Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 20:06, лекция
Жұмыстың мақсаты: Java бағдарламалау тілімен алғашқы танысу.
Теориялық материал: бұл Internet желісінде жұмыс істейтін объектілі-бағытталған, платформалы – тәуелсіз, желі ішінде жұмыс істейтін тармақталған қосымшалардың өңдеуіне қолданылатын программалау тілі. Java жобасы 1995 жылы Sun Microsystems бірлестігінің арқасында көрсетілген болатын. Java бағдарламалау жүйесі кішкене интерактивті қолданбалы программалар - апплеттерді таратуға World Wide Web (WWW) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді.
№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Java бағдарламалау тіліне кіріспе.
Жұмыстың мақсаты: Java бағдарламалау тілімен алғашқы танысу.
Теориялық материал: бұл Internet желісінде жұмыс істейтін объектілі-бағытталған, платформалы – тәуелсіз, желі ішінде жұмыс істейтін тармақталған қосымшалардың өңдеуіне қолданылатын программалау тілі. Java жобасы 1995 жылы Sun Microsystems бірлестігінің арқасында көрсетілген болатын. Java бағдарламалау жүйесі кішкене интерактивті қолданбалы программалар - апплеттерді таратуға World Wide Web (WWW) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Олар Internet серверлерінде орналасып, таратылады, клиентке желі арқылы тасымалданады, автоматты түрде орнатылады және WWW құжатының бөлігі ретінде орнында орындалуға жіберіледі. Апплетке клиент компьютері қорларына қолжетімділігіне шек қойылған, сондықтан да ол жанама мультимедиялық интерфейсті бере алады және дисқіде сақталған мәліметтерге ешқандай ақау келтірместен күрделі есептеулерді жүргізе алады. Бағдарламалардың басқа түрі ретінде Java қосымшаларын алуға болады. Олар кез келген компьютерде, тіпті оның архитектурасына қарамастан орындалатын тасымалдана алатын кодтарды көрсетеді. Осы кезде генерацияланатын виртуалды код виртуалды Java - машинадағы (JVM – Java Virtual Machine) виртуалды код интерпретаторында орындалатын нұсқаулардың жиынтығы болып табылады. Клиенттерге сервердегі қосымшаларға және деректер базасына қолжетімділікке мүмкіндік беретін JSP ( Java Server Pages ) және сервлеттер өте кең ауқымда таралуға мүмкіндік алды.-Java тілі
Java тілі С++ тілінің синтаксисын
қолданады, бірақ объектілік
Тіл кластарының жүйелік кітапханасы кластар және пакеттерден тұрады, олар тілдің әртүрлі базалық мүмкіншіліктерін жүзеге асырады. Бұл кітапханаларға қосылған кластардың әдістері JVM-нан Java – бағдарламаның интерпретациясы кезінде шақырылады. Java-да бағдарламаның барлық объектілері динамикалық жадта орналасқан (heap) және стектерде сақталынатын объекті сілтемелер арқылы қолжетімді. Бұл шешім жадқа тікелей қолжетімсіздікке мүмкіндік берді, бірақ массив элементтерімен жұмыс істеуді қиындатып жіберді. Java тіліндегі объектілі сілтемелер өздері бағытталып тұрған объектілердің класы туралы хабардан тұрады. Сондықтан да объектілі сілтемелер дегеніміз, көрсеткіштер емес, олар объектілердің дескрипторлары. Дескрипторлардың болуы JVM-ге код интерпретациясы фазасында типтердің сәйкес келуін тексеруге мүмкіндік береді. Java-да жадты динамикалық бөлу концепциясы да қайта қарастырылған: динамикалық бөлінген жадты босату тәсілдері жоқ болады. Оның орнына new (қоқыс жинаушысы) операторының көмегі арқылы көрсетілген жадты автоматты түрде босату жүйесі іске асырылған. Java - бағдарламаларда класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы әрқашан да тек қана бір файлда болады.Java тілі операторларды қайта жүктеуді және typedef, белгісіз бүтіндерді (егер ол ретінде char- ды есептемесек) қолдамайды. Java-да көптік мұрагерлік жоқ, тек құрастырушылар бар, бірақ деструкторлар жоқ (қоқысты автоматты түрде жинастыру қолданылады), тілдің кейінге сақталған сөздері бола тұрса да, goto операторы және const сөзі қолданылмайды.
Java тілінде пайда болған
маңызды мүмкіндіктер
Жұмыстың мазмұны:
1 – бағдарлама. Қарапайым программа.
public class Hello {
public static void main(String[] args) {
System.out.print("Java әлеміне қош келдіңіз!");
}
}
Аталған бағдарлама хабарламаны консольге (немесе бұйрық қатарына) шығарады. (01) қатарындағы Hello атаулы кластың сипаттамасы келтіріледі, онда тек бір ғана main()(02) әдісі бар. Бағдарлама іске қосылған кезде басқару осы әдіске беріледі және хабарлама жылдам консольге шығарылады.
Ең басында процестің қалай жинақталғанын түсінуге тырысып қажеті жоқ, тек мынаны есте ұстаған жөн: түйін print әдісін қолданатын System.out тұрақты шығару объектісі деп аталатын құрылыммен орындалады. Println әдісі қатар шығарылуынан соң курсордың жаңа бір класқа өтуін орындауға мүмкіндік береді.
2 – бағдарлама. Мәтінді бірнеше қатарлармен шығару.
public class Hello2 {
// Java қосымшасы орындалуда, main әдісінен басталады
public static void main(String[] args) {
System.out.println(" Java \nәлеміне \nқош \nкелдіңіз!");
} // main әдісінің аяқталуы
} // Hello2 класының аяқталуы
Жұмыс бойынша тапсырмалар:
№ |
Тапсырма |
1 |
Консольге келесі символдар жиынын шығару: а=1, c=a+1 m=2, n=3 теңдеулер шешімі b=6, d=b*2-1 p=4, g=5 түбірлерді табу |
2 |
Консольге келесі символдар жиынын шығару: 1 1 2 3 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5 6 7 |
3 |
Консольден n бүтін сандарды шығару және тақ пен жұп сандарды табу. |
4 |
Консольден 3 пен 9-ға бөлінетін n бүтін сандарды шығару. |
5 |
Консольден 5 пен 10-ға бөлінетін n бүтін сандарды енгізу. |
6 |
Консольден n бүтін сандарды енгізу және осы сандар ішінен жай сандарды табу. |
7 |
Консольден n бүтін сандарды енгізу және олардың арасынан Фибоначчи сандарын табу: f0=f1=1, f(n)=f(n-1)+f(n-2) |
8 |
Мәндері тура және кері ретте сәйкес келетін полиндром сандарды шығару. |
9 |
Консольден n бүтін сандарды енгізу, онда n және m екі бүтін оң сандары үшін p = m/n ондық бөлшегінің периодын шығару. |
10 |
Консольден n бүтін сандарды енгізу, енгізілген n үшін Паскаль үшбұрышын құру. |
11 |
Жаңа қатарға өтуі бар және жоқ үш қатарды шығаратын қосымша жазу. |
12 |
Бұйрық қатарынан құпиясөз енгізу үшін қосымша жазу және оны үлгі-қатармен салыстыру. |
13 |
Қатарларды бұйрық қатарының аргументтері түрінде болатын енгізу және олардың консольге шығарылу бағдарламасын жазу. |
14 |
Құрушының тегін, тапсырману алған күні мен уақытын, сонымен қатар тапсырманы тапсыру күні мен уақытын шығарып беретін қосымша жазу. Соңғы күні мен уақытын алу үшін java.util.* дестесінің Date класын (Date d = new Date(); жариялануы) немесе System.currentTimeMillis() әдісін қолдану. |
15 |
n санын m-ші дәрежеге шығаратын бағдалама жазу. Кіру деректері пернетақтадан келіп түседі. Нәтижесі экранға шығарылады. |