Есептеу жүйесінің даму тарихы. Операциялық жүйелердің компоненттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2013 в 19:19, реферат

Описание работы

Қазіргі заманғы компьютер бір немесе бірнеше процессорлардан, оперативті жадыдан, дисктерден, принтерлерден, пернетақталардан, тышқаннан, дисплейден, жүйелік интерфейстерден және басқа да енгізу-шығару құрылғыларынан тұрады. Жоғарыдағы бұл компоненттердің барлығын басқару және оларды оптимальді қолдану күрделі орындалатын тапсырма болғандықтан арнайы деңгейдегі бағдарламалық қамтаманы операциялық жүйе деп атайды.
Есептеу жүйесінің даму тарихы көптеген уақытты қамтиды. Ең алғашқы нағыз цифрлы компьютерді ағылшын математигі Чарльз Бэббидж жасады. Бұл таза механикалық машина болды, ол заманғы технология машина детальдарын және жоғары механизмді дәлдікті жасауға әлі дамымаған еді.

Файлы: 1 файл

перевод срс.docx

— 35.21 Кб (Скачать файл)

Операциялық жүйе компьютерге  қандай периферийлі құрылғы қосылғандығын  білуі қажет және ол құрылғыларды конфигурациялауы қажет. Бұл талаптар Intel және Microsoft корпорацияларының PC үшін - біріккен компьютерлік plug and play (қос және жұмыс істе) деп аталатын жүйесін жасауды талап етті. Бұл технология жүйеге автоматты түрде енгізу–шығару құрылғылары туралы ақпаратты жинауды, орталықтандырылған сұраныс деңгейлерін меншіктеп, сосын әр картаға қандай мағына меншіктелгенін хабарлайды. Бұл жұмыс компьютер жүктеуімен (загрузка) тығыз байланысты. Мұнда BIOS (Basic Input Output System–енгізу–шығарудың базалық жүйесі) деп аталатын бағдарлама бар. BIOS төменгі деңгейлі енгізу–шығару, оған қоса пернетақтаның санау процедурасын, экранға ақпаратты шығаруды жүзеге асыру және дискілік енгізу шығару бағдарламалық қамтамаларын қамтиды. Қазіргі кезде бұл бағдарлама энергияға тәуелсіз флэш–жадыда сақталады, сондай ақ BIOSта қате табылған жағдайда операциялық жүйе жаңартыла алады.

Операциялық жүйе қызмет көрсетуі үшін қолданушы бағдарламасы ядро ішінде жүйелік шақыруды жүзеге асыруы керек.

Негізгі әдебиет[]

Қосымша әдебиет[]

Бақылау сұрақтары

  1. Кэш жадының деңгейлері
  2. Процессордың түрлері
  3. Бағдарлама күйлері
  4. RAM жадысының типі
  5. Бақылаушы (контроллер)
  6. Шиналар

 

 

3.Операциялық жүйелердің типтері

Жоғарғы категорияға мейнфреймдер (үлкен әмбебап машина)– корпоративті мәліметтерді өңдеу үшін үлкен орталықтарда қазірге дейін кездесетін компьютерлер операциялық жүйесі жатады. Мыңдаған дисктер мен петабайтты мәліметтерге ие мейнфреймдер–қалыпты жағдай, ал мұндай арсеналдар персоналды компьютерлер үшін қызғаныш заты болар еді. Мейнфреймдер сондай ақ күшті веб сервер ретінде, корпоратив аралық транзакциялармен айналысатын үлкен интернет магазиндер мен серверлерде қолданылады. Әмбебап машиналардың операциялық жүйесіне мысал ретінде OS/390, OS/360 мұрагерін алуға болады. Бұл операциялық жүйелер бірте бірте UNIX операциялық жүйесінің варианттарымен алмасуда, мысалы Linux.

Деңгей бойынша сәл  төменде серверлік операциялық  жүйе тұрады. Олар өте күшті персоналды компьютерлер, жұмыс станциялары  немесе тіпті әмбебап машиналар  серверінде жұмыс жасайды. Олар бір уақытта желіде көптеген қолданушыларға аппараттық және бағдарламалық ресурстарға қатынас жасауға мүмкіндік беріп, қызмет етеді. Серверлер веб сайттарға қызмет көрсету барысында, веб беттерді сақтап және түскен сұраныстарды өңдейді. Серверлі операциялық жүйелерді ұсынушыларға Solaris, FreeBSD, Linux және Windows Server 200x жатады.

Қазіргі кезде орталық  процессорды бір жүйеге қосу кең  қолданылады, ол есептеу қуаттылығын  арттыруға мүмкіндік береді. Бұл қосылу қалай орындалатындығына, сондай ақ ортақ қолдану ресурсына қарамастан, бұл жүйелер параллельді компьютерлер, мультикомпьютерлер немесе мультипроцессорлы жүйелер деп аталады. Оларға арнайы операциялық жүйелер талап етіледі. Көп процессорлы жүйелерде көптеген танымал Windows және Linux сияқты операциялық жүйелер жұмыс жасай алады.

Келесі категорияға персоналды компьютерлердің операциялық жүйелері жатады. Олардың барлық ұсынушылары  көп функциялы режимді қолдайды. Осыған қарамастан жүктеу процесін бір уақытта орындау үшін ондаған бағдарлама іске асады.Персоналды компьютерлердің операциялық жүйесінің басты талабы жеке пайдаланушылардың жұмысынжоғары сапалы болуын қолдау болып табылады. Олар мәтінді өңдеуде, электронды кесте құрғанда және Интернет желісіне қатынауда кеңінен қолданылады. Мысал ретінде Linux, FreeBSD, Windows Vista және Macintosh операциялық жүйелерін қарастыруға болады.

Қарапайымдау жүйелерге  жақындауды жалғастыра келе, біз қалталы  персоналды компьютерлерге (ҚПК немесе PDA, Personal Digital Assistant)- яғни кішкентай компьютерлерге жеттік, олар салыстырмалы түрде шамалы ғана электронды адрес анықтамалығы немесе жазу кітапшасы сияқты функцияларды орындайды. ҚПК де жиі қолданылатын танымал операциялық жүйелерге Symbian және OS Palm OS1 жатады.

Компьютерлерде қондырылған  жүйелер жұмыс істейді, әртүрлі  құрылғыларды басқарады. Бұл құрылғыларға мысал ретінде микротолқынды пештерді, теледидарларды, автомобильдерді, DVDлерді, ұялы телефондарды және МР3 плеерлерді қарастыруға болады. Осы салаларда жақсы танымал операциялық жүйелер QNX және VxWorks болып табылады.

Кішігірім сенсорлы жүйеден  құралған желілер бір бірімен  тығыз байланысқан, әрі сымсыз каналдар арқылы әр түрлі мақсатта құрылған. Мұндай сенсорлы желілер ғимарат периметрін қорғау, мемлекет шекарасын қорғау, ормандағы өртті анықтау, температураны өлшеу және ауа райын болжау, сондай ақ шайқас алаңында қарсылас туралы ақпарат жинау үшін қолданылады. Осындай желілерді зарядталатын батареялы және қондырылатын радиожүйелі кішігірім компьютерлерден көруге болады. Олардың қуаты шектеулі, ұзақ уақыт бойы қолайсыз ашық ауада және ауа райында жұмыс істеуі тиіс. Ондай сенсорлы желілерге арналған операциялық жүйе ретінде TinyOSты атауға болады.

Нақты уақыт жүйесінің  мінездемесі: уақыт олар үшін кілтті параметр болып табылады. Мысалы, нақты  уақыт режимінде жұмыс істейтін компьютерлер өндірістік процессті  басқаратын жүйелерде өндірістік станоктарды  басқарып, оларды қолдануы қажет. Әдетте олар қатаң уақыттық талаптарға жауап беруі тиіс. Бұл жүйелерде анықталған әрекеттер уақыттың нақты сәтінде орындалатынына абсолютті кепілдік беруі тиіс. Осындай жүйелердің тағы бір түрі жұмсақ нақты уақыт жүйесі, ол уақыт мерзіміне бағынбайды, әрі ол процеске ешқандай зиян әкелмейді.

Ең кішкентай операциялық  жүйелер смарт-карталарда жұмыс жасайды. Смарт-карталардың көлемі өзінің процессоры бар кредит картасымен бірдей. Оларға процессордың есептеу қуатына және жады көлеміне үлкен талап қойылады. Кейбір смарт-карталар Java тілін қолдануға арналған.

Негізгі әдебиет[]

Қосымша әдебиет[]

Бақылау сұрақтары

  1. Мейнфрейм ОЖ функциялары
  2. Серверлік ОЖ функциялары
  3. Көп процессорлы жүйелердің функциялары
  4. Персоналды, қалталы компьютерлерде, қондырылатын және сенсорлы жүйелерге тапсырмалар.

 

 


Информация о работе Есептеу жүйесінің даму тарихы. Операциялық жүйелердің компоненттері