Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 16:41, реферат
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса , білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға , Қазақстан Рсепубликасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Технология – дайын бұйым алу үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын шикізаттың , материалдың немесе шала өнімнің пішінін , қасиетін , күйін өзгерту , оларды дайындау және өңдеу тәсілдерінің жиынтығы. Интерактивті технология – бірлесіп әрекет жасау ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушылардың топтармен жұмыс жасауға қалыптаспауы мүмкін емес.
ACTIV ote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға , бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттің көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIV ote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIV ote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды
өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға
негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау
үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының
мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда,
презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға
арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге,
көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды
енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері
бар.
Флипчарт – бұл бірнеше
қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс
аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға
және оны көрсетуге қажетті құралдардың
барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды
бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,
объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке
көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе әр түрлі форматтарда
экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім
үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге
және оны компьютермен басқаруға тағайындалған
әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті экран» бағдарламалық – техникалық
кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану
барысында олардың негізгі қызметі –
жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті
жетілдіру бағытында қолданып, сонымен
қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау
және ойын қысқа және түсінікті түрде
жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын
жаңа технология құралдары көмегімен
жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз
ете алатыны белгілі болды.
Сабақта уақытты үнемдеу
, демонстрациялық материалдар даярлау
мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған
тиімді. Информатика және басқа да сабақтарда
интерактивті тақтамен жұмыс жасаған
өте қолайлы. Мысалы информатика пәнін
алайық…
Интерактивті тақтамен үш режимінде де жұмыс жасауға болады . Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим , бұр режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны бет қағазмен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен , негізгі ұғымдарын ерекшелеу (сызу) үшін түрлі түсті қаламдарлы қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суреттер пайдалануға болады.
Екінші режим – Office режимі . Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын , яғни материалдар дайындауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының , Excel электрондық кестесінің құжаттары , Power Point – презентациясы болуы мүмкін . Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың ролі ескеріледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц-тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігі жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық материалдарын жақсы даярлау қажет , ол үшін интерактивті тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз. Оқушыға берілетін тапсырманы немесе оқушы орындауға тиісті жұмысты мұғалім бірінші өзі интерактивті тақтадан толық көрсетеді. Ал оқушылардың барлығы тақтадан тапсырманың орындалу жолдарын көріп, өз беттерінше жұмыс жасауға кіріседі.
Үшінші режим – тақтаның итерактивті режимдегі жұмысы. Бұл қайталау сабақтарын жүргізгенде өткен материалдарды қайталау қажет , сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компоненттерін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға , графикалық редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге , дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Оқу процесінде , оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың жеке тәжірибесіне , шығармашылық ізденісіне байланысты.
Интерактивті құралдарды сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгерту;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.
Интерактивті технологиямен жұмыс істеу барысында оқушылар пәннің мазмұнын ғана меңгеріп қоймайды , сонымен қатар оқығанды қорытындылауға , білімін тереңдетуге , оны белгілі бір жағдайда пайдалануға мүмкіндік алады. Оқулықтан тыс компоненттер арқылы интерактивті технология оқушылардың танымдық қызығушылығын , ынтасын арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді.
Интерактивті технологиямен жұмыс істеу біліктілігі білімді саналы түрде меңгеріп алуға , оқушылардың оқу пәніне деген ынтасын арттыруға жағдай жасайды.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделі үрдіс , ол пәнді оқып – үйренудің өн бойында үнемі жүргізіледі және ең алдымен пәнді оқып- үйрету жүйесімен анықталады.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану. Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы. Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. .Уақыт ұтымдығы. Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмеиді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.
Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
(Ұлыбритания
педагогтарының ұсынысы
- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
- Топпен тығыз жұмыс жасау;
- Конференциялар
өткізу үшін баска
- Интерактивті
тақтаны компютердің
- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер көрсету , электронды оқулықтар пайдалану;
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді:
Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану ,оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Информация о работе Интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі