронды ресурсты қолданушылар, оқытушылар, студенттер өз дағдылары мен және білімдерін қазіргі заманғы жаңа стандарттар мен технологияларға сәйкес дамытып отырады. Сонымен қатар, электронды курстар өз уақытылы және оперативті түрде оқыту материалын жаңартуға мүмкіндік береді;

- білімді бағалау критерийлерін анықтау мүмкіндігі – электронды оқытуда, оқыту үрдісінде студенттердің алған білімін бағалайтын, нақты критерийлер қою мүмкіндігі бар. Бұл объективті емес және кері әрекеттерді жоюға мүмкіндік береді.

e-Learning ортасы бүгінгі таңда электронды оқыту жүйесін пайдалануға арналған технологиялар мен құралдардың өте үлкен диапазонын ұсынады. e-Learning ортасының ең негізгі технологиялары мен құралдарына келесілерді жатқызуға болады: электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту курстары, электронды почта, МР3 плеерлер, CD-ROM, Web-сайттар, Коллективті жұмыс жүйелері, Блогтар, Вики, Чаттар.

Оқу контентін  әзірлеу құралдарының көмегімен  оқу материалдары және тесттер құрылып, содан кейін олар оқытуды басқару  жүйесінің мәліметтер қорына орналастырылады.  Ол арқылы тыңдаушылар оқу материалдарына қатынай алады. Ақпаратпен алмасу жүйесі білім алушыларға, оқытушыларға, эксперттер мен оқыту процесіне қатысушыларға өз араларында шынайы уақыт режимінде және асинхронды түрде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісін басқарудың вэб-интерфейсі ереже бойынша контентті басқару құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Сәйкесінше, көптеген мұғалімдерді «e-learning жүйесі дегеніміз не?»- деген сұрақтар қызықтырады.  Біздің мектептер мұндай жүйені ендіруге дайын ба?

Оқу үрдісіндегі  бұл жаңа бағыттың тез қарқын алып дамуы, көптеген мәселелердің туындауына әкелуде. e-Learning технологиясының ары  қарайғы даму жылдамдығы бүгінгі  күнде туындап отырған  мәселелердің қаншалықты шешілгендігіне байланысты болады. e-Learning технологиясының негізгі мәселелерін атап өтуге болады:

  • Электрондық курстардың баламасын анықтау мәселесі және қашықтықтан оқытуды дәстүрлі оқытумен қатар қоюдағы мәселе;
  • Және де шығарылатын курстардың тіл мәселесі. Бір тілде жасалған курстарды басқа тілге аудару өте көп қаражатты қажет етеді.
  • Ақпараттық технологиялардың біркелкі таралмауы, e-Learning технологиясының қолдану мүмкіндігін шектейді
  • Осы саланы меңгерген жоғарғы білімді білікті мамандардың аздығы;
  • e-Learning электронды оқыту жүйесін қалыпта ұстау және және курс әзірлемелердің өте қымбат тұруы;
  • Үлкен аумақтардығы  e-Learning ортасының көмегімен оқыту кезіндегі уақыт аралық айырмашылығы
  • e-Learning электронды оқыту жүйесіндегі көптеген адасулар, дұрыс бағыттың таңдалмауы, сондай- ақ e-Learning технологиясын қолдана отырып бұл салада қажетті біліктіліктері жоқ ұйымдардың санының  көп болуы.

Әрине e-learning оқыту  жүйесіндегі ерекше тұстардың бірі, ол дәстүрлі оқыту формасы негізінде қатар дамып отырған оқыту әдісі болып табылады. E-learning жүйесін ендіру мәселелері және даму перспективаларын саралай отырып, байқағанымыз - Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылдың өзінде 44 эксперименталды мектепте «Электронды оқыту жүйесі» бастау алды. Ендеше сел қозғалды – жұмысты қарқынды дамыту керек. Алдымен мектептерді электронды білім беруге қажетті ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдармен - сымсыз Wi-Fi желісін күшейту, заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивті және мультимедиялық проекторлар, көп функционалды құрылғылар, планшеттер қамтамасыз ету керек. Осы сатыдан кейін барлық орта мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мен жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімдерді дайындау жолдарының бірі тренингтік курстар жүргізу ұсынылады. e-learning электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша осы тренингтік курстардың оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтармен жабдықталуы керек.

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша барлық компьютерлер Интернетке қосылатын бір локальді желіге біріктіріліп, мектептер жылдамдығы 4-10 Мбит/сек болатын жоғары жиілікті Интернетке қосылып, оқушылар планшетті компьютер мен ноутбукке ие болады. Оқытушылар барлық оқулықтар электронды болғандықтан, бұл әдісті қолдайды. Яғни, жеңіл компьютерлер 5 килограмдық төменгі сынып оқушысын және 10 кг-дық жоғары сынып оқушысын алмастырады. Жоба сонымен қатар, оқу үрдісін толығымен автоматтандыруды қарастырады. Мысалы, оқушылар ғана емес, ата-аналары да интернет арқылы қатынай алатын, электронды журналдар, күнделіктер.  Кез келген ата-ана логин және пароль көмегімен Интернет арқылы электронды күнделікке және журналға кіріп, оқу үлгерімін, сабақ кестесін, сабаққа қатысуын көре алады.

E- learning электронды  оқуға қатысты жоғарыда аталған мүмкіндіктерді әрі қарай дамыту мақсатында, e-learning электронды оқу жүйесіне көшу үрдісін біршама тездету үшін, орта мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал жобасын ұсынамыз.

Бұл әдістемелік құралды құруда Macromedia Flash бағдарламасы қолданылды. Жалпы әдістемелік құралдың құрылымы мұғалімдерге түсінікті болуы үшін, оқу үрдісі құралдарының пайдаланылуы анимациялық түрде көрсетілген. Бұл әдістемелік құралдың басты бетінің көрінісі (1-сурет).

 

Сурет-1. Әдістемелік құралдың мұқаба беті

 

Келесі бетте  әдістеме мазмұны бес бөлімнен тұрады. Ортада орналастырылған батырмада E- Learning электронды жүйесінің жалпы анықтамысы, технологиялары мен құралдары жайында жазылған (2-сурет).

 

Сурет-2. Әдістемелік құралдың мазмұны

 

Бұл батырманы  айналдыра аңдатпа, авторлары, глоссарий, қолданылған әдебиеттер тізімі бөлімдері  келтірілген. Аңдатпа бөлімінде жалпы әдістеме кімге арналғандығы жайлы, авторлары бөлімінде жасаған студенттің және жетекшінің аты- жөні, және қатынау телефондары көрсетілді. Глоссарий бөлімінде әдістемелік құралды кезігетін түсініксіз сөздерге анықтама берілді. Ал, әдебиеттер бөлімінде әдістемелік құралды жасауға пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

E- Learning электронды  жүйесі құралдарының қолданылуы әдістемелік құралда анимациялық мүмкіндікті пайдаланып көрсетілген (3-сурет).

 

 

Сурет - 3. E- Learning электронды жүйесінің технологиялары мен құралдары

 

Құрастырылған әдістемелік құралда келтірілген  материалдар жатық, түсінікті тілде  берілген. Әдістемелік құрал орта мектеп ұстаздарына, әсіресе, шет аймақтардағы ауыл мектептерінде e-learning электронды оқу жүйесіне көшу үрдісін біршама тездетуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан e-Learning электронды оқу жүйесі порталы, http://elp.kz/
  2. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті сайты, http://www.msu.ru/
  3. Щурова Е. В. Проблемы дистанционного обучения в дополнительном профессиональном образовании //Уровневая подготовка специалистов: государственные и международные стандарты инженерного образования: сб. трудов научно-методической конференции. Томск, 2011. С. 164-165.

Склатер Н. Электронное образование  в облаке [Электронды ресурс] // Международный журнал по проблемам систем управления виртуальными индивидуальным обучением. 2010. № 1. URL: www.distance-learning.ru.


Информация о работе E- Learning электронды оқЫТУ жүйесін оқу үрдісіне енгізудің мәселелері мен оларды шешу жолдары