Электрондық үкімет» веб-порталы «бір терезе»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 11:00, реферат

Описание работы

Электрондық үкімет» веб-порталы «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыру механизмі болып табылады. Елімізде «электронды үкімет құру идеясын мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын.
2004 жылғы 10 қарашада «электронды үкіметті» ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға ар-налған мемлекеттік бағдарламасы» Президент Жарлығымен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын. Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 18.04 Кб (Скачать файл)

Электрондық үкімет» веб-порталы «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыру механизмі болып табылады. Елімізде «электронды үкімет құру идеясын мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білдірген болатын.

2004 жылғы 10 қарашада «электронды үкіметті» ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға ар-налған мемлекеттік бағдарламасы» Президент Жарлығымен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын. Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату. Екінші кезеңі — мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады. Үшінші кезеңде — қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету. Төртінші кезеңде — ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру. Осы “Электронды үкімет” порталы озық технологияларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғаларға онлайн режимде алуға болатын 70-тен астам қызметтерді ұсынады. Осы қызметтерді пайдалану үшін сіздің жеке электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) болуы қажет. Ол үшін тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу керек. Осы күнге дейін елімізде 3,5 миллионға жуық ЭЦҚ алған (заңды және жеке тұлғалар) азамат тіркелген. Енді осы жерде «ЭЦҚ-ның не керегі, оның пайдасы не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оның сізге әкелер пайдасы көп. Сіз «Электронды үкімет» порталында тіркеліп, үйде отырып-ақ онлайн режимде мемлекеттік органдардың қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Басқаша айтқанда, ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, уақытыңызды және мүмкін боларлық жол шығындарын үнемдейсіз. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ЭЦҚ-ны алуға және пайдалануға құқылы. Яғни, туу туралы куәлігін алған кішкентай баладан бастап егде жасқа келген аға-апаларымызға дейін порталдың қызметіне жүгіне алады. Еgov.kz порталы арқылы тағы да біршама анықтамалар (сәбидің туу туралы куәлігін, неке туралы немесе некенің бұзылғаны туралы анықтамалар, зейнетақы жарналары туралы көшірме және т.б.) алуға болады. Сондай-ақ, түрлі төлемдер: салықтар, мемлекеттік баж салығы және тіпті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл рәсімдеуге болады. Үкіметтің мақсаты – мемлекеттің халыққа көрсететін барлық қызметін электронды қызмет түріне ауыстыру, бұл назар аударуға әбден лайық. Өз уақытыңызды кетіріп, жүйкеңізді жұқартудың, ұзын сонар кезекке тұрып, шенеуніктердің табалдырығын тоздырудың, күнделікті өмірімізде кездесіп жүргендей, терезенің ар жағындағы қызметкердің дөрекілігіне бетпе-бет келудің қажеті жоқ. Сонымен қатар қызу әңгіме үстінде «Е-лицензиялау» деген ұғым да айтылып, талқыланды. 2009 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталған. «Е-лицензиялау», лицензия алуға өтініш берген адамның, оның өтінімін қарау жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып жатқан адам мен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларды «ЭЦҚ-ның көшірмесін жасау мүмкiн бе, біреулер кейін жасаса не болмақ?» деген сұрақ толғандырды. Оған «Алматы қаласы жастары Конгресі» ҚБ атқарушы директоры Д.Сүтбаев: «Қазақстандағы және әлемдегі ЭЦҚ-ны пайдаланудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оның жасанды көшірмесін жасау мүмкін емес. Ұлттық куәландыру орталығы банктiк жүйені клиенттердiң пластикалық карточкасының кодтарын бұзудан қорғауы арқылы қолдың иесін сәйкестендіреді және ЭЦҚ құралдарымен оны қамтамасыз етедi. Жабық кiлт құпия сақталады және ол тек қана оның иесіне белгiлi болады. Одан басқа ешкiм электрондық қолмен құжатқа «қол қоя» алмайды. Сонымен бірге, электрондық құжатты қабылдаған кез келген мемлекеттiк орган құжаттың иесi қол қойғанын және құжаттың бұрмаланбағанын тексере алады. Осылайша ЭЦҚ-ны бiр құжаттан басқаға көшiру мүмкiн емес» деген орынды жауап қайтарды. Қуанышбек Ерниязов (ҚазҰУ, экономика-бизнес жоғарғы мектебінің 4-курс студенті): «Электронды үкімет қызметі іске қосылған кезде бұл жаңа қызметтерге деген көзқарасым жақсы болды деп айта алмаймын. Алайда, бұл үкімет қоғамымыздың оң дамуы мен бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарына кіруге маңызды рөл атқаратынын түсіндім. Дәл қазір мемлекеттік мекемелердің жұмысын электронды құжат айналымы жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан электронды үкіметтің қызметін бүкіл Қазақстанда жоғары деңгейде пайдалану үшін ғаламтордың жедел және кең таратылуына ықпал жасау қажет деп ойлаймын».

Айжан Бекова (ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің сарапшысы): «Бүгінде Е-gov.kz «электронды үкімет» порталында еліміздің азаматтары үшін мемлекеттік органдардың 74 электронды қызметі ұсынылған. Осылардың ішінде ерекше сұранысқа ие болғандар: Әділет, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен салық комитетінің қызметтері. Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік қызметтерді қолжетімді, пайдалануда жедел әрі тиімді етіп ұсыну – бәсекеге қабілетті қоғам құруда маңызды қадам. Бұндай қоғамды, сөзсіз, тек электронды инфрақұрылымы дамыған елде ғана құруға болады».

Дамыған АҚШ, Канада, Ұлыбритания сынды елдер «Электронды Үкіметті» құру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту арқылы мемлекеттік аппараттың жұмыс істеуінің мүлде жаңа, мейлінше тиімді моделін құрып, нәтижесін-де халыққа «мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа формалары ұсындық», «қоғам үшін мемлекет жүргізіп отырған саясат туралы ақпарларға жол ашылды», «меморгандар жұмысы ашық, айқын және жария бола бастады» деп хабарлаған. Ал біздің еліміздегі бағдарламаны жүзеге асырушылар Электронды үкімет мемлекеттік билік органдарының ведомствоаралық электронды әрекеттесуі бірыңғай ақпараттық-технологиялық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастырып, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға көмектеседі деген сенімде.

 


Информация о работе Электрондық үкімет» веб-порталы «бір терезе»