Интернет туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 15:27, реферат

Описание работы

Интернеттің бір аумағының бағдарларының бейнелеуі.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Содержание работы

Интернет туралы
Интернет желісінің тарихы
Интернеттің жетістіктері
Қазақстандағы Интернет
Интернеттің негізгі принциптері
Интернет протоколдары
Бас жол мәтіні
Интернет қызметтері
Тағы қараңыз
Дереккөздер

Файлы: 1 файл

Жоспар (2).docx

— 254.56 Кб (Скачать файл)

World Wide Wed түп- түгел гипермәтіндерден  тұрады .Гипермәтін-мәтінің дара  блоктарымен байланысты ассоциациялық  түрде ұсынылған мәтін.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екенің бізге белгілі  болсын. Енді сол файлды өз компьтерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады(File Transfer Protocol- FTP).

FTP-серверінің мәліметтерімен  қатынас жасау үшін әркім стандартты  кіру сұбатын орындау керек.  Оның бір мысалы мынадай болу  керек: Open named password-FTP -серверге кірердегі  сұраныс тізбегі, мұндағы:

    • Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,
    • Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous,
    • Password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.

Интернеттің негізгі принциптері


Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен  құралған. Әртүрлі архитектуралы  және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

 

 

Интернет протоколдары


Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі  компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар  жиыны деп атайды.

Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:

    1. Қолданбалы деңгейде:
      • DNS
      • FTP
      • HTTP
      • HTTPS
      • IMAP
      • LDAP
      • POP3
      • SMTP
      • SSH
      • Telnet
      • XMPP (Jabber)
      • SNMP

Бас жол мәтіні


    1. Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде
      • SSL
      • TLS
    1. Транспорттық деңгейде
      • TCP
      • UDP
    1. Желілік деңгейде
      • BGP
      • ICMP
      • IGMP
      • IP
      • OSPF
      • RIP
      • EIGRP
      • IS-IS
    1. Арналық деңгейде
      • Ethernet
      • Frame relay
      • HDLC
      • PPP
      • SLIP

Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар  бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен  алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің  негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:

    • OSCAR
    • CDDB
    • eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп аталады)
    • BitTorrent
    • Gnutella
    • Skype

Интернет қызметтері


Қазіргі заманғы кең тараған  Интернет қызметтері:

  • Бүкіләлемдік тор
    • Веб-форумдар
    • Блогтар
    • Вики-проекттер (Уикипедия)
    • Интернет-дүкен
    • Интернет-аукцион
  • Электронды почта
  • Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
  • Файл-алмасу желілері
  • Интернет-радио
  • Интернет-теледидар
  • Электронды кітап
  • IP-телефония
  • Мессенджерлер
  • FTP-серверлер
  • IRC (веб-чаттар)
  • Іздеу жүйелері
  • Интернет-жарнама
  • Өшірілген терминал
  • Төлеу жұйелері

Информация о работе Интернет туралы