Электробайланыс жүйелері мен желілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2015 в 05:36, лекция

Описание работы

Электробайланыс жүйесі бір немесе бірнеше электробайланыс арналарын екі пункт арасында ұйымдастыруға арналған техникалық құралдар мен жабдықтар комплексі(кабельдер, аппараттық жабдықтар, күшейткіштер, сызықтық радио станциялары, спутникті байланыс және т.б.) болып табылады. Олар бірарналы және көпарналы болып бөлінеді.

Файлы: 1 файл

5. Электробайланыс жүйелері мен желілері.docx

— 37.00 Кб (Скачать файл)

Электробайланыс жүйелері мен желілері

Қарапайым қолданушыларға арналар арқылы сигналдардың жетуі қажет емес. Ал мамандарға келетін болсақ, оларға қазіргі байланыс қызметі нарығынан техникалық және экономикалық тұрғыдан оптималды шешіге жауап беретін құралдар таңдауға қажет.

Электробайланыс жүйесі бір немесе бірнеше электробайланыс арналарын екі пункт арасында ұйымдастыруға арналған техникалық құралдар мен жабдықтар комплексі(кабельдер, аппараттық жабдықтар, күшейткіштер, сызықтық радио станциялары, спутникті байланыс және т.б.) болып табылады. Олар бірарналы және көпарналы болып бөлінеді.

Электробайланыс жүйесі негізінен арналық аппаратура мен жіберу арналары жатьады(link). Қарапайым бірарналы үйеде арналық аппаратура екі симметриялы сигнал аудару құрылғыларынан тұрады. Бұл құрылғылардың болу себебі, электробайланыс арнасына келген алғашқы сигнал арна арқылы жіберілмеуі мүмкін, сондықтан алғашқы сигналды екінші сигналға аудару керек.

Бірарналы жүйелер көбінесе, әр арнаға жеке байланыс ортасын беру оңай болғанда қолданады. Мысалы, кішкене ауылды мекендерде әрбір арнаға жеке сым тартылады. Өйткені, көпарналы байланыс құралдары қымбатқа түседі. Ал, көпарналы жүйеге келетін болсақ, оны қаларалық, жоғары қашықтағы арналарды біріктіруге пайдаланады, өйткені, бұл жағдайда әр арнаға жеке сым тарту тиімсіз болады.

Бір физикалық жіберу ортасы арқылы көп арналы жүйе ұйымдастыру үшін, тығыздау және мультиплексор деп аталатын қосымша құрылғылар қажет. Мультиплексор құрылғысы көпарналы  жүйе кірісінде орналасады және ол бірнеше арнаның сигналдарын бір ортақ сигналға бірітіреді, бір ортақ сым арқылы жібереді. Көпарналы жүйенің қабылдаушы құрылғысы, қабылданған ортақ сигналды қайтадан, кері демультиплексирлеу амалын орындайды, яғни, ортақ сигналды құрамдас сигналдарға бөліп, сәйкес арналарға жіберіп отырады.

 

Электробайланыс жүйелері:а)бірарналы,б)көпарналы.

 

20 ғасырдың басында көпарналы  жүйелер арқылы 8 телеграфтік сигнал жібере алса, қазіргі спутникті, радиорелелік және оптикалық жіберу орталары арқылы, 10 мыңдаған телефон сөйлесулерін жібере алады.

Жіберу орталары

Байланыс жүйелерінің негізгі және қымбат бөлігіне жіберу орталары жатады. Өйткені олар арқылы сигналдар жіберіледі. Жіберу ортасы тұтас немесе аралық құрылғылармен біріккен бөліктерден тұруы мүмкін. Жіберу ортасының түріне байланысты олар – сым арқылы және сымсыз болып екіге бөлінеді.

Сигналды күшейту және қалпына келтіру.

Жіберу ортасының қасиеттері қандай жоғары болғанымен, олар арақашықтық үлкейген сайын әлсірейді немесе мүлдем өше бастайды. Әрбір жіберу ортасының дұрыс сигнал жібере алатын белгілі арақашықтығы болады. Егер екі пункт арасындағы қашықтық бұл көрсеткіштен жоғары болса, оны сигналды күшейтетін құрылғылармен бөлінген бірнеше бөліктерге бөледі.

Егер жіберілген сигнал аналогты болса, онда күшейткіш құрылғысы сигналдың формасын қалпына келтіреді. Ал, жіберілген сигналды санды түрде болса,

 
Аналогты беру жүйесінде кедергілердің жиналуы

Ал, сандық сигналдарға келетін болсақ, бұндай жіберу жүйесінде  сигналдың формасы қажет емес. Өйткені, мұнда сигналдар импульс арқылы беріледі және сигналға кедергілер әсер етпейді. Бірақ сандық жіберу кезінде қателіктер пайда болуы мүмкін және оларды шешу үшін арнайы қатеге қарсы кодтау жүйелерін қолданады.

Электробайланыс желілері

Егер байланысуға қажетті бірнеше пункттерді ортақ біріктіру керек болса – электробайланыс желілері құрылады. Электробайланыс желілері өте қымбат жүйелер және оларды құруға, дамытуға ондаған жылдар жұмсалады. Ғылыми техникалық даму нәтижесінде дүние жүзі бойынша әр елдерде әртүрлі қызмет көрсететін, бір-бірімен біріктірілген әртүрлі электробайланыс желілері құрылымы қалыптасқан.


Информация о работе Электробайланыс жүйелері мен желілері